• Басты
  • Елордалық білім беру орындарындағы жүйені ретке келтіру жүзеге асырылады
20 Қыркүйек, 2019 09:01

Елордалық білім беру орындарындағы жүйені ретке келтіру жүзеге асырылады

Студенттерді жатақханаға орналастыру бойынша елордалық білім беру ұйымдарының қызметі ашық емес. Ал қоныстанушыларды қабылдау және тіркеу қағаз жүзінде және ешқандай бақылаусыз «ескі әдіспен» жүзеге асырылады. «Nur Otan» партиясының астаналық филиалында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесте осы және тағы басқа мәселелер талқыланды, деп хабарлады  Strategy2050.kz.
Елордалық білім беру орындарындағы жүйені ретке келтіру жүзеге асырылады | Strategy2050.kz
«Ашық бюджеттердің интерактивті картасына» келіп түскен өтініштердің статистикасына сәйкес шағымдар келесі санаттарға бөлінеді: мектептердің қажеттілігіне заңсыз ақша жинау, біліктілігі жоқ оқытушылар құрамы, мектептердің қанағаттанарлықсыз жағдайы, мектептегі тамақтануға көңілі толмаушылық және тағы басқалар», - деді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі департаментінің жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімі басқарма басшысының міндетін атқарушы Марат Хайруллин.

 Қалалық білім беру басқармасының жетекшісі мектеп ақысын сынға алды, бірақ көбінесе оқушылардың ата-аналары өз бетінше ақша жинауды ойлап шығарғанын атап өтті. Мысалы, мұғалімдерге сыйлықтар және тағы басқалар. Олар Қоғамдық кеңесте оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті, мектеп асханаларында тамақ өнімдерінің сапасын бақылау, мектеп балабақшаларында орындардың болмауы, қаржылық рәсімдердің ашықтығы туралы айтты.

 Жыл басынан бері білім басқармасына кеңсе, мониторинг орталығы, интернет –ресурсы ББ арқылы 18 мыңға жуық өтініш келіп түсті, олардың 70% -ы мемлекеттік балабақшалардағы кептелу мәселелеріне қатысты.

Қоғамдық кеңестің қорытындылары бойынша Кеңес мектеп пен балабақша басшыларының жеке жауапкершілігін арттыру, білікті кадрлардың жетіспеушілігін жою шаралары және т.б кешенді шаралар қабылдауды ұсынды.

Еске салайық, партияның қалалық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің жаңа құрамы жұмыс форматын қайта қарады. «Адам және заң» газетінің бас редакторы Марат Башимов СЖҚҚК төрағасы болып сайланды. Сондай-ақ, тізімге үкіметтік емес ұйымдардың, ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері, заңгерлер, блогерлер, мектеп директорлары, медицина қызметкерлері және мәдениет қызметкерлері кіреді.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды