- Басты
- Жаңалықтар
- Елордада «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда мемлекеті тарихы» кітабының тұсауы кесілді
Елордада «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда мемлекеті тарихы» кітабының тұсауы кесілді
Бүгін Елбасы кітапханасында «Ұлы дала және Қазақ мемлекеттілігі: жаңаша ой мен тың көзқарас» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясы өтті. Іс-шара барысында белгілі тарихшы, профессор Бүркітбай Аяғанның «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда мемлекеті тарихы» атты қос тілді дәрістер жинағының тұсауы кесілді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Конференция алғысөзі Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболаттың сөзімен басталды. Оның айтуынша, отарлық кезең мен кеңес дәуірі тұсында ұлтымыздың тарихы зерттелмей, шежіреміздің ұмытылғанын атап өтті.
«Тарих тұрғысынан 30 жыл – азғантай ғана мерзім. Алайда соңғы үш ғасырда саяси, әлеуметтік-мәдени қысымда өмір сүрген Қазақстан үшін 30 жыл ұлттық идеяны жанғыртудың, тәуелсіз мемлекетті тұрғызудың межесіне айналды.Ұлы дала зиялыларының өмірі мен мұрасын насихаттау – біздің азаматтық әрі адамзаттық борышымыз»,-деді Бақытжан Темірболат.
Іс-шара барысында белгілі тарихшы, профессор Бүркітбай Аяғанның «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда мемлекеті тарихы» атты қос тілді дәрістер жинағының тұсауы кесілді. Бұл кітаптар жаңа фактілерге негізделген және қазақ мемлекеттілігі тарихындағы маңызды кезеңдер туралы егжей-тегжейлі баяндайды.
«Елбасымыздың кітапханасында жүзеге асырып жатқан тұсаукесер біздің қоғамды, оның ішінде шетелдіктерді біздің замандастарымыздың, ғалымдарымыздың, жазушыларымыздың «Тәуелсіздіктің мәдени коды» атты ірі жоба аясында өтіп жатқанын атап өткім келеді», - дейді Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың кандидаты Бақытжан Темірболат.
Автор Бүркітбай Аяғанның сөзінше, бұл кітап Еуразияда жетіспейді. Кітаптың негізгі концепциясы Алтын орда мемлекеті жайлы кеңінен жазылған. Алдағы уақытта кітапты ұлттық мұражайға және университеттерге жіберу жоспарда бар екенін атап өтті..
«Кітап спонсорлардың 500 данасы ғана көмегімен жарық көрді.Кітаптың негізгі мазмұны Алтын орда қайдан шықты, қалай көркейді және қалай құлдырады. Екінші мәселе Қазақ халқына әсері жайлы жазылды. Жалпы білім мен ғылымды дамытқан мемлекет ретінде зерттей бастадым. Әрине шетел авторларының еңбектеріне анализ жасап, өз ойымда қосу арқылы жаздым», - дейді кітап авторы Бүркітбай Аяған.
Сондай-ақ, Висконсин университетінің құрметті профессоры Юлай Шамильоглу (АҚШ), Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашұлы, Түркі әлемі институтының директоры, Саясаттану факультеті Халықаралық қатынастар бөлімінің қауымдастырылған профессоры (доцент) Мерием Хаким (Түркия), ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының бөлім басшысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ғани Қарасаев, Ресей ІІМ Уфа заң институты Мемлекет және құқық тарихы мен теориясы кафедрасының профессоры, Башқұртстан мемлекеттік университетінің Ресей тарихы, деректану және тарихнама кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Роза Буканова (РФ, Уфа), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Мақсат Алпысбес, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD Жақсылық Сәбитов, т.б. да баяндама оқыды.
Іс-шараға отандық және шетелдік тарихшы ғалымдар, ЖОО оқытушылары, докторанттары мен магистранттары қатысты.
Барлық санитарлық талапты сақтай отырып, онлайн және офлайн форматта өткен іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы және ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты ұйымдастыруымен өтті.
Венера Жоламанқызы











-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда
-
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді
-
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады
-
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды
-
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді
-
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді
-
СOVID-19: Елорда «қызыл» аймақта тұр
-
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді
-
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр
-
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті

