• Басты
  • Елордада Тұңғыш Президент күніне орай кино апталығы басталды
26 Қараша, 2019 18:13

Елордада Тұңғыш Президент күніне орай кино апталығы басталды

Елордада ҚР Тұңғыш Президент күніне орай кино апталығы өтіп жатыр. Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралар онкүндігінің аясында Елбасы кітапханасында кино апталығының тұсауы кесілді. Шараның ашылуында басты қонақ Елбасы рөлін сомадаған актер, әнші, Мәжіліс депутаты Нұрлан Әлімжанов болды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Елордада Тұңғыш Президент күніне орай кино апталығы басталды

Шараны Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов ашты.

Іс-шараға 200-ден астам оқушы мен студент жастар қатысты.Елбасы күніне орай, онкүндік аясында жүздеген шара жүзеге асырылуда. Шаралардың мақсаты – Елбасының ерен еңбегін паш ету.

Сондай-ақ, шетелде көшпелі жобалар да жүзеге асырылып жатыр. Кітапхана директорының айтуынша, шетелдік сарапшылар Қазақстанның ТМД елдері арасында алға шығып, экономикалық көрсеткіштерінің жақсы екенін атап, елдің алға жылжып жатқанына таңырқайды. Осы орайда, халықаралық конференцияларға шетелдік ғалымдарды шақыру арқылы олардың сұрақтарына жауап беру мақсаты қойылған.

photo_2019-11-26_18-07-11.jpg

 «Аспаны ашық еліміздің бүгін әлем саясатынан алар беделді орны бар. Жер-жаһан Қазақстанның экономика, саясат, қауіпсіздік салаларының өңірлік, жаһандық мәселелеріне қатысты ұтқыр шешім қабылдайтын мемлекет екенін мойындап отыр. Әлемнің 169 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан жеріміз төрткүл дүние халықтарының елшіліктері мен сан алуан өкілдіктермен жемісті жұмыс істеп келеді. Осы тұста төл тарихын терең сыйлайтын еліміз бүгінгі жетістіктерімізге Елбасының мұрындық болғанын біледі. Жаһандық сипатқа ие болған Тұңғыш Президентіміздің батыл бтиастамалары мен оң идеялары халықаралық қатынастардың салмақты факторына айналғаны рас. Ұлтының нағыз жанашыры, жаһанның абыройлы саясаткері ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы жалпы адамзаттың игілігі, бейбіт әлемнің қауіпсіздігі үшін адал еңбек етті», - деді Ә.Рахымжанов.

 Сонымен қатар, кітапхана директоры атап өткендей, бұл ақиқатты суреттейтін фильмдердің апталығын бүгін Елбасының рөлін сомдаған Нұрлан Баянғалиұлымен кездесуден басталып отыр.

 «Тұңғыш Президентті бейнелеу үшін болмысын ашуға талпынған дарынды азаматпен құрар сұхбаттарыңыздың жақсы көңілге бөлейтініне сенімдімін, - деді Әмірхан Мұратбекұлы.

 ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, белгілі актер, тележүргізуші, композитор Нұрлан Әлімжанов өнер жолының естеліктерін айтып, Н. Назарбаевтың рөлін сомдатқан «Елбасы жолы» киноэпопеясына тоқталды.

«Елбасының бала кезі мен жастық шағын суреттейтін фильмнің тәрбиелік мәні зор. Мемлекет құрылуының тарихи кезеңінде қалыптасқан дара тұлғаның маңызды шешімдерінен сыр шертетін туынды жастарды Елбасыға тән еңбекқорлық, жомарттық, әділдік, батылдық сияқты көшбасшылық қасиеттерге баулиды. Бұл фильмдегі бас кейіпкерді сомдаймын еш ойламаппын. Зор жауапкершілікті сезіндірген рөлдің арқасында киноэпопеяға кірген фильмдердің тұсаукесерінде Елбасының өзімен кездесіп, ризашылығы мен батасын алдым. Сол кездесулердің барысында Елбасының ашық, мейірімді жан екеніне көзімді жеткіздім. Ондай парасатты тұлғаның тілеуін алу – мен үшін үлкен мәртебе», - деді Нұрлан Әлімжанов.

 Көрермендердің жолдаған сауалдарына жауап берген қонақ Тұңғыш Президент күнінің маңыздылығын атап өтті.

photo_2019-11-26_18-07-12.jpg

 «Маңыздылығы мен қажеттілігі мол мерекеге орайластырылған іс-шалардың барлығы Елбасының мемлекет егемендігінің қалыптасуына қосқан үлесі мен әлем саясатының игілігіне арнаған адал қызметін бейнелейді. Мұны әрдайым жадымызда ұстап, тәуелсіз елімізді, Тұңғыш Президентімізді мақтан тұтқанымыз абзал», - деді ол.

Н.Әлімжанов кішкентай кезінде Елбасы сияқты ұшқыш болуды армандағанын атап өтті.

 «Мен ұшқыш дегенде десанттық-шабуылдау әскерінде десант болсам, парашютпен секірсем деген арман болды. Мұндай арман әр азаматтың жүрегінде романтикалық сезім болады екен. Елімді қорғасаң, еліме қызмет етсем деген қалау екен. Сосын ағам әскери адам болу оңай емес екенін айтатын. Кейін, онда мен Тоқтар Әубәкіров сияқты ғарышкер болам дегенді шығардым. Кейін келе бойымда актерліктің ұшөыны бар екенін сезген соң, актерлік өнерге тоқталдық. Өнер әлемінде ұшуға бел буып, барлығының рөлін сомдайтын болдық», - деді ол.

 Игі дәстүрге айналған кино апталығының аясында мектеп оқушыларына, колледж бен жоғарғы оқу орны студенттерінің, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары мен докторанттарының, Ұлттық гвардия қызметкерлерінің назарына «Елбасы жолы» киноэпопеясының «Балалық шағымның аспаны», «От өзен», «Тығырықтан жол тапқан» атты фильмдері ұсынылмақ.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды