• Басты
  • Елордада Құранның жаңа аудармасының таныстырылымы өтті
25 Ақпан, 2020 15:38

Елордада Құранның жаңа аудармасының таныстырылымы өтті

Қасиетті Құранның жаңа аудармасы мен тәпсірі жарық шықты. Аталмыш кітаптың таныстырылымы елордада өтті, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.

Елордада Құранның жаңа аудармасының таныстырылымы өтті

Қасиетті кітапты араб тілінен аударған исламтанушы, ҚМДБ наиб мүфтиі Ершат Оңғаров. Сонымен қатар Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, прозаик Нұржан Мұраталиев қазақ тілінің әдеби мәнерімен өрнектеп, редакциялады.

"Қасиетті Құран: мағынасы мен түсініктемелері" атты еңбектің таныстырылмына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, зиялы қауым өкілдері мен дін қайраткерлері қатысты.

Өз сөзінде ол: "Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы биыл отыз жылдығын атап өтіп жатыр. Осы орайда бірқатар іс- шараны өткізу жоспарланып отыр. Бұл жиынның негізгі мақсаты - қасиетті кiтабымыз Құранды елге қазақ тiлiнде, қазақтың салтына сай түсіндіріп жеткізу. Қасиеттi Құранның аудармасы және оның тәпсiрi жарық көріп жатыр, Алла қаласа бүгін қалың оқырмаға жол тартады. Зиялы қауым өкiлдерiмен, дін қайраткерлерiмен бірге тұсаукесерiн өткiзiп жатырмыз", - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Cонымен қатар басқосуда жастарды деструктивті ағымның арбауынан сақтау мәселелері, осы бағытта жүзеге асатын іс-шаралар жоспары сөз болады.

Сондай-ақ бұл аударманың ерекшелігі қасиетті аяттар араб тіліндегі түпнұсқадан аударылған, аяттардың қазақша мағынасы берілген, аяттың тәпсірі, түсініктемесі мен тарихы жан-жақты жазылған, сүренің қазіргі ғылыммен байланысы баяндалған, араб тіліндегі аяттың дұрыс оқылу транскрипциясы берілген. 

Айта кетейік, кітап көлемі 1000 беттен асады. Аудармашы аударма барысында  Мысыр, Түркия, Араб мемлекеттеріндегі түпнұсқа қолжазбаларға сүйене отырып, дін мен дәстүрді сабақтастығына мән берген.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды