Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда

3 Қараша, 2021 11:44

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық сананы жаңғыртуға қажетті жұмыстар, жүзеге асырылған жобалар және қолға алынған шараларға тоқталуды жөн көрдік. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі аталған бағдарламаның бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы сынды 6 бағытын басшылыққа ала отырып, 17 арнайы жобаны іске асырудың жол картасы мен индикаторлары аясында тисті жұмыстар атқарып жатыр. Осы орайда, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жобалық кеңсе жанынан құрылған оқыту орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мақсат-міндеттерін түсіндіру және кеңінен насихаттау мақсатында мемлекеттік және бюджеттік мекемелердің қызметкерлеріне арналған жалпы саны 60-тан астам дәрістер, оқыту семинар-тренингтер ұйымдастырған.

«Туған жер» арнайы жобасы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іс-шаралардың негізін 3 бағыт құрайды. Олар, жеке тұлға дамуы, ұлтаралық бірегейлік жəне халықаралық позициялау және мемлекеттің, азаматтық қоғамның жəне жергілікті қоғамдастықтардың дамуы. Биылғы жылы «Туған жер» арнайы жобасы аясында елорда меценаттарының қолдауымен жалпы 85,8 миллион теңгеге көмек көрсетілген. Осы жоба шеңберінде демеушілердің 4 млрд 100 мың теңгені құраған қаржылай көмегімен 3 миллионнан астам адам бағдарламаның игілігін көрген. Сонымен қатар, «Туған жер» арнайы жобасының аясында «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған.

«100 жаңа есім» арнайы жобасы

«100 жаңа есім» арнайы жобасының мақсаты – Тәyелсiздiк жылдаpы Қазақстанның дамyына елеyлi үлес қосқан азаматтаpдың таpихы мысалында табысқа жетy, бәсекеге қабiлеттiлiк, пpагматизм және бiлiмге табынy идеялаpын iлгеpiлетy. Жобаның жеңімпаздары болып анықталып Ұлттық әйелдер хоккей лигасында ойнаған алғашқы қазақ ойыншысы Бұлбұл Қартанбай, суретші, иллюстратор Әйгерім Кәрібаева және балалар дәрігері - реабилитолог Латиф Парпиев атанған. Жеңімпаздар қала әкімінің қабылдауында болып, қоғамға пайдалы жұмыстарына әкімдік тарапынан қолдау алған. Биылғы жеңімпаздарды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов арнайы қабылдаған. Сонымен қатар жоба жеңімпаздарының қоғамға пайдалы жұмыстарына әкімдік тарапынан қолдау көрсетілген. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «100 жаңа есім» арнайы жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласының 14-29 жас аралығындағы жастар арасында «Brain games» зияткерлік ойындар жобасын өткізген. «Brain games» жобасы аясында бірнеше спорт түрінен, атап айтқанда, киберспорт, шахмат және тоғызқұмалақтан жыл бойы маусымдық ашық турнирлер өткен.

«Ұлы даланың ұлы есімдері»

«Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында аясында елордадағы барлық қоғамдық көлік аялдамалары мен жарнамалық орындарда ел тарихында есімі ерекше аталатын тұғырлы тұлғаларымыздың нақыл сөздері орналастырылды. Сонымен қатар биыл Нұр-Сұлтан қаласында бірқатар ұлы тұлғалардың ескерткіштері орнатылды. Елорда күніне орай Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Алаш қайраткерлері – Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлына арналған ескерткіш ашылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына президент Қ.Тоқаев, мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, үкімет мүшелері, алаштанушы ғалымдар қатысқан. Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне орнатылған ескерткіш ашылған. Ескерткіш Әлихан Бөкейхан мен Керей, Жәнібек хандар көшелерінің саябақтың аумағында орналасқан. Ел Президенті жыл сайын Елорда күні қарсаңында қаланың рухани келбетін көркейте түсетін жаңа кешендер ашылатынын атап өтіп, былтыр осы игі дәстүрмен Елбасы кітапханасы музейінің бой көтергенін және оның алдынан ашылған саябақ қала тұрғындары үшін жайлы демалыс орнына айналғанын айтты. Елорда күніне орай ұлы ғалым Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш орнатылды. Сонымен қатар, көрнекті күйші Дина Нұрпейісованың ескерткіші Абылай хан даңғылы мен Күйші Дина көшесінің қиылысында орнатылған.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы аясында «Қасиетті Қазақстан» дамыту ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жұмабаев Батырхан Елікұлы «Рухани жаңғыру»бағдарламасы-Заманауи қазақстанның идеологиялық платформасы» тақырыбында ҚАЗГЗУ Гуманитарлық заң колледжі қызметкерлеріне дәріс өткізген. Сонымен қатар, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» тақырыбында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» қызметкерлерімен zoom платформасы арқылы онлайн-дәріс өткізген.

Сондай-ақ, аталған бағытта Нұр-Сұлтан қаласының білім беру мекемелері оқушыларына түрлі дәрістер, онлайн экскурсиялар ұйымдастырылған. Нұр-Сұлтан әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған телекөпір барысында мамандар елорданың әрі республиканың аймақтарынан тікелей эфирге шыққан. Жиын барысында еліміздің тарихи маңызды орындарынан арнайы репортаж жүргізілген. Атап айтсақ, «Алжир» саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайы, Қарағанды облысындағы «Долинка» саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайы мен өзге де тарихи маңызды орындардан тікелей эфирде мағлұмат беріліп, аталған мұражайларға қысқаша онлайн экскурсия да жасалған.

«Түркі әлемінің генезисі», «Архив-2025» арнайы жобалары

«Түркі әлемінің генезисі», «Архив-2025» арнайы жобалары аясында мемлекет және қоғам қайраткері, саясат ғылымдарының докторы Исақұлов Ержан, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің аға ғылыми қызметкері Оразбай Зәріпбайдың «Шыңғыс хан» кітабының Нұр-Сұлтан қаласындағы таныстырылымы өтті. Кітапта «Ортағасырлық энциклопедия» ретінде танылған «Жамиғ ат-тауарихта» келтірілген деректерден басқа XV және XVI ғасырларда парсы тілінде жазылған Шараф ад-Дин Әли Йаздидің «Зафар намасы» мен Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты туындыларынан түркі және мұғул тайпаларының пайда болған уақыттары туралы тың деректер келтірілген.

«Түркі әлем генезисі» арнайы жобасы

«Түркі әлем генезисі» арнайы жобасының аясында Мажарстан мен Қазақстан Сыртқы істер министрлерінің қатысуымен Халықаралық Түркі академиясында бірқатар құнды еңбектер жарық көрген. Атап айтқанда, ұлы дала жыршысының 175 жылдық мерейтойы аясында «Жамбыл жырлары – Dzsambul muvei» қазақ-мажар тілдеріндегі Жамбыл Жабаевтың тұңғыш жыр жинағының, аты аңызға айталған Аттила туралы “The Lord of Europe Attila” (Еуропа әміршісі Атилла) атты ғылыми еңбектің, әйгілі мажар саяхатшысы, мажар түркологиясының негізін қалаушылардың бірі Армин Вамбери туралы «Түркі дүниесінің мажар ғалымы» атты жаңа кітаптың, Гуннас Аттиланың аңызға айналған билеушісі «Европа» туралы ғылыми еңбектің тұсауы кесілген. Ғылыми еңбектер тың деректерімен және арғы ғұн замандарынан орта ғасырдағы түркі дәуіріне дейінгі дәстүр сабақтастығын жаңа көзқарас тұрғысынан саралағанымен ерекшеленеді, мазмұнды зерттеу мақалалары да қамтылған. Халықаралық Түркі академиясында онлайн форматта көрнекті түрколог, түркі тіл білімі саласының білгірі Ә. Тенишевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Әдһәм Тенишев – түркі тіл білімінің сардары» атты халықаралық конференция өткен. Нұр-Cұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының ұйымдастыруымен «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» атты халықаралық конференция өтті. Түркістанның мәртебесін айқындап, әлеуетініне серпін берген, түгел түркінің төріне айналдырып, тамырластығы мен бауырластығын бекемдей түскен Саммиттегі басты оқиға ретінде «Түркістан декларациясы» қабылданып, «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» болып жарияланды. «Түркістан декларациясы» Қазақстанның түркі әлеміндегі көшбасшылық ұстанымдарын бекітудің тағы бір байсалды қадамы болды.

Барлық жаңалықтар