- Басты
- Жаңалықтар
- Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
Елордада Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған «Жеңіс салтанаты» атты концерт-спектакль Қ.Қуанышбаев атындағы театр сахнасында өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Сахнада өнер көрсеткен театр әртістері мен симфониялық оркестр соғыс жылдарындағы әндерді шырқады. Майданда тәні мен жаны жараланған жауынгерлердің, соғыста ет жақынын жоғалтқан сүйген жардың, ананың, әпке мен қарындастың сағынышы, жан күйзелісі сахнада көрсетілді. Театр басшысы Ернар Жұматаев айтқандай, шараның басты мақсаты ел үшін қан майданда ерлік көрсеткен батырлардың рухына тағзым ету.
«Драмалық концерт-спектакльдің сценарийін театрымыздың әдебиет бөлімінің басшысы Мирас Әбіл жазды. Режиссері Бәзіл Сұлтанғазы. Бәріне танымал, санада жатталған соғыста шығарылған әндер жанды дауыста орындалды. Сонымен қатар, Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-Ана» трагедиясынан үзінді көрсетілді.Толғанай ананың рөлін Қазақстанның халық артисі Гүлжан Әпсетова сомдады», - деді.
Ернар Жұматаевтың айтуынша, Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына елордалықтарға тарту етілген қазақ драма театрының сахнасында бұған дейін «Құнанбай», «Бопай ана» қойылымдары сахналанған. Ашылуы пандемия уақытына сәйкес келген театрдың көрермен залы әлі лық толы болған жоқ. Себебі, санитарлық талаптар қатаң сақталады.
«Бүгінгі шарада да көрермен залының 20 пайызы ғана толды. Маскалы режим қатаң қадағаланады. Сахнада өнер көрсеткен 50 өнерпаз ПТР сараптамадан өткен «жасыл» түстілер. Әрине, ұжым болып лық толы зал алдында өнер көрсететін күнді асыға күтеміз. Десе де, бүгін келген көрерменнің ықыласы мен қошеметі ерекше сезілді», - деді ол.
Айта кету керек, жаңа театр ғимараты 23 000 кв метрді алып жатыр. Ернар Жұматайдың хабарлауынша, қазір штатты көбейту жоспарда бар. Театрда актерлардан бөлек симфониялық оркестрдің құрамында музыканттар жұмыс істейді.
«Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклінде соғыс жылдарынан бері әр жыл сайын айтылып келе жатқан, өзектілігін жоймаған әндер шырқалды. Олар «Священная война», «Если б не было войны», «Жди меня и я вернусь», «Катюша», «Смуглянка», «Журавли», «Темная ночь» әндері шырқалды. Концерт соңы «День победы» әні шырқалып, көрермендер орындарынан тұрып, көзге жас алып, соғыста ерлікпен жеңіске жеткен ардагерлерге тағзым етіп, әсерлі концерт қойған Қ.Қуанышбаев атындағы театр ұжымына ризашылық білдіріп, ұзақ қол соқты.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті
Айнара Байжан