• Басты
  • Елордада үй кезегінде тұрған азаматтар мен ТҮҚЖБ-нің салымшылары баспаналы болды
30 Желтоқсан, 2019 11:10

Елордада үй кезегінде тұрған азаматтар мен ТҮҚЖБ-нің салымшылары баспаналы болды

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің (ТҮҚЖБ) 400-ден астам салымшысы мен тұрғын үйге кезекте тұрған салымшылардың бір бөлігі елордадағы жаңа тұрғын үй кешенінен пәтер алды, дп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Елордада үй кезегінде тұрған азаматтар мен ТҮҚЖБ-нің салымшылары баспаналы болды

Бас қаланың әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарын жаңа қонысымен және келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. 

"Қуанарлық жайт. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бекіткен "Нұрлы Жер" мемлекеттік қолжетімді тұрғын үй бағдарламасының арқасында сіздер көптен күткен пәтерге ие болып отырсыздар. Тұрғын үй кешенінің орналасқан жері жақсы, сол жағалауда. Қоныстарыңыз құтты болсын, Жаңа жылды жаңа пәтерде қарсы аласыздар! 2020 жылдың бірінші жартыжылдығынынан бастап тұрғын үй кешенінің бірінші қабатында емхана, балаларға арналған шағын орталықтар,  "Кәсіпкер ана" орталығы, полиция пункті оңалту орталықтары жұмыс істейді. Осы жылы қала тұрғындарына 3,5 мың пәтер берілді. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес келесі жылдан бастап қолжетімді тұрғын үй құрылысы көлемін 3 есеге арттырамыз", - деді Алтай Көлгінов. 

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова атап өткендей, осы жылы 10,5 мыңнан астам елорда тұрғындары пәтер алды. Елордада барлығы 208 мыңнан астам банк салымшылары бар. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттеріне 3,5% - дан 5% - ға дейін тұрғын үй сатып алуға несие береді. 2019 жылы елорданың 9,5 мыңнан астам тұрғыны тұрғын үй сатып алуға несие алды, 51 мың тұрғын депозит ашқан.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды