• Басты
  • Елордада құрамында қанты бар сусындарға салық салу мәселесі талқыланды
29 Қаңтар, 2020 10:59

Елордада құрамында қанты бар сусындарға салық салу мәселесі талқыланды

Дүниежүзілік банктің денсаулық сақтау саласындағы сарапшылары мен ҚР Денсаулық сақтау саласының өкілдері Қазақстандағы қанты бар сусындарға салық салу мәселесін талқылады, деп хабарлады Strategy2050.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Елордада құрамында қанты бар сусындарға салық салу мәселесі талқыланды

Жаhандық көрсеткішкіштер құрамында қанты бар сусындарды көп мөлшерде тұтыну әртүрлі ауруларға алып келетіні көрсетіп отыр.

Орталық Азия бойынша адами даму әлеуеті бағдарламасының жетекшісі Сусанна Айрапетян инфекциялық емес аурулармен күресудегі халықаралық тәжірибе туралы айтып берді.

"Кез-келген жаңа салықты қолға алған кезде мынадай: «не үшін, неге дәл қазір және салықтың қандай әсері бар?» үш сұрақты қою керек. Мен бүгін осы үш сұраққа жауап бере аламыз деген ойдамыз. Бүгінгі баяндамамда алдымен «неге?» деген сұрақұа жауап беруге тырысып, жаһандық дәлелдер мен салықтың осы түріне байланысты халықаралық тәжірибені көрсеткім келеді. Осы жерде атап өту керек, Қазақстан ТМД-да осы салық түрін енгізуде әлеуетті түрде алғашқы ел болмақ. Бұл арқылы сіздер осы аймақта осы бағытта жұмыс істеп жатқан көшбасшылығыңызды көрсете аласыз. Неліктен қазір екені барлығына түсінікті шығар", - деді ол.

Сондай-ақ ол Қазақстанда құрамында қанты көп азық-түлік немесе өнім көбейіп жатқанын айтты.

"Сонымен қатар қантты мөлшерден тыс қолданудан туындайтын аурулардың саны да артқан. Енді міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыруды енгізгеннен кейін қантты тұтыну салық төлеушілер мен мемлекеттің мойнына ілінеді. Мұндай сақтандыру жүйесін іске асыруға болады және іске асқан жағдайда мүмкін болатын шығындардың алдын алуға болады. Мұндай салықты енгізу денсаулық сақтау жүйесіне, экономикаға және адамның денсаулығына оң ықпал ететіні анық. Тағы бір мәселе, жаңа салық енгізген кезде оппозиция тарапы және тағы басқа шаралар шығатыны заңды. Сондықтан мұндай салықты енгізетін кезде мемлекет тауар өндірушілер не басқа тараптың уәждеріне жауап беруге дайын болу керек. Негізгі уәждер: бұл салықтардың агрессивті характері бар. Бұл аргументтердің барлығына жауап бере алатын маманымыз бар және ол сол уәждердің көп болмайтынына да көз жеткізеді",-деді ол.

Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департамені директорының орынбасары Зауре Ахметова бүгінгі күнде дерттің ішінде инфекциялық емес аурулар үлесі 57 пайызды құрап отырғанын айтты. 

"Өлім-жітім көрсеткішін алатын болсақ, инфекциялық емес аурудан көз жұмғандар саны 60 пайызды құрайды. Соңғы бес жылда Қазақстанда инфекциялық емес аурулар көрсеткіші артып отыр. Жүрек-қан тамырлар ауруы 16 пайызға,онкологиялық аурулар 2,4 пайызға өсті. Қант диабеті 31,1 пайызға артса,тыныс жолдары дерті 1 пайызға артты",-деді З. Ахметова.

Сондай-ақ,ол соңғы деректер бойынша қазақстандық тұрғындардың аяқ астынан көз жұмуының себебі 1-4 инфекциялық емес аурудан болатвны 28 пайызды құрап отырғанын айтты.

"Инфекциялық емес аурулардың қарқынды дамуының себебі - дұрыс тамақтанбау. Соңғы зерттеулер бойынша халықтың 33,3 пайызы артық салмақтан зардап шегеді. Семіздік халық арасында 2,9 пайызды құрап отыр. Оқушы балалар газдалған сусындарды көп мөлшерде тұтынады. Ұлттық орталық жүргізген зерттеу қорытындысы бойынша 8-9 жастағы балалардың 20 пайызы артық салмақтан,3,2 пайызы семіздіктен зардап шегуде",-деді ол.

Сонымен қатар, ол Денсаулық сақтау министрлігі инфекциялық емес аурулардың алдын алу шараларын жүргізіп жатқанын айтты.

"2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы аясында халықтың барлық санаты арасында дұрыс тамақтануды қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Дұрыс тамақтанудың бірыңғай стандарты жасақталып, мектептерге белсенді енгізіліп жатыр. Сондай-ақ,мектептерде тәтті сусындарды сату шектелді. Аталған жұмыс барынша тиімді болмай шықты. Статистика онымен күресудің басқа жолын қарастыру қажеттігін көрсетті",-деді ол.

Ол айтып өткендей, ДДСҰ ұйымының ұсынуынша күніне қантты 25 грамм мөлшерінде ғана тұтыну қажет. 

"Дүниежүзілік банк сарапшылары жүргізген сараптамалар нәтижесінде біз сектораралық салық арттыру шарасын жүзеге асыра аламыз. ДДСҰ сарапшылары ұсынып отырған бір нұсқаны қабылдаймыз",-деді ол.

Айта кетейік, соңғы бес жылда 30 ел құрамында қанты бар сусындарға салық енгізді. Бұл инфекциялық емес ауруларды төмендету мақсатында жүзеге асырылғсн іс-шара. Әр елдегі салық салу бір-бірінен ерекшеленеді. Алайда, жаhандық көрсеткіштер сусындар құрамындағы қанттың мөлшері мен көлеміне назар аудару қажеттігін көсетіп отыр.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды