• Басты
  • Елордадағы карантинге байланысты қала әкімі үндеу жариялады
17 Наурыз, 2020 18:35

Елордадағы карантинге байланысты қала әкімі үндеу жариялады

ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия биылғы 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін енгізгені белгілі. Осыған орай еліміздің бас қаласының басшысы  Алтай Көлгінов үндеу жариялады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Елордадағы карантинге байланысты қала әкімі үндеу жариялады

Елорда басшысының сөзінше, ел астанасына кіріп-шығатын жерлерде  шектеу қойылмақ.

"Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында карантин қоюды ұсындық. Қаіпсіздік мақсатында бақылау мен шектеу шаралары күштейтілмек. Қаларалық автобустардың қозғалысына тыйым салынды. Елорда аумағына кіріп-шығатын жерлерде шектеу қойылады. Барлық кіріп шығатын жерлерде көлік түрлері үшін коронавирустық инфекцияға күдікті адамдар немесе жұқтырған адамдарды анықтау үшін қосымша пункттер орнатылады", - деді Көлгінов.  

Сонымен қатар ол карантин кезінде қаладағы нысандардың қалай жұмыс істейтіндігі жөнінде айтты. Оның сөзінше, тек бірқатар қызмет көрсететін орындар жұмысын жалғастырады.

"Қаладағы сауда орындарындағы азық-түлік дүкендері, машина жуатын жерлер мен дәріханалар ғана жұмыс істейді. Қалғандары уақытша жұмысын тоқтатады. Қаладағы 12 ірі сауда орындары уақытша жұмысын тоқтату туралы шешімін қабылдады. Халыққа қызмет көрсету орындарының жұмысы шектеледі. Өздеріңіз білетіндей, онда көп адам келеді. Шұғыл мәселе болмаса, бармауларыңызды сұраймыз. Қала аумағында патрульдік бақылау күшейтіледі", - деді қала әкімі.

Сонымен қоса ол карантин мен коменданттық сағатты шатастырып алмауға шақырды. Карантин дегеніміз адам көп шоғырланған жерлерге баруға шектеу қою. 

Сондай-ақ қала басшысы елордалықтарға азық-түліктің артығымен жететін баса айтып өтті.

"Қазіргі уақытта қаладағы сауда желілерінің қоймаларында 47 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік таарлары бар. Бұл қазіргі айлық норманы толықтай жабады. Айлық норма 38 мың тонна. Қосымша толықтырылатын болады", - деді ол. 

Бұдан басқа осындай қиын жағдайда дәрігерлердің қызметін атап өтіп, оларды қолдауға шақырды. Сондай-ақ оның сөзінше, медициналық мекемелер барлық керекті құрал жабдықпен қамтамасыз етілгенін атап өтті.

"Медициналық қызметкерлерді қолдауға шақырамын. Медициналық мекемелер дәрі-дәрмекпен, тағы басқа қажетті заттармен толықтай қамтамасыз етілген. Кеше 400 мыңға жуық маска әкелінді. Алдағы уақытта 1 млн-нан астам маскаға тапсырыс бердік, әкелінетін болады. Антисептиктерге де тапсырыс бердік, осы аптада жеткізіледі", - деді қала басшысы.

Бұдан бөлек елорда басшысы Алтай Көлгінов қалада коронавируспен ауырғандар саны 17-ге жеткенін, сол себепті қауіпсіздік шаралады күшейтілгенін атап өтті. Оның сөзінше, бұл адамдармен байланыста болғандардың барлығы табылған, әрі олар арнайы орындарға жатқызылған.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды