- Басты
- Елордада жолдағы жазатайым оқиғалар саны азайды
Елордада жолдағы жазатайым оқиғалар саны азайды

"2017 жылы Нұр-Сұлтанда цифрландыру бағдарламасына сәйкес "Сергек" камераларын орнату басталды. Бұл мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы болып табылады. Жалпы, жоба 13 мың камераны орнатуды және біріктіруді қарастырады. Сонымен қатар қаланың 400 қиылысы мен 300 желілік учаскелеріне аппараттық және бағдарламалық жүйелерді, адамдар көп жиналатын жерлерде 4 мың камераны және 3 қосымша камераны қаланың бейнебақылау жүйесіне біріктіруді мақсат етеді. Аталған жобаны дайындауда Назарбаев университетінің ғалымдары қатысты. Олар жасанды интеллект пайдалану арқылы машина нөмірлері тану секілді технологиялық жағын жасады. Мұны біз отандық өнім деп айта аламыз", - деді ол.
Оның сөзіне сүйенсек, талған жоба №1 және №2 іске қосу секілді екі кезеңнен тұрады. Оның айтуынша, аталмыш жобаны жүзеге асырудың бірінші кезеңі 2018 жылы аяқталған.
"Сергек" жобасының алғашқы кезеңін іске асыру өткен жылы аяқталды. Нәтижесінде 800 қарапайым бейнебақылау камерасы, қиылыстағы 200 ауылшаруашылық кешені, желілік учаскелердегі 300 ауылшаруашылық кешені елорданың коммуналдық меншігіне берілді. Ал 1200 үшінші тараптық бейнебақылау камералары біріктірілді", - деді Бекмұрзаев.
Сондай-ақ ол қазіргі таңда аталмыш жобаның екінші кезеңі жүзеге асырылып жатқанын атап өтіп, нақты істелініп жастқан жұмыстарға тоқталды.
"Қазіргі уақытта жобаның екінші кезеңі аясында 3200 бейнебақылау камерасы, қиылыстарда 200 ауылшаруашылық кешені орнатылып, іске қосылды. Ал 1800 камера біріктірілді. Қазіргі уақытта жабдықты сертификаттау және коммерциялық пайдалануға беру, содан кейін оны қаланың коммуналдық меншігіне беру бойынша шаралар қабылдануда", - деді ол.
Сонымен қатар басқарма басшысы жобаны іске асыру барысында "Сергек" жобасы елорда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік бергенін айтып өтті.
"2018 жылдың қорытындысын 2017 жылмен салыстырғанда елордадағы жазатайым оқиғалар саны 10 пайызға, яғни, 583-тен 528-ге дейін азайып отыр. Ал жолдағы өлім-жітім екі есеге төмендеді, яғни, 60 оқиғадан 34-ке дейін. Сонымен бірге жазатайым оқиғалардан болатын жарақат алу 10 пайызға азайды. Ресми статистикаға сүйенсек, ағымдағы жылдың он айында астаналық жолдарда болған жол апатында 29 жағдайда кісі өлімімен аяқталған. Яғни, бұл көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 2 жағдайды, ал Алматыда - 5,4 жағдайды, Шымкентте - 5,1, жағдайды құрап отыр. Сондай-ақ орташа республикалық көрсеткіш - 7,2 жағдай", - деді басқарма басшысы.
Бұдан бөлек оның сөзіне сүйенсек, бейнебақылау жүйесін енгізу елордада болатын қылмыстардың алдын алуға септігін тигізген. Мәселен, ел асатанасында қоғамдық орындарда қылмыс деңгейі 44 пайызға азайған.
"Ел астанасына бейнебақылау камераларын орнату, сонымен қатар елорданың ең криминогендік аймақтарын да бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз ету арқылы Нұр-Сұлтандағы қоғамдық орындарда қылмыс деңгейі 44 пайызға төмендеді. Ал ауыр қылмыстар, атап айтсам тонау, бопсалау, ауыр жарақат алу секілді қылмыс саны 39 пайызға азайды. Сонымен бірге ауыр қылмыстардың, кісі өлтіру, зорлау сияқты қылмыс 18 пайызға төмендеді", - деді ол.
Сондай-ақ, оның айтуынша, ағымдағы жылы 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қарақшылық, тонау, бопсалау, ауыр жарақаттану секілді ауыр қылмыстар саны 39 пайызға төмендген. Ал кісі өлтіру, зорлау сияқты аса ауыр қылмыстар саны 18 пайызға азайған.
Бұдан басқа баспасөз мәжілісіне қатасып, журналистердің сұрағына жауап берген Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік полиция басқармасының бастығы Елжан Чупеков жол жүру ережелерін бұзған шетелдік көліктердің жағдайына тоқталып өтті.
"Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан полиция департаменті қала аумағына кірген шетелдік көліктерді бақылауға алды. Жол жүру ережелерін бұзған жағдайда "Сергек" камералары арқылы иелері анықталады. Тиісті қатаң әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бүгінгі таңда жол ерелерін бұзған бірнеше көлік иелері ұсталды. Оларға айыппұл салынды. Ол көліктер комуналдық тұрақтарға қойылады. Алайда шетелден келген көліктерді айдауға, егер де ешқандай жол ережесін бұзбаса, тыйым салынбайды", - деді Елжан Чупеков.
Назерке Сүйіндік
-
Елордада Н.Назарбаевтың бейбітшілік пен толеранттылық моделі талқыланды
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің төрағалығымен «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының» ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне және Халықаралық толеранттылық күніне орай «Н.Назарбаевтың бейбітшілік пен толеранттылық моделі» атты халықаралық конференция өтті.
29 Қараша 2019, 12:08
-
Елордада Тұңғыш Президент күніне орай кино апталығы басталды
Елордада ҚР Тұңғыш Президент күніне орай кино апталығы өтіп жатыр. Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралар онкүндігінің аясында Елбасы кітапханасында кино апталығының тұсауы кесілді. Шараның ашылуында басты қонақ Елбасы рөлін сомадаған актер, әнші, Мәжіліс депутаты Нұрлан Әлімжанов болды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
26 Қараша 2019, 18:13
-
Елордада Таеквондодан ашық республикалық турнир өтіп жатыр
Елордада Таеквондодан ашық республикалық турнир, Кореяның Қазақстандағы елшісінің кубогы өтіп жатыр. Турнир екі күнге созылады. Бүгінде Таеквондомен 20 мыңға жуық қазақстандық айналысады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
25 Қараша 2019, 17:25
-
Елордада «Make it possible» республикалық спартакиадасы жалауын көтерді
Нұр-Сұлтан қаласындағы Nazarbayev University атлетикалық орталығында республикалық «Make it possible» спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мүмкіндігі шектеулі және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жасөспірімдер арасында өтіп жатқан спартакиада елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылуда.
25 Қараша 2019, 09:09
-
Жоюға тапсырылған ескі көліктердің саны 120 мыңнан асты
Соңғы үш жылда жоюға тапсырылған ескі көліктердің саны 121 477-ге жетті. Тозығы жеткен көлігін өткізген қазақстандықтарға 11,5млрд теңге қаражат төленді, деп хабарлады ӨКМ Операторы баспасөз қызметі.
21 Қараша 2019, 11:45
-
Елордада Тұңғыш Президент күніне орай көрме ашылды
Елордада Тұңғыш Президент күніне орай өтіп жатқан Елбасы кітапханасы онкүндігінің аясында "Жастар - елдің тірегі" атты көрме ұйымдастырылды,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
20 Қараша 2019, 17:43
-
CSI: Елордада Жаңа экономикалық саясат тұжырымдамасы таныстырылды
Жаңа экономикалық саясаттың тұжырымдамасы Стратегиялық бастамалар форумында таныстырылды. Іс-шараға қатысушылар аталған тұжырымдаманың тиімділігі мен оны жүзеге асырудың тетіктері туралы талқылады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
20 Қараша 2019, 13:54
-
Елордада Адам құқықтары диалогы басқосулары өтті
Нұр-Сұлтан қаласында Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы Әділсот және ішкі істер мәселелері бойынша кіші комитетінің 17-ші отырысын және Адам құқықтары бойынша 11-ші диалог басқосуын өткізді. Биыл қос кездесу Қазақстандағы саяси өзгерістер мезеті мен Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің (КӘЫК) ЕО-ға мүше мемлекеттермен толық бекітілуі аясында ЕО-Қазақстан арасындағы өзара ынтымақтастықтың маңызды кезеңімен тұспа-тұс келді. Талқылаулар сындарлы және ашық диалог жағдайында өтті.
20 Қараша 2019, 12:10
-
Елордада қандай халықаралық іс-шаралар өтеді
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 19 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Германия Федералдық Сыртқы істер министрлігінің Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық мәселелері бойынша уәкілетті өкілі Михаел Зибертпен кездесуі өтетінін айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz.
18 Қараша 2019, 18:13
-
Елордада инклюзивті білім беруді ақпараттандыру бойынша үздік жұмыстардың авторлары марапатталды
Нұр-Сұлтан қаласында БАҚ өкілдері, медиа-мамандар және әуесқойлар арасында инклюзивті білім беруді ақпараттандыру бойынша үздік материалдарға "Әр бала мектепке лайықты" атты байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
18 Қараша 2019, 15:17
-
Елордада 2021 жылы Жер фестивалі өтеді
6-7 қараша аралығында Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы төралқасының төрайымы Әлия Назарбаева бастаған, құрамында Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының басшысы Рамазан Жәмпейісов және Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының Стратегиялық даму департаментінің директоры Мәдина Жиенбаева қатысқан делегация Монако қаласында өткен форумға белсене қатысты.
07 Қараша 2019, 17:31
-
Елордада үздік әлеуметтік жобалардың көрмесі өтіп жатыр
Елордада "Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары" республикалық көрмесі өтіп жатыр. Алғаш болып сөз алған аталған көрменің негізін қалаушы, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығының" президенті Тамара Дүйсенова үздік деген бірқатар жобаны таныстырды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
01 Қараша 2019, 16:31
-
Елордада міндетті әлеуметтік сақтандыруды дамыту мәселелері талқыланды
Қазақстанның астанасында «Халықты әлеуметтік қорғауды жаңғырту жағдайындағы міндетті әлеуметтік сақтандыру» атты республикалық семинар өтті, онда қазақстандық сарапшылар мен әлеуметтік қызметкерлер Ресей, Грузия, Әзербайжан, Қырғызстан және Тәжікстандағы әріптестерімен бірлесіп әлеуметтік сақтандыруды дамыту перспективаларын талқылады.
01 Қараша 2019, 12:26
-
Жол-көлік оқиғалары – қоғам өміріне қауіп
Қазақстанда ғана емес, дүниежүзі бойынша жол-көлік оқиғалары мен соның салдарынан болатын өлім мен жарақат фактілері азаймай отыр. Адамдардың көлік құралдарына деген сұранысының арту тенденциясымен қатар, оны пайдалану барысында қоғам өміріне қауіп тудыратын жағдайлардың да көбейгендігін байқауға болады. Соңғы жылдары өзектілігін жоғалтпаған өзекжарды мәселеге Президент Қ.Тоқаев ерекше көңіл бөліп, заң бұзушыларды қатаң жазалауды тапсырды.
31 Қазан 2019, 13:41
-
ШОК субъектілерінің саны 1, 6 млн бірлікті құрады – Ж.Мәдиев
ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мәдиев Үкіметте өткен баспасөз конференциясында кәсіпкерлікті дамыту және елде бизнес-климатты жақсарту туралы, Қазақстанның «Doing Business» рейтингінде позицияларын жақсарту туралы айтып берді.
28 Қазан 2019, 16:16
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды