• Басты
  • Елордада жедел жәрдем қызметі күніне 3000-ға жуық қала тұрғынына көмек көрсетеді
24 Маусым, 2020 11:47

Елордада жедел жәрдем қызметі күніне 3000-ға жуық қала тұрғынына көмек көрсетеді

Ел астанасында жедел жәрдем қызметі күніне 3000-ға жуық қала тұрғынына көмек көрсетеді. Бұл туралы КВИ эпидемиясы жағдайында жедел жәрдем қызметі туралы өткен баспасөз мәжілісінде Нұр-Сұлтан қаласының қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының директоры Мұрат Оразбаев айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

	Елордада жедел жәрдем қызметі күніне 3000-ға жуық қала тұрғынына көмек көрсетеді

Мекеме басшысының сөзінше, Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты бүгінгі таңда 103 қызметінің  жүктемесі  артқан.

"Маусым айынан бастап қоңыраулар саны 4 есе өсті. Күніне Нұр Сұлтан қаласының тұрғындарынан 4000-нан астам қоңырау келіп түседі. Шақыртулар саны екі есе өсті, яғни  күніне шамамен шығу бригадасы 3000 жуық қала тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді.  Бұл үлкен жүктеме", - деді Мұрат Оразбаев.

Сонымен қоса ол мекеме қызметкерлері қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілгенін атап өтті.

"Қазіргі уақытта желіде 118-ден астам шығу бригадасы жұмыс істейді. Барлық шығу бригадасы қауіпсіз жұмыс істеу үшін жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген және 100% медициналық құралдармен жабдықталған. Жедел медициналық көмек диспетчерлік қызметінің негізінде COVID-19 мәселелері бойынша өтініштер қабылдау үшін байланыс орталығы құрылды, оған қала тұрғындары кеңес алу үшін 705-103 нөміріне қоңырау шала алады", - деді қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының директоры.


Бұдан бөлек ол азаматтарды карантин талаптарын сақтауға шақырды.

"Инфекциясының жаңа ошағы пайда болды, бұл - отбасылық ошақтар. Күніне 5-7 отбасы мүшелеріне дейін жұқтырады. Бұл жағдайлар отбасылық мерекелер кезінде анықталады. Карантиннің қатаң нормаларын сақтамайтын адамдардың ұқыпсыз әрекеттері қарт адамдар, балалар және жүкті әйелдер тұратын барлық отбасы мүшелерінің жұқтыруына әкелуде. Сондықтан біз барлық азаматтардан карантин режимін сақтауды және әлеуметтік қашықтықты сақтауды, санитария нормаларын қатаң сақтауды және көп адам жиналған орындарға бармауды сұраймыз", - деді мекеме басшысы.
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды