• Басты
  • Елордада мыңға жуық бухгалтер саланың жаңашылдықтарын талқылады
30 Қаңтар, 2020 11:16

Елордада мыңға жуық бухгалтер саланың жаңашылдықтарын талқылады

Нұр-Сұлтанда бухгалтерлер мен жетекшілерге арналған IX форумы өтті. Сарапшылар 2020 жылғы ҚР Салық Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды. Сонымен қатар, форумға қатысушылар МӘМС бойынша төлем қабылдау тәртібі "1С" шешімдері үшін заңнамалық өзгерістерді қолдау мәселелері қаралды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Елордада мыңға жуық бухгалтер  саланың жаңашылдықтарын талқылады

Қазақстанның салық кодексіне енгізілген барлық өзгерістер мен 2019 жылғы жылдық есеп беру мәселелері бойынша құзырлы органдардың мамандары баяндады.

Салық заңнамасына биылғы жылдың басты жаңашылдықтардың бірі - Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, шағын және микро кәсіпкерліктің дамуына жайлы жағдай жасау мақсатында тексеріске, салықтық бақылау мен қадағалау шараларына үш жыл мерзімге мораторий енгізу.

"1С Қазақстан" директоры Д. Годун саланы қандай жаңашылдықтар күтіп тұрғанын айтты.

"Біз Қазақстанның заңнамалық өзгерістеріне еніп жатқан барлық өзгерістерді қолдаймыз. Жедел бейімделуге тырысамыз. Шешімдер шағын және орта бизнеске,бухгалтерияға қатысты болып отыр. Барлық өзекті өзгерістерді қолдаймыз. Бухгалтерлердің жұмысын жеңілдетуге,тиімді ететін әдістерді енгіземіз", - деді Д.Годун.

Сондай-ақ, Д.Годун аталған форумдар арқылы бухгалтер мамандар кәсіпкерлікте жұмысын сапалы істеуге тырысатынын жеткізді.

"Бұл салада жаhандық проблемалар жоқ. Алайда, біз мемлекеттік ұйымдар мен органдардан ақпараттың ашықтығвн қалайтын едік. Себебі, бұл бухгалтерлер мен жалақыны есептейтін адамдарға қажет. Көп жақсы дүниелер,жаңашылдықтар жасалып жатыр. Тек техникалық тұрғыда жедел өзгеріс шаралары кезінде ақпарат алуға қолжетімділік баяулап қалады", - деді ол.

Д.Годунның айтуынша, әлемдік трендтерді ескере отырып Қазақстанда жаңашылдықтар енгізу де қарастырылып отыр.

"Әлем бойынша бухгалтерлер трансформацияланып жатыр. Бухгалтер есепші ғана емес, ол күрделі шешім қабылдайтын менеджер болып кетті. Сондықтан олардың жұмысын жақсарту үшін сервистік қызметтерді жақсарту керек", - деді ол. 

Сондай-ақ,ол "1C” IT компанияларға жәрдемдесетінін айтты.

"Біз бағдарламалвқ өнімдерді енгізетін компанияларға толық сүйемелдеу жұмысын жүргіземіз. Қазақстанда кәсіпкерліктің ашылуына жәрдемдесіп жатырмыз. Қазір біздің әріптестеріміздің саны 60-қа жуы. Осы компанияларға қолдау көрсетеміз", - деді ол.

Айта кетейік, қазіргі таңда шағын бизнес субъектілерінің жылдық орташа кірісі 795 300 000 теңге боьатын ЖК мен заңды тұлға кірсе,микрокәсіпкерлік субъект санатына жылдық орташа кірісі 79 530 000 теңге болатвн ЖК мен жеке тұлға жатады.

Форумға қатысушылардың көбін МӘМС жарналары мен биылғы жылдың "айлық" жаңашылдықтарына байланысты азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімдер бойынша айлық төлемақыны есептеу мен есептеу айырысу тәртібіндегі өзгерістер қызықтырды. Қабылданған және жоспарлы өзгерістерді есепке ала отырып,2020 жылдан бастап айлықты қалай дұрыс есептеу керек,медициналық сақтандыру бойынша кімге қанша жарна аударылуы тиіс,сондай-ақ Қазақстан үшін 1С типтік шешімдегі фирмаларда 2020 жылдың заңнамадағы басты өзгерістерін айтылды.

Аталған форумға мыңға жуық Бухгалтер қатысты. Тіркеуден 2 мыңға жуық қатысушы тіркелген. Республиканың әр түкпірінен онлайн қатысып отырғандардың саны да жетерлік.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды