• Басты
  • Елордада үнділік саридің 33 түрі таныстырылды
3 Наурыз, 2020 17:40

Елордада үнділік саридің 33 түрі таныстырылды

Елордада «Үнділік сари: ескірмейтін әсемдік» дәстүрлі үнділік тоқыма өнімдерінің көрмесі өтті. Көрмеге 7 шттаттан 33 сари қойылды. Шараны Үндістанның Қазақстандағы елшілігі жанындағы Свами Вивекананда атындығы мәдени орталығы ұйымдастырып отыр.  Бұл көрме Махатма Гандидің 150 жылдық мерейтойы аясында өткізіліп жатыр, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
 Елордада үнділік саридің 33 түрі таныстырылды

Көрменің ашылуын ҚР Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы сән салтанатымен әлемге танымал үнділік сари шараның сәнін келтіріп отырғанынан бастады.

арыс.jpg

«Наурыз айының он сегізінде Делидегі Ұлттық музейде Алтын адамның көрмесін өткізуге дайындалып отырмыз. Бұл көрмені екі жыл бұрын өткізуді жоспарлаған болатынбыз. Ол кезде ҚР-ның Үндістандағы елшісі Болат Сәрсенбаев осы жерде тұр. Қазір біздің арнайы елшіміз. Ол кісіге де алғысымыз шексіз. Баршаңызға сәттілік тілеймін», - деді А.Мұхамедиұлы.
Өз кезегінде Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Прабхат Кумар Үндістанның ең сүйікті киімі саридің көрмесінде жұртшылықпен қауышқанына қуанышты екенін жеткізді.

посол.jpg

«Қазақстанда көпшілік алдына әйелдер сари киіп шыққанда, оларға ерекше назар аударып, онымен суретке түсуді сұрайды. Қазақстан үнді мәдениетімен ертеден таныс. Ал соңғы жылдары Қазақстанда танымал болған үнділік болливуд сериалдарының арқасында үнді әйелдерінің сүйікті киімі, яғни сариды қазақстандықтар теледидарлардан тіптен жиі көретін болды», - деді П.Кумар.
Сондай-ақ, елші аталған көрмеде бірнеше ғана штаттан сарилер жеткізілген болса да, жасанды маталардан бастап жібекке дейінгі сарилер бар екенін айтты.
сари бір.jpg

«Ер адамдар батыстық стильмен киінсе де, дәстүрлі киім үлгілері көп сұранысқа ие. Бірақ, деректерге сәйкес, сари бейресми, ресми жағдайларға арналған басты киім болып табылады. Сари талғампаздығы, стилі және кез келген жағдайға сәйкестігі бойынша   теңдессіз таңдау болып қала береді. Сари киноиндустриясында сәнді дизайнерлер арасында, сондай-ақ, кез келген қызметтегі көшбасшы әйелдер арасында жоғары бағаланады», - деді елші.
Оған қоса, елші Үндістанның бұрынғы Премьер-Министрі Индира Ганди, Қаржы министрінің көпшілік алдына сариді киіп шығатынын мысалға алды.
айел.JPG

«Сонымен қатар, Бангладеш, Пәкістан, Непал сияқты елдердің көшбасшылары да сари киеді. Мысалы, Бангладеш Премьер-Министрі үнемі саримен жүргенін байқауға болады. Сари 6 мың жыл бұрын пайда болған және бүгінгі күнге дейін бар.Әрбір өңір бойынша сари ұзындығы мен матасы жағынан ерекшеленеді. Олардың бағасы бірнеше рупиден бастап 100 мыңға дейін өседі», - деді ол.
Сондай-ақ, саридің ұзындығы 3 метрден 6 метрге дейін жетеді. Алғаш қарағанда қиын көрінгенімен, сариді киюге бір минут уақыт қана кетеді. Тұрмыс құрған, құрмаған және жесір әйелдердің киетін сарилері ерекшеленеді. 

сари шүберек.JPG

Оған қоса, саридің біртұтас ұзын матадан құралуының себебі наным-сенімдері бойынша бөлек киімдерінің болмауымен байланысты. Үнді мұсылмандарының киетін сарилері табиғат өрнектерін көптеп қолданылуымен ерекшеленеді. Айта кетейік, көрме 15 наурызға дефйін жалғасады.

Аягөз Құрмаш

Барлық жаңалықтар