• Басты
  • Елордада «Жасыл офис» конкурсының жеңімпаздары марапатталды
11 Қазан, 2019 10:18

Елордада «Жасыл офис» конкурсының жеңімпаздары марапатталды


Нұр - Сұлтан қаласында Бірінші Республикалық «Жасыл офис» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.Конкурс осы жылдың 30 сәуірінде «Жасыл офис» республикалық конкурсының басталуы туралы» баспасөз-брифингінде басталған болатын. Бүгін жасыл экономикаға ерекше үлес қосқандар марапатталды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Елордада «Жасыл офис» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

Халық арасында «жасыл» ойлауды қалыптастыру, экологиялық жауапты компаниялардың жоғары имидждері мен брендтерін қалыптастыруға жәрдемдесу.

 «Жасыл» кеңселердің жаппай таралуы ТДМ-2030-ға қол жеткізуге, оның ішінде Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жетекшілік ететін «Планета» тобының құзыретіне кіретін 6, 12, 13 мақсаттар бойынша қомақты үлес қосады:       «Жасыл офис» идеясы - бұл тұрғын үй-жайларда адамдарға жақсы жағдайлар жасалуы мен жылжымайтын мүлік объектілерінің ішінде орын-жайды пайдалану және өндірістік қызмет нәтижесінде ортаның ластануын азайтуды барынша экологияландыру.

 "Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы" ЗТБ басқарма төрағасы Салтанат Рахымбекова байқаудың мақсаты мен міндеті туралы айтып берді.

 «"Жасыл офис" компанияның экологиялық саясатын қалыптастыру және офистің ресурстарын үнемдеу бойынша техникалық және мотивациялық шаралардың кешені деуге болады. Басқаша айтқанда, эко-офис ғимараттың қаржылық шығындарын азайтып, қоршаған ортаны қорғау принциптеріне сәйкес жұмыс істейді. Табиғи ресурстарды үнемдеу қаржылық шығындарды қысқартатынын "Жасыл офис" бағдарламасын енгізген немесе енгізуге кірісіп жатқан компаниялардың нақты деректері дәлел болып отыр. Эко-офис электр энергиясын, су, қағаз, пластикке шығындарды азайтады», - деді ол.

Сонымен қатар, С.Рахымбекова жасыл стандартты енгізудің қоршаған ортаға беретін оң әсері туралы айтып берді.

«Экологиялық ұйымдардың деректеріне сүйенсек, 30 қызметкері бар офис айына 100 мың теңге, 200 қызметкері бар офис айына 350 мың теңге үнемдей алады... Статистикаға сүйенсек, ірі ғимараттарға әлемдік энергияның 40%, электр пайдаланудың 70% жұмсалса, қоршаған ортаға бөлінетін көмір қышқыл газының 30% бөледі", - деді Салтанат Рахымбекова.

Өз кезегінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев байқаудың тиімділігі туралы айтып берді. 

«Бұл шара біздің тұрақты серіктесіміз - «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясының» бастамасымен ұйымдастырылды. Аталған Коалиция Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын іске асыратын қоғамдық провайдер болып табылады. Ол экология саласындағы озық реформаларды іске асыруда мақсатында халқымызды белсенді түрде жұмылдыруда», - деді министр.

Сонымен қатар, М.Мырзағалиев әрбір тұрғын қоршаған ортаға әсер ететін қызметіне жауапкершілікпен қарап, экономиканың барлық секторындағы ресурсты үнемдеу үрдісіне қатысуы керегін жеткізді.

«Бүгінде 62 кеңсе «жасыл кеңсені» құру туралы бастаманы қолдап, қоқысты бөлек жинауды жүзеге асырды. Оның ішінде электр энергиясын, су ресурстары мен жауапкершілік сатып алулар, кеңсені жасылдандыру, қызметкерлермен жұмысты ақпараттандыруды қамтамаыз ету де бар. Өмір сүрудің жасыл салты қоғамды экологияландырудың қажетті бағыттарының бірі. Аталған конкурсқа қатысқан әрбір ұйым «жасыл стандарттарды» енгізу мәртебесін көтеріп жатыр», - деді министр.

Сонымен қатар, министр білім беру, денсаулық сақтау, қаржы, мемлекеттік басқапу және бизнес саласы бойынша 20 жеңімпаз «Green office» арнайы белгісі мен дипломдарға ие болатынын айтты.

«Келесі жылы да біздің банк секторы шетелдік қаржы институттарды қабылау осы сынды шараларға белсенді қатысады деп ойлаймын. Климат бойынша өткен саммит көреткендей, 130 банк Париж келісімінде белгіленген мақсаттарды коммерциялық мақсатта қолдануды бастады», - деді ол.

Сонымен қатар, министр алдағы уақытта, қоғамды экологиялындыруға және жасыл экономика мен қоршаған орта саласында мемлекеттік саясатты дәріптеуге бағытталған осындай іс-шараларды өткізуде тығыз қарым-қатынас жасайтынына сенім білдірді.

Айта кетейік, конкурс үлкен қоғамдық резонанс тудырып, ірі қатысушыларды – өнеркәсіп, ірі және орта бизнес өкілдерін тартты. Әсіресе экологияландыру мен «инновациялаудың» жаңа дәстүрлеріне, экология мен қоршаған ортаға достық қарым-қатынасқа бағыттайтын жоғары оқу орындарының, университеттердің, колледждердің студенттерінің қатысуы маңызды болды.

       «Жасыл офис» принциптерін енгізу- бұл көміртекті ізі төмен экологиялық, ресурс үнемдейтін және салауатты өмір салтына, жұмыс қабілетін еселеп, еңбек өнімділігін арттыруға, аурушаңдықты төмендетуге нақты көшу. Бұл қызметкерлерге, ұйым-үй-жайдың иесіне де өте тиімді болмақ. Нормативтерге сәйкес ластанудың болмауы - бұл тек аралық мақсат. Жоғары мақсат-тұрақ жай ортасының сапасын барынша арттыру, үй-жайлардың экологиялық бағдарлы дизайнын ілгерілету.

Байқау іс – шаралары шеңберінде коалициямен түрлі шаралар-акциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, кеңестер өткізілді, сондай-ақ «жасыл офис» қағидаттарына көшудің ұсыныстары дайындалды. «Жасыл офис» байқауы мен принциптерін көпшілікке тарату үшін Фейсбук әлеуметтік желісінде арнайы бет ашылды, онда күн сайын пайдалы материалдар жарияланып отырды. Сондай-ақ, конкурстың жобалық тобы осы жылдың қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласындағы байқауға қатысушылардың нысандарына барып танысып, кеңес беріп қайтты.

 Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер осы жылдың 1 мамырынан 20 қыркүйегіне дейін 10 номинация бойынша қабылданды:

1) Білім беру саласы;

2) Денсаулық сақтау саласы;

3) Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор;

4) Халықаралық ұйымдар мен өкілдіктер;

5) ШОБ;

6) Өнеркәсіптік кәсіпорындар;

7) Бизнес орталықтар мен сауда орталықтары;

8) Қызмет көрсету саласы;

9) Қаржы ұйымдары;

10) ҮЕҰ.

Конкурсқа қатысушылардан барлығы 62 ұсыныс келіп түсті. Байқау комиссиясы жеңімпаз дипломдары мен «Green office» арнайы белгілерін алатын 20 үздікті таңдап алды.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды