• Басты
  • Елордада волонотерлардың «BIRGEMIZ» фронт-офисі ашылды
12 Ақпан, 2020 11:15

Елордада волонотерлардың «BIRGEMIZ» фронт-офисі ашылды

Нұр-Сұлтан қаласында Волонтер жылы аясында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЭКСПО көрмесінің «Art Hub» павильонында орналасқан волонтерлердің «BIRGEMIZ» республикалық фронт-офисын ресми түрде іске қосты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
 Елордада волонотерлардың «BIRGEMIZ» фронт-офисі ашылды

Фронт-офистың ашылуы барысында «QAZVOLUNTEER.KZ» онлайн платформасының жұмыстары және волонтерліктің «Bilim», «Qamqor», «Úmit», «Sabaqtastyq», «Taza Álem» және «Saulyq» 7 салалық бағыттары бойынша алаң таныстырылды. Аталған жобаларды жүзеге асыру аясында азаматтардың нақты жергілікті мәселелерді шешудегі талпынысын (ерікті миссия) қолдау үшін шағын гранттар бөлу қарастырылуда.

    Волонтерлық қызмет туралы Ақпарат және даму министрі Дәурен Абаев баяндады.

абаев.jpeg

«Биылғы Волонтерлар жылы аясындабірқатар ауқымды жобаны жүзеге асыру жоспарланды. Осы ретте бүгінгі ашылып отырған фронт-офис еліміздегі волонтерлық қызметті жаңа деңгейге көтереді деп сенеміз. Бұған қоса, Қасым-Жомарт Кемелұлы, өзіңіз бастама қылып көтерген қайырымды істер жылын жоғары деңгейде ұйымдастыруда фронт-офис күш-жігерін салады деп ойлаймын», - дед ол.

Сондай-ақ, министр  бүгінде елімізде 200 волонтерлық ұйым бар екенін айтты.

«50 мың белсенді азамат қатысады. «Таза Қазақстан» акциясына 300 мың адам қатысты. Бізде Арысты қалпына келтіруде волонтерлардың белсенділігін көрдік. Оған жүздеген белсенді жастар қатысты. Мұнымен бірге, ЭКСПО-20017 көрмесі де волонтерлыққа жақсы үлес қосты. Биыл осы акцияны Волентерлар жылы аясында жалғастырып, миллион адам жұмылдырылады деп үміттенеміз.Осының барлығына қарамастан, волонтерлықтың қазіргі ахуалына қарасақ, қазақстандықтардың бар-жоғы 6% белсенді волонтер болып жүр. Бірақ бізде жақсы көрсеткіш бар. Қазақстандықтардың 48% волонтерлыққа атсалысуға дайын. Мұнымен бірге, халықаралық зерттеулерге сүйенсек, Қазақстан волонтерлық қызметі төмен дамыған елдердің қатарында. Қазақстанда әлі де волонтерлық мәдениеті, дәстүрі дамымаған, ынталандыру жоқ, сонымен қатар, тіркеу және мадақтау жүйесі жақсы дамымаған. Осы барлық проблеманы біз шешуіміз керек және волонтерлық жаңа деңгейге өсіруіміз керек. Осы проблемалардың барлығын шешу үшін республикалық фронт-офис ашайын деп отырмыз. Қазір осы жерде тұрмыз. Қазақстанның кез келген азаматы осында келіп, тіркеліп, волонтер бола алады. Сондай-ақ біз азаматтарымыздың барлық қажеттілігін де осы жерде жинақтап, олардың қайда баруына көмектесе аламыз. Тағы 17 аймақта аймақтық волонтерлық офис ашылады. Барлығы бір жүйемен жұмыс істейтін болады. Кол-орталық болады», - деді ол.

Осы орайда Абаев Qazvolontuer сайтына кіріп көруді ұсынды.

«Осының барлығын сол сайт біріктіреді. Қазір 16 мың студент тіркелген. Осы жылы сол көрсеткішті екі есе ұлғайтамыз. Сонымен қатар, жыл нәтижесі бойынша заңнамалық өзгерістер әзірлейміз. «Жаңа бастама» деп аталатын жаңа жобаға назар аударғым келеді. Мемлекет бұл жобаға 170 миллион теңге бөлді. Бұл дегеніңіз 170 әлеуметтік жоба бір миллион теңгеден ала алады. Олар бұл ақшаны айлық ретінде емес, волонтерлар үшін ыстық тағам, жолақысын төлеуге, керекті жабдық алуға жұмсалады. Сондай-ақ осы жылы халықаралық сыйлық беріледі... Осы жылы волонтерлардың саны артады деген сенімдемін. Мыңдаған көмекші волонтерлыққа көмектеседі, мың жетекші ауыр жағдайда қалған балаларға көмектесетін болады. Сонымен қатар, ауылда жоғары сыныпта оқитын 14 мың оқушына ағылшын тіліне, ҰБТ-ға дайындалуға көмектесеміз. 7 мыңнан астам адамға көмектесеміз. 1,1 миллион волонтер осы қызметке жұмылдырылады», - деді ол. 

Сондай-ақ, Д.Абаев волонтерлікті отбаслылық ұжымға бағыттау керегін айтты.

«Біз жастар арасында волонтерлықтан біз отбасылық, ұжымдық волонтерлыққа бағытталуымыз керек. Халқымызда «Жақсылық жүрген жерге таршылық жүреді» деген жақсы сөз бар. Сондықтан осы игі бастамалар волонтерлардың мәртебесін жаңа деңгейге көтереді деп сенеміз», - деді ол.

Өз кезегінде Президент Қ.Тоқаев биыл маңызды бастамалар жүзеге асырылатынын айтты.

токаев.jpeg

«Бүгін барлығымыз ерекше  тарихи оқиғаға байланысты елордада жиналып отырмыз. Бұл үлкен іс-шара. Еліміздің тарихында мұндай іс-шаралар бұрын-соңды болған жоқ. Сондықтан баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Биыл Волонтер жылында көптеген ауқымды жобалар қолға алынады. Осы арнайы кеңседе көптеген маңызды бастамалар  жүзеге асады деп сенемін. Мұндай орталықтар  еліміздің баарлық өңірінде ашылады. Біз игі іспен айналысу,адамдарға  жақсылық жасау, көне заманнан келе жатқан  халқымыздың дәстүрі. Сондықтан бұл дәстүрді міндетті түрде сақтап қалуымыз керек», - деді Қ.Тоқаев.

Қ.Тоқаев біреуге қол ұшын созып, қолдау көрсету – қанға сіңген қасиет екенін атап өтті.

«Халқымызды осындай бірлікке шақыратын «асар» дәстүрі бар. Бұл құндылығын жоймаған ата салтымыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», дейді біздің халқымыз. Волонтерлардың да басты қызметі  жұмылып, қызмет ету. Кезінде Қазақстанға көптеген  ұлт өкілдері жер аударылды. Сол қиын-қыстау уақытта халқымыз  бауырына  басып, бір үзім нанымен бөлісті. Шынайы жанашырлық көрсету қазақ халқына тән қасиет. Мен нағыз волонтер болудың  озық үлгісі деп осыны айтар едім.  Бүгінде дүниежүзінде  бұл  үрдіс  кең таралып,  әлемдік қозғалысқа айналды. Қазірдің өзінде Жер бетінде 1 млрд адам волонтерікпен айналысады. 1 млрд адам! Бізде  16 мың, бұл аз,  100 мыңға жеткізуге болады.Олардың жаһандық дамуға тигізер үлесі зор. ЖІӨ-нің  2,5 пайызы еріктілер еңбегінің нәтижесі. Көптеген елде ерікті болу қалыпты жағдай, үлкен құрмет  саналады. Жұртшылық оны сыйлайды", - деді ол. 

Сондай-ақ, Президент шетелдік тәжірибені де айтып өтті.

"Мысалы, Францияның жартысы волонтер атанған, Жапония мен Германияда еріктілер саны жыл санап олардың саны артып келеді. Біз де осындай деңгейге ұмтылуымыз керек. Азаматтарымыз  өзгеге көмек көрсетуден аянып қалмауы керек. Сол арқылы  қоғамда әлеуметтік жауапкершілікті арттырамыз. Волонтерлік патриотизмнің бір көрінісі – еріктілер ең  алдымен елдің игілігіне қызмет етеді. Олардың жұмысы азаматтық қоғамды одан әрі  дамытуға мүмкіндік береді. Волонтерлік дегеніміз-бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып әрекет ету. Еріктілік деп халқымыздың шынайы  болмысы – салт-дәстүрі.  Сондықтан біз де бұл дәстүрді сақтап қалуымыз керек.  Бұл бастама ұлтты қйыстырып, мемлекетті нығайту үшін қажет.  Ұлы Абайдың  «қарекет қыл  пайдасы көпке тисін» деген сөзі осындай игі істерге үндейді.  Сондықтан біз волонтерлікті кеңінен дәріптеуіміз керек. Береке  бірлігімізді арттыратын шараларға бір ел – тұтас ұлты болып атсалысуымыз қажет», - деді Қ.Тоқаев.

Айта кетейік, фронт-офис – кеңес беру, әдістемелік, оқыту, ақпараттық орталық. Фронт-офис қызметіне мыналар кіреді: 1) Республика бойынша волонтерлік жобаларды үйлестіру және қоғамдық мониторингілеу: орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің жобаларын, корпоративтік волонтерлықты дамыту жөніндегі бизнес-құрылымдар жобаларын, волонтерлік ұйымдардың жобалары мен бастамаларын.

Жобаларды үйлестіру жастар ресурстық орталықтарының мамандары, азаматтық орталықтар мен ҮЕҰ өкілдері қатарынан өңірлік үйлестірушілер арқылы құрылады. Жобалардың қоғамдық мониторингін қоғам өкілдері, танымал журналистер мен блогерлер құралған мониторингтік топ жүзеге асырады. Волонтерлік мәселелері бойынша халыққа кеңес беру үшін бірыңғай Call-орталығының жұмысын ұйымдастыру. Бүкіл республика бойынша жұмыс жасау үшін Call-орталығының тегін бірыңғай нөмірі болады. Оқыту блогы: оқыту бағдарламаларын әзірлеу, өңірлік жаттықтырушыларды (TOT) дайындау, оқыту семинарларын өткізу. Волонтерлықты танымал ету бойынша бірыңғай ақпараттық саясатты ұйымдастыру:

Кеңсе аймақтарда волонтерлерді қолдау орталықтары арқылы, оның ішінде арнайы құрылған аккаунттар мен qazvolunteer.kz сайты арқылы тарату үшін бірыңғай имидждік және ақпараттық материалдарды әзірлеу, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде тұрақты тарату үшін барлық аймақтардағы еріктілердің, ұйымдардың (жеке азаматтардың, ҮЕҰ, бизнесмендердің, ұйымдардың) оң істері туралы үздік тәжірибелерді жинаумен айналысады.

Жұмыс бірыңғай вертикаль принципі бойынша ұйымдастырылатын болады: «Республикалық фронт-офис – 17 аймақтық волонтерлерді қолдау орталығы – 85 өңірлік үйлестіруші». Бір орталықтан бірыңғай тәсіл мен модерациялау қамтамасыз етіледі. Бірыңғай басқару кестесі мен орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл моделі.

Бұл жобаларды іске асыруға қоғамдық, волонтерлік ұйымдар мен мемлекеттік органдарды кеңінен тартуға мүмкіндік береді, жобалардың түпкі нәтижесі мен сапасы үшін ортақтастық пен жауапкершілік сезімін арттырады.

Аягөз Құрмаш

Барлық жаңалықтар
34.237.138.69, 192.168.88.100