- Басты
- Елордада Тұңғыш Президент күніне орай көрме ашылды
Елордада Тұңғыш Президент күніне орай көрме ашылды
Аталған іс-шараға мәдениет және өнер қайраткерлер, дипломатиялық корпус пен этномәдени орталықтардың өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласындағы университеттер мен колледждердің оқытушылары мен студенттері қатысты.
Көрменің ашылу салтанатына қатысқан Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов аталған шараның Елбасының туған күніне орай ұйымдастырылғанын атап өтті.
"ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Елбасы кітапханасы іс-шаралардың онкүндігін дайындады. Бүшінгі шара соның тұсаукесері. Елбасымыздың "дарынды жастар-еліміздің болашағы мен әлеуеті" деуі кездейсоқ емес. Бұл байқауға көптеген жас суретшілеріміз бен танымал өнер майталмандары үлкен еңбек жасады. Әсіресе, жастардың ықыласы жоғары болды. Жеңімпаз атанған өнер иелерінің шығармашылық жұмыстары алдағы уақытта Елбасы кітапханасының үлкен галлереялары мен көрме залдарынан лайықты орын алады деп үміттенеміз",- деді Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов.
Жастар жылына арналған байқау жаңадан бастаушылар мен кәсіби суретшілер, мүсіншілер, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері және Қазақстанның өнертанушылары арасында 18-35 және 36 жастан жоғары екі жас санаты бойынша өтті.
Жиын барысында жастар жылына арналған көрме үстіміздегі жылдың ақпан айында Елбасы кітапханасы мен Нұр-Сұлтан қаласы Суретшілер одағының бейнелеу өнері майталмандары мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің арасында жариялаған республикалық байқаудың ІІ-кезең қорытындысының жүлдегерлері марапатталды. Суретші Оралбаева Зәмзегүл "Өмір ағашы" туындысымен гран-при жүлдесін жеңіп алды. Өзінің айтуынша, Қазақстандағы алғашқы жеңісі екен.
"Өмір ағашы" туындыммен гран-при жүлдегері атандым. Оны 2018 жылы жасап шықтым. Сәл толқып тұрмын. Бұған дейін де бірқатар жарысқа, конкурсқа қатысқан едім, алайда бұл өз елімде алған тұңғыш жүлдем. Мен бастысы қатысу деген ұстанымда болдым, жүлдегер атанам деп ойламадым. Бір ай шамасында орындап шықтым. Шабытты табиғаттан аламын. Мен ұсынған текеметтің бетінен ерекше ағаштың бейнесін байқауға болады. Күнделікті өмірде тамыры терең еменге рухы мықты адамдарды теңеп жататынымыз бекер емес. Кез келген ағаш адамның өмірін, әулетінің шежіресі мен бабалар өсиетімен тығыз байланысын бейнелейді. Мұндай сайыстардың арқасында қарапайым жұрт пен шетелдік қонақтар қазақ халқының ұлттық өнерімен жақынырақ таныса алады. Сол себепті ұйымдастырушыларға халқымның атынан алғысымды айтамын. Осыған дейін Ресей секілді елдерде бірінші орын алғам. Өз еліңде жүлдегер атану басқаша, керемет әсер сылайлайды екен", - деді Оралбаева Зәмзегүл.
Ал І орындарды "Кескіндеме" номинациясының жеңімпазы Ренат Елубаев, "Графика" номинациясының жеңімпазы Өмірбек Тілеулиев, "Сәндік-қолданбалы өнер" номинациясының жеңімпазы Мараш Кениева, "Мүсін" номинациясының жеңімпазы Тілеужан Батанов иеленді. ІІ орынды "Сәндік-қолданбалы өнер" және "Кескіндеме" номинацияларының жеңімпаздары, Дария Қалымова мен Сенбіғали Смағұлов алды. ІІІ орынды иеленген Алмас Сырғабаев "Графика" номинациясын жеңсе, Нина Терещенко мен Исмаил Ачилов "Кескіндеме" номинациясының жеңімпазы атанды.
Сонымен қатар аталған көркем өнер байқауы "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласындағы Елбасының ойын жалғастыратынын атап өткен жөн. Оның аясында тарихқа із қалдырған ұлтымыздың дара тұлғалары бейнеленген бейнелеу өнері мен қазіргі өнер саласының бірегей галереясы құрылатын болады..
Еске сала кетейік, байқаудың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша осы жылдың шілде айында қатысушылар жұмыстарының көрмесі және марапаттау рәсімі өткен еді.
Назерке Сүйіндік
-
Елордада кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді
-
Президент соңғы жылдардың тенденцияларына арналған басымдықтарды көрсетті - сарапшы
-
Сайлау: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев таңдау жасады
-
Ақберен Елгезек: Президент құр сөз болып қалатын дүниелерді емес, орындалуы тиіс нақты істерді айтты
-
Мереке қарсаңында елордадағы кафе мен мейрамханалардың жұмысы ерекше бақылауда болмақ
-
ҚР Тұңғыш Президенті күні: Н. Назарбаевтың үздік бастамалары мен пайдалы шешімдері
-
Елордада «Ұлы дала құндылықтарының» концепциясы таныстырылды
-
Елордада ауыл әйелдерінің III Республикалық форумы басталды
-
Елордада «Astanа Media Week» IV медиаапталығы өтеді
-
Елордада санитарлық талапты сақтамаған 150 нысанға 41 млн теңге айыппұл салынды
-
Қазақстандық кәсіпкерлер Президент қолдауына ие - А. Мырзахметов
-
Елордада белгілі суретші Қазақбай Әжібекұлының жеке көрмесі ашылды
-
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды
-
Құтқарушылар күні: Елордада жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
-
Елордадағы "ерекше" балалар "Ailand" орталығына тегін саяхаттады

