• Басты
  • Елордада санитарлық талапты сақтамаған 150 нысанға 41 млн теңге айыппұл салынды
2 Қараша, 2020 15:23

Елордада санитарлық талапты сақтамаған 150 нысанға 41 млн теңге айыппұл салынды

Бүгін, яғни 2 қараша күні СЭС мамандары мен республикалық қоғамдық бақылау қызметкерлері ел астанасындағы Есіл аудандық №1 Халыққа қызмет көрсету орталығына рейд жүргізді. Бұған дейін аталмыш орталықтың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындамағаны жөнінде шағым түскен еді. Сонымен қатар рейд барысында мамандар ауданда санитарлық талапты сақтамаған 150 нысанға 41 млн теңге айыппұл салынғанын атап өтті. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында. 

Елордада санитарлық талапты сақтамаған 150 нысанға 41 млн теңге айыппұл салынды

Елордадағы Есіл аудандық №1 Халыққа қызмет көрсету орталығының жетекшісі Нұрсұлтан Сәдібеков аталған орталықта неліктен санитарлық талаптардың орындалмағанына тоқталып өтті.

«14 қазан күні СЭС мамандары Нұр-Сұлтан қаласы бас анитарлық мелекеттік дәрігерінің қаулысындағы талаптарын сақтауға байланысты тексеріс жүргізген болатын. Рейд кезінде бірқатар қателік анықталды бізде. Бүгін осыған байланысты СЭС және қоғамдық бақылау қызметінің мамандарын шақырып, содан бері қандай жұмыстар істелгенін көрсетіп жатырмыз. Жалпы, СЭС-тің талабынша, қызметкерлер әрдайым бетперде киіп жүріге міндеттеледі. Бізде аяғы ауыр келіншектермен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар да жұмыс істейді, оларда тыныс алу кезінде бірқатар қиындық туындаға. Сондықтан да осындай бұзушылықтар анықталып отыр. Негізі қызмет алушы мен қызметкерлердің арасында әлеуметтік қашықтық сақталған, сондай-ақ олардың арасы арнайы қорғаныш құралымен бөлінген. Қазіргі кезде қызметкерлер 2 сағат сайын бетпердені ауыстырады. Өздеріңіз көргендей, бірінші қабатта қолданылған бетперделерді тастайтын арнайы жәшіктер қойылған», - деді орталық жетекшісі.

Сонымен қоса ол ХҚКО-ға келетін тұрғындарды санитарлық талаптарды орындауға шақырды. Себебі, оның айтуынша, кей азаматтар талаптарды орындауға құлықсыз.

«Қазіргі таңда ХҚКО-ға келген азаматтар арасындағы әлеуметтік қашықтық сақталған. Осы орайда тұрғындарды да түсіністік танытуға шақырғым келеді. Біз талаптарды сақтау туралы ескертау жасаған кезде, олар әртүрлі реакция тантады. Орталық азаматтардың қауіпсіздігі үшін жауап береді. Сондықтан түсіністік танытып, барлық талаптарды орындауға шақырағым келеді», - деді Нұрсұлтан Сәдібеков.

Сонымен қоса Республикалық қоғамдық бақылау қызметінің үйлестірушісі Саида Таукелева расымен де рейд кезінде бұған дейін түскен шағымдағы барлық бөлімнің қайта қалпына келтірілгенін атап өтті.

«Бүгін біз қала әкімшілігі санитарлық эпидемиологиялық станцияның монитринг жасайтын тобымен бірге Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығына келдік. Өйткені бұған дейін аталмыш орталықта санитарлық талаптардың орындалмағаны жөнінде шағым келіп түсті. Осыған байланысты біз орталықты аралап шықтық. Нәтижесінде барлық бұзушылық жойылып, қалпына келтірілген. Өзідеріңіз көргендей, қызметкерлердің барлығы бетперде киген, антисептик құралдары бар, сонымен қоса әлеуметтік қашықтық сақталған», - деді Саида Тәукелева.

Сондай-ақ ол да тұрғындарды өз тарапынан барлық талаптарды сақтауы тиіс екенін еске салды.

Бұдан бөлек Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы тауарлар мен қызмет көрсету сапасын қадағалау басқармасы басшысының орынбасары Нұрбек Қуанышбеков аудан бойынша екі Халыққа қызмет көрсету орталығына шағым түскенін айтты. Оның мәліметінше, екеуіне де айыппұл салынған.


«Қазіргі таңда Есіл ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мобильді топтарында тексеріс жүргізілді. Мобильді топ тексеріс нәтижелері бойынша екі Халыққа қызмет көрсету орталығында Нұр-Сұлтан қаласы бас санитарлық мемлекеттік дәрігерінің қаулысы орындалмағаны анықталды. Атап айтсақ, азаматтардың дене қызуын өлшеу, бетперде кию тәртібін бұзу, сонымен қоса әлеуметтік қашықтықты сақтамау ережелерінің бұзылғандығы белгілі болды. Соған байланысты Есіл аудандық полиция басқармасымен рапорт жіберілетін болады. Сол бойынша екі Халыққа қызмет көрсету орталығына айыппұл салынды. Әкімшілік құқық қорғау кодексінің 425-бабының 1-бөлімі бойынша 115 айлық есептік көрсеткіш айыппұл (АЕК) салынған», - деді ол.

Оның айтуынша, қысқартылған жеңілдік бойынша, бір апта олар айыппұлды көлемінде төленуі тиіс. Біреуі төлеген, екіншісінің төлеу процесі жүріп жатыр.

Сонымен қоса ол соңғы үш айда бір Есіл ауданы бойынша 15 нысанға айыппұл салынғанын тілге тиек етті.

«Биыл тамыз айынан бастап бүгінгі дейін елордалық бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысындағы талаптарды орындамағаны үшін Есіл ауданындағы 150 нысанға айыппұл салынды. 41 миллион теңгені құрайды», - деді басқарма басшысының орынбасары.


Барлық жаңалықтар
100.24.113.182, 192.168.88.100