• Басты
  • Елордада «Ұлы даланың киелі мұрасы – ұлттық домбыра» атты кездесу өтті
26 Қыркүйек, 2019 11:30

Елордада «Ұлы даланың киелі мұрасы – ұлттық домбыра» атты кездесу өтті

Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастырумен «Ұлы даланың киелі мұрасы – ұлттық домбыра» атты шығармашылық кездесу кеші өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz
Елордада «Ұлы даланың киелі мұрасы – ұлттық домбыра» атты кездесу өтті | Strategy2050.kz

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, кездесуге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, белгілі жыраушы Алмас Алматов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сегіз сері, Біржан сал, Ақан серілерден бастау алған Арқа әншілік мектебінің жалғастырушы өкілі Ерлан Рысқали мен ұлттық аспапты жасау шебері әрі әнші Тельман Құжиманов қатысып, жиналған қауымға өнер, жыраулық дәстүр жөнінде кеңінен әңгімелеп берді. 

Алғашқы болып сөз алған А.Алматов ежелгі дәуірден қалыптасып бүгінге жеткен жыраулық дәстүр жайлы әңгіме өрбітті. Соның ішінде ол Орхон- Енисей кезеңін қамтып өтіп, ұлттық салт-дәстүрмен сабақтасып жатқан жыраулық дәстүрдің бүгінгі жай-күйіне тоқталды. Сондай-ақ, оның айтуынша, қазіргі кезде 550-ден аса жыраулық дастан бар. Кеш барысында ол «Жыр бастау» атты туындыны орындап, көпшіліктің ерекше ықыласына бөленді.

Өнер әлемінде Қазақстанға ғана емес, жалпы шетелге танымал Е. Рысқалидың Лондонда «Маңмангер» атты ән жинағы шығарылған. Ол бұл іс-шарада жыраулық дәстүрдің ерекшелігіне тоқталып, оның қоршаған орта мен табиғатпен байланысын туралы айтты. Өз кезегінде ол Біржан салдың әнін орындады.

Ал Тельман Құжиманов ұлттық аспапты әзірлеу әдісінің қыр-сырын көпшілікке жіті түсіндіріп, М.Мақатаевтың сөзіне жазылған «Қазағым-ай» әнін орындап берді.




ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды