• Басты
  • Елордада Жолдаудың өзекті трендтері талқыланды
11 Қазан, 2019 18:11

Елордада Жолдаудың өзекті трендтері талқыланды

Нұр-Сұлтанда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың төрағалығымен ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Елордада Жолдаудың өзекті трендтері талқыланды

Кеңес отырысын аша отырып, министр Д.Абаев министрлік Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілетінін, осыған байланысты кеңес отырысының күн тәртібі Жолдаудың өзекті трендтері бойынша құрылғанын атап өтті.

«Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында әлеуметтік саясат пен азаматтық секторды дамытуға баса назар аударды. Осыған байланысты мемлекеттік органдар мен жұртшылық өкілдерінің мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимыл механизмдерін жетілдірудегі бірлескен жұмысы қажет болып отыр» - деп атап өтті Д.Абаев. 

Кеңес отырысына қатысушылар қылмыстық-атқару жүйесін дамытудың 2019 - 2023 жылдарға арналған Жол картасын және полиция қызметіне қоғамдық бақылауды күшейту жөніндегі Жол картасын іске асыру, Азаматтық бақылау құралдарын енгізу және мемлекеттік функцияларды коммерциялық емес секторға беру мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде 2025 жылға дейін Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының жобасында ҮЕҰ, қоғамдық кеңестер, сараптамалық қоғамдастық, азаматтық белсенділерді кеңінен тарта отырып, азаматтық бақылау жүйесін енгізу, мемлекеттік функцияларды үкіметтік емес секторға беру процесінің белсенді фазасына көшу және т.б. шаралар көзделгенін хабарлайды.

Негізгі баяндамашылар «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» ҚҚ президенті, «Десента» ҚҚ директоры, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Ұлттық экономика, денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері болды. 

Кеңес отырысының жұмысына ірі ҮЕҰ басшылары мен орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Сондай-ақ кеңес отырысына бейнеконференция байланысы режимінде өңірлер қосылды.

   ҚР АҚДМ жанындағы Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды