- Басты
- Жаңалықтар
- Елордадағы эпиджағдай: инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-дан асты
Елордадағы эпиджағдай: инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-дан асты
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов елордадағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді. Оның мәліметінше, инфекциялық стационарлардаың жүктемесі 72 %-ға жеткен, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Елордада коронавирустық инфекцияның өршуі байқалады
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың мәлімдеуінше, елордада коронавирустық инфекцияның өршуі байқалады. Бүгінгі күнгі дерек бойынша, инфекциялық стационарларда 2 556 науқас емделуде. Оның ішінде КВИ-ге шалдыққандар 2 270 адам, пневманиямен 286 науқас, осылайша жүктеме 72%-ды құрап отыр.
«Стационарлардың төсек қуаттылығы 3 562 төсекті құрайды. Қазіргі уақытта КВИ күресуге 16 инфекциялық стационар тартылған. Аурудың өсуіне байланысты қалалық ауруханаларды инфекциялық ретінде қайта бейімдеуге және әзірге күндізгі стационардың жұмысын, жоспарлы емдеуге жатқызуды тоқтатуға тура келеді », - деді ол.Оның айуынша, басқа медициналық клиникаларда түрлі профильдер бойынша науқастарды ауруханаға жатқызу жүктемесі енгізілген.Сондай-ақ ол қабылданған шаралардың барлығы коронавирустық инфекциямен ауыратындардың саны күн сайын артып келе жатқанын көрсететінін жеткізді.
«Біз төсек санын көбейтуге және адами ресурстарды ұлғайтуға мәжбүрміз. Өткен тәулікте 333 адам жатқызылды», - деді Тимур Мұратов.Оның сөзінше, инфекциялық төсек-орынның 1 006-сы ғана бос, оның ішінде 62- сі реанимациялық төсек-орын екен. Қазіргі таңда жансақтау бөлімінде 230 науқас, КВИ-мен – 203 адам. Өте ауыр хәлде – 70 науқас, ал 47 адам өкпені жасанды желдету апаратында емделуде.
Адамдар өз беттерімен ем қабылдағандықтан реанимацияға түсуде
Сонымен қатар, ол өз сөзінде азаматтардың өздерін өзі үй жағдайында емделуіне байланысты жұқпалы аурулар ауруханаларына ковидтің ауыр түрімен түсіп жатқанын атап өтті.
«Медициналық көмекке бірден жүгінбеу, дәрігердің қарауынсыз тікелей антикоагулянттармен емделу науқастарды реанимация бөлімшесіне ауыстыру тура келеді», - деді басқарма басшысы.Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың айтуынша, қазіргі уақытта жедел жәрдем бригадалары - 103 қызметі және АМСК ұйымдарындағы мобильді бригадалардың жұмысында да үлкен жүктеме байқалады.
«Тек өткен тәулікте жедел жәрдем станциясына түскен қоңыраулар саны – 4 мыңнан астам, шақыртулар саны – 2 300, КВИ бойынша қоңыраулар саны тәулігіне 300-ден астам жетіп отыр», - деді ол.Сонымен қатар, азаматтарда коронавирусты анықтау үшін зертханалық зерттеулер көбейген. Барлығы 1,8 миллионға жуық ПТР әдісімен зертханалық зерттеулер жүргізіліп, тәулігіне 1 369 жаңа жағдайлар тіркелген.Сондай-ақ. мобильді бригадалар күніне 2 мыңнан астам шақыртуларға барады екен.
Оның сөзінше, АМСК ұйымдарында 10 600-ден астам науқас коронавирустық инфекциясымен ем алуда. Бүгінде 320 мыңнан астам адам вакцинаның 1 компонентін алды.
206 мыңнан астам азамат толықтай иммунизацияланды
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың сөзінше, халықты вакцинациямен қамту үшін медициналық ұйымдардағы егу пункттерінің санын 3 есе арттқан, олардың жұмыс кестесі жексенбі мен мереке күндерін қоса алғанда таңғы 10:00-ден 22:00-ге дейін ұзартылған.
Сондай-ақ, халықты вакцинациялаумен толықтай қамту үшін вакцинация пункттері 8 сауда-ойын-сауық орталықтарында орналақан. Олар- Хан-Шатыр, MegaSilkWay, Керуен, Абу-Даби Плаза, Азия Парк, СарыАрқа, Евразия, Мечта дүкені.
«Осы уақыт аралығында сауда және ойын-сауық орталығында барлығы 50 мыңнан астам адам вакцинацияланды», - деді Тимур Мұратов.Оның сөзінше, биылғы эпиджағдай өткен жылдың жазымен салыстырғанда, өте күрделі.
«Қоғамдық жерлерге көп барудан бас тартсақ жағдай түзілер, алайда оны әркім түсіне бермейді. Эпидемиологиялық ахуал оң шешімін алу үшін халық вакцинациялануы қажет. Тек бірлікте иммундық жүйе қалыптасады, осыны жадымызға сақтағанымыз жөн», - деді Тимур Мұратов.Ауырып жатқан елордалықтардың жас құрамы
Жиынға қатысқан Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пралиеваның коронавируспен ауырып жатқан елордалықтардың жас құрамына тоқталып өтті. Оның дерегінше, науқастардың басым бөлігі яғни 80 %-ы ересектер, 16,6 %-ы балалар және 2,7 %-ы жасөспірімдер екен.
«Ересек науқастарға тоқталсақ, науқастардың 22,6 %-ын 30-39 жас арасындағылар, 40-49 аралсындағы адамдар 13,9 %-ын, 50-59 жас арасындағылар 14,1 %-ын, 18-29 арасындағылар 16,2 %-ын құрайды», - деді ол.
Оның мәліметінше, қазіргі таңда белсенді ошақтардың саны 4585-ке жеткен. Оның ішінде 2871-і үйдегі ошақ.
«Науқаспен байланыста болғандардың саны – 3122 адам. Вирустың қарқын алуындағы басты себептердің бірі дельта-штамның пайда болуы екенін білесіздер», - деді Жанна Пралиева.
Жанна Пралиеваның пікірінше, жазғы еңбек демалысына шыққан тұрғындардың жауапсыздығы эпидемиологиялық ахуалды ушықтыруға себеп болып отыр. Оның мәліметінше, ауру жұқтырғандардың 53 %-ы сауда және қоғамдық тамақтану орындарына, көңіл көтеру мекемелеріне барған. 34 %-ы үй жағдайында жұқтырса, 17 %-ы жұмыс орнында вирус жұқтырған.
«Бұл жұмыс орындарында да маска режимі мен әлеуметтік қашықтық сақталмайтынын көрсетеді. Адамдар ел ішінде қаладан-қалаға көп қатынап жатыр. Сапар барысында қорғаныс шараларын сақтамайды. Маска режимін ұстанбай, адамдар көп шоғырланатын шараларға жиі барады», - деді ол.Жанна Пралиеваның айтуынша, еңбек ұжымдарымен бірге қызмет көрсету нысандары да сақтық шараларын көзге ілмей отырғанын жеткізді. Тексерулер мен рейдтер кезінде қызметіне шектеу қойылған мекемелер ізін ала өз бетімен жұмысын жалғастырған жайттар тіркелген.
Вакциналауды ұйымдастырмаған жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады
Сонымен қатар ол қызметкерлер арасында вакциналауды ұйымдастырмаған жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтып өтті. Оның сөзінше, жұмысшылар арасында коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияны ұйымдастырмағаны үшін жұмыс берушілер Кодекстің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Осы тұста, елордалықтар арасында әлі де ұжымдық иммунитет қалыптаспағанын еске салып, аурудың таралуын әрі қарай болдырмау үшін 10 тамызға дейін коронавирусқа қарсы екпенің бірінші компонентін, 1 қыркүйекке дейін екінші компонентін алмаған жұмысшылардың офлайн режимде жұмыс істеуі шектелетінін ескертті.
«Кейінгі бір айда вакцина алғысы келетіндердің саны артқанымен, ұжымдық иммунитет қалыптасатындай ауқымға жеткен жоқпыз. Тек медициналық қарсы тұрақты көрсетілімдері бар және 3 ай көлемінде ауырып шыққан адамдарға бұл шектеудің қатысы жоқ», - деді Жанна Пралиева.

-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері
-
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты
-
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру
-
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері
-
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі
-
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді
-
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары
-
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі
-
Күзгі әскерге шақыру науқаны қалай ұйымдастырылады
-
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды
-
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде
-
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері

