• Басты
  • Елордадағы эпиджағдай: Жұқтырғандар саны, вакциналау барысы және егу пункттері

Елордадағы эпиджағдай: Жұқтырғандар саны, вакциналау барысы және егу пункттері

5 Мамыр, 2021 14:21

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз алаңында Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов пен Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елордадағы эпидахуал мен вакцинациялауға қатысты баспасөз мәжілісін өткізді. Олардың айтуынша, ел астанасында 250-ден 450-ге дейін жағдай тіркелуде. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Елордада күніне 250-ден 450-ге дейін жағдай тіркелуде

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің айтуынша, қалада жағдай 12 күн ішінде сырқаттанушылық деңгейінің төмендеуі байқалуда. Бір аптаның ішінде COVID-19 бойынша, 3075 жағдай тіркелген. Ол алдыңғы аптамен салыстырғанда 8,5%-ға төмен. Алдыңғы аптада 3360 жағдай тіркелген болса, 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш 258,75 құрап отыр.

«Нұр-Сұлтан қаласындағы CОVІD-19 инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып қалуда, қала екі ай бойы «қызыл аймақта» тұр. Күніне 250-ден 450-ге дейін жағдай тіркеледі. Ағымдағы жылдың басынан бері қала бойынша ауырғандар саны 28 мыңға жетті. Пандемия басталғалы 47 014 жағдай тіркелді. Оның ішінде 31 151  астамы симптоматикалық және 15 863 симптомсыз түрде», – дейді бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сархат Бейсенова.

Жұқтырғандардың көпшілігі ересектер

Сархат Бесенованың пайымынша, тұрғындар карантиндік іс-шараларды сақтамай отыр. Эпидахуал кезінде тұрғындардың 45%-ы сауда-ойын орталықтарына, қоғамдық обьектілерге, тамақтану орындарына барғандары белгілі болды.

Дәрігердің дерігінше, өткен тәулікте 285 жаңа жағдай тіркелген. Соның ішінде симптомдары бар 217 жағдай, ал симтомсыз 68 жағдай. Қазіргі уақытта инфекцияның белсенді ошақтары 2197, оның ішінде үй ошақтарында 1538 адам ем алып жатыр. Медициналық бақылауда 5378 байланыста болған адам бар.

«Сыртқаттанудың ең жоғарғы деңгейі ересектер арасында тіркелген. Олар жалпы сырқаттанушылықтың 78,7%-ын құрайды. Балалар үлесі - 18,3%-ды,  ал жасөспірімдер 3%-ды  құрайды.Ересектер арасында 24,9%-ы  - 30-39 жас тобында болса, 21,9%-ы - 18-29 жасқа,  ал 26,6% егде жастағы адамдарға тиесілі», – дейді бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.

Осылайша дәрігердің айтуынша, 5 сәуір-4 мамыр аралығында «Ashyq» қосымшасы арқылы жұмыс істейтін объектілер үй карантинін бұзушы 880 адам анықтаған. Оның ішінде 414 науқас, 466 байланыста болған адам.

Елордада 100 егу кабинеті жұмыс істеп тұр

Дәрігер жаппай вакциналау үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтіп, десаулық сақтау үшін елорда тұрғындарынан үлкен белсінділік күтетінін атап өтті.

Сондай-ақ, күн сайын медициналық ұйымдарда 100 егу кабинеті жұмыс істейтінін еске салды. Халыққа ыңғайлы болу үшін сауда үйлері мен орталықтарында егу пунктіліері ашылған.

«5 мамырдағы жағдай бойынша, қала халқының 2,9%-ы екі компенентпен егілді. Бірінші компенент 118 мыңнан астам кісіге егілді, ол 9,9%-ы құрайды», – дейді бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сархат Бейсенова.

Қала тұрғындарының 60%-нан артығын вакциналау жоспарлануда

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың мәліметінше, 5 мамырдағы жағдайға бойынша, 1356 науқас ем қабылдап жатыр. Оның ішінде корновирус анықталған адамдардың саны-1235, ал қалған 121 науқас коронавирус анықталмаған пневмониямен емделуде.

«Жан сақтау бөлімінде 103 адам, оның ішінде 25 адам өкпені жасанды желдету машинасымен демалып жатыр және 4400-ге жуық адам амбулаториялық жағдайда ем алып жатыр»,- деді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Оның сөзінше, өткен тәулікте 4535 ПТР зерттеуі жүргізілген, оның ішінде 235 жаңа жағдай расталған. Пандемия басталғаннан бері 1 миллион 300 мыңнан астам ПТР тексеру өткізілген.

«Қазіргі уақытта коронавируспен күрестің маңызды кезеңі. Ұжымдық имунитетті қалыптасыру үшін қала тұрғындарының 60%-ынан артығын вакциналау жоспарланған. Бүгінгі таңда елордамызда 138 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы екпе алып үлгерді», - дедi басқарма басшысы.

Сонымен қатар, Тимур Мұратов сауда орталықтарында вакцинациялауды ұйымдастыру тұрғындар арасында сұраныстың көптігін көрсететін атап өтті. Қазіргі таңда егу пунктерінің көбеюіне байланысты пунктердің жұмысын 8:00-22:00-ге дейін қысқартылған. Сондай-ақ сауда орталықтарында режим өзгеріссіз, олар 10:00-22:00 дейін жұмыс істеп тұр. 

Венера Жоламанқызы

Барлық жаңалықтар