- Басты
- Елордада Таеквондодан ашық республикалық турнир өтіп жатыр
Елордада Таеквондодан ашық республикалық турнир өтіп жатыр
25 Қараша, 2019 17:25
Елордада Таеквондодан ашық республикалық турнир, Кореяның Қазақстандағы елшісінің кубогы өтіп жатыр. Турнир екі күнге созылады. Бүгінде Таеквондомен 20 мыңға жуық қазақстандық айналысады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Кореяның Қазақстандағы елшісі Ким Дэсик республикалық турнирге бастауыш сыныптардың оқушылары қатысып жатқанына ризашылығын білдірді.
«Бүгін ата-аналар да өз балаларын қолдауға келіп, турнирге қатысып жатқанына бек қуаныштымын. Жалпы, кішкентай жеткіншектер Қазақстан мен Кореяның арасын байланыстыратын,екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтатын келешек деп білемін», - деді К.Дэсик.
Сонымен қатар, елші турнирге қатысушылардың дайындықтарын жоғары дәрежеде бағалады.
«Таеквондо спорт түрі ретінде денені ғана шынықтырып қоймай, адамның ой-өрісін тереңдететін спорт түрі екенін айтқым келеді. Сондықтан да, денені ғана шынықтырып қоймай, рухани тарапты да, ой-өрісті дамыту қажеттігін ұмытпау керек. Биылғы республикалық турнир үлкен ауқымда өтіп жатыр. 9 облыстан, 3 республикалық қаладан 500-ге жуық қатысушы келген. Жеткіншектер таеквондомен айналысу нәтижесінде Кореяға да барып, өз мүмкіндіктерін пайдаланады деген ойдамын», - деді ол.
Сонымен қатар, елші Таеквондоның ерекшелігіне де тоқтап өтті.
«Бұл өзге спорт түрлеріне қарағанда, басқа адамдарға бірінші ешқашан тиіспейтін спорттың түрі. Жаныңдағы әлсіз адамдарға көмектесу үшін, әділетсіздікті болдырмау үшін қолданылады», - деді ол.
Өз кезегінде ҚР Таеквондо федерациясының вице-президенті Арман Чилманов турнирді өткізудің басты мақсаты – екі ел арасындағы қарым-қатынасты тереңдете түсіру екенін айтты.
«Осы турнирде байқау ұйымдастырылып отыр. Оның жеңімпазы келесі жылы Корея еліне Елшілік атынан барып келуге мүмкіндік болады. Қатысушыларға жеңіс тілеймін», - деді А.Чилманов.
Аягөз Құрмаш
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Елордада кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді
-
Мәжіліс отырысы: Жаңадан сайланған халық қалаулылары ант беріп жатыр
-
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
Қазақстан халқы сайлауға белсенді қатысып жатыр - Эстониядан келген бақылаушылар
-
Сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіп қалай бақыланып жатыр
-
Қазақстанда полиция қызметін модернизациялау процесі қалай жүріп жатыр
-
Мереке қарсаңында елордадағы кафе мен мейрамханалардың жұмысы ерекше бақылауда болмақ
-
Ауыл шаруашылығында цифрлы технологияларды енгізу қалай жүріп жатыр
-
Ұлан Әбішев: «Рухани жаңғыру» аясында ірі істер атқарылып жатыр
-
2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, республикалық бюджет бөлінісі
-
Елордада «Ұлы дала құндылықтарының» концепциясы таныстырылды
-
Елордада ауыл әйелдерінің III Республикалық форумы басталды
-
Елордада «Astanа Media Week» IV медиаапталығы өтеді
-
COVID-19: Қазақстандағы карантин шаралары жеңілдетілмейді, әлем елдері қатаң шектеу шараларын енгізіп жатыр
-
COVID-19: Еліміздің бірқатар аймағында шектеу шаралары енгізілсе, әлем елдері локдаунға қайта оралып жатыр

