• Басты
  • Елордада оңалту орталықтары салынады
24 Қазан, 2019 16:56

Елордада оңалту орталықтары салынады

Елорда басшысы Алтай Көлгінов Үкіметтік емес ұйымдармен кездесу барысында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталықтары желісін кеңейтуде қолдау көрсететінін атап өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордада оңалту орталықтары салынады

Қала басшысы Алтай Көлгінов қабылдауға жазылған азаматтармен кездесті. Кездесу кезінде ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін оңалтуды ұйымдастыру, атаулы әлеуметтік көмек алу, сауда орындарын ашу, жұмысқа орналасу және тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мәселелері көтерілген. Бұдан бөлек, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға ерекше көңіл бөлінетіні айтылған. 

Сондай-ақ, хабарламаға сүйенсек, елордада екі оңалту орталығы салынады. Сонымен бірге, тұрғын үйлердің құрылысы кезінде бірінші қабаттарда емхана, балабақша, оңалту орталығы сияқты әлеуметтік нысандарды ашу көзделуде. Үкіметтік емес ұйымдармен кездесу барысында Алтай Көлгінов әкімдік ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталықтары желісін кеңейтуде қолдау көрсететінін атап өтті. 

Айта кетейік, соңғы үш айда елорда әкімі Алтай Көлгінов 500-ден астам адамды қабылдады. Жалпы, азаматтар апта сайын қабылдауға кіреді. Келіп түскен әрбір өтініш бойынша жұмыстар жүргізіледі. Тұрғындарды қабылдау аудандық әкімдіктерде және "Жанұя" отбасы институтының қолдау орталығында өтеді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды