- Басты
- Жаңалықтар
- А.Көлгінов: Елордада келер жылы 12 мектеп салынады
А.Көлгінов: Елордада келер жылы 12 мектеп салынады
2020 жылы ел астанасында 12 мектеп салынып, пайдалануға беріледі. Бұл туралы бас қаланың 2019 жылдың 10 айындағы әлеуметтік экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз конференциясында елорда әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Қала әкімінің айтуынша, биыл 6 мектеп салынған. Бұл 5 мың оқушыны оқу орнымен қамтуға мүмкіндік бермек.
"Келер жылы 9,5 мың оқушыны қамтитын 12 мектепті салу және пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар 12 мың орындық 8 мектеп салуды бастау жоспарланды. Бүгінгі күні қалада 115 мектеп пен 125 мың оқушы бар. Халықтың өсуімен қалада әлеуметтік объектілерге жүктеме өсуде. 8 мектеп қазір үш ауысымды оқытумен жұмыс істейді. Үш ауысымды оқытумен байланысты мәселені шешу үшін жылына кемінде 10 оқу орнын салу қажет. 2020 және 2021 жылдары 12 мектептен саламыз. Бірінші кезекте мектеп құрылысына арналған орындар анықталды", - деді елорда басшысы.
Сонымен қатар ол мектептердің құрылысына жеке инвесторлар тартылатынын атап өтті. Оның айтуынша, қазір өңірлік кеңесте 22 мың оқушы орнына жеке инвестиция есебінен 22 мектеп салу қолдау тапқан.
"Кешенді жоспар шеңберінде 5 жылдық кезеңге 60 мың орындық 50 мектеп салу жоспарланған. Оның ішінде 10 мектеп қазіргі мектептер аймағында. 2 ауысымда бұл 120 мыңға жуық орын ашуға мүмкіндік береді. Жоспарларды іске асыру 2025 жылға қарай мектеп орындарындағы ағымдағы және перспективалық қажеттіліктерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Елордада еңбек етуге қолайлы жағдай жасау үшін 350 орынға есептелген мұғалімдерге арналған жатақхана салынды. Оқытушылық кадрларды даярлауға гранттар бөлінеді", - деді Алтай Көлгінов.
Сондай-ақ ол бас қаланың денсаулық сақтау саласына тоқталып өтті. Оның сөзіне сүйенсек, қаладағы халықтың өмір сүру ұзақтығы 10 жылға өскен.
"Денсаулық сақтау саласында көптеген негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша өмір сүру ұзақтығы 76,21 жасты құрады және 1998 жылмен салыстырғанда 10 жылға өсті. Үш жыл ішінде жалпы өлім-жітімнің 10% - ға, нәресте өлімі 11% - ға, қатерлі ісіктерден өлім-жітімнің 8% - ға төмендеуі байқалады. Қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 18% - ға төмендеді. JCI (Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық сертификаттау) аккредиттелген 7 ұйымның 6-ы Нұр-Сұлтанда орналасқан және елорданың медициналық кластерін құрайды", - деді ол.
Оның айтуынша, бас қаладағы медициналық туризм де дамуда. Соңғы 2 жылда елордада 45 елден 3,5 мыңға жуық шетелдік тұрғын ем алған. Сонымен қатар ол мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша медициналық мекемелер мен басқа да әлеуметтік объектілердің "қадамдық қол жетімділігін" қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
"Доктор у дома" нысандарының саны 160 мың адамды қамти отырып, 20 минуттық қадамдық қолжетімділік шегінде 14-ке дейін жеткізілді. 2023 жылға дейін "Доктор у дома-ның" 51 нысаны ашылады. Бірінші кезекте елдімекендерде ашу жоспарланған. Денсаулық сақтау нысандары бойынша 2 ірі жоба басталды. Біріншісі-1959 жылы салынған және әлі күнге дейін жөнделмеген орталық жол ауруханасының жөндеу жұмыстары. Аурухананың 6 корпусы бар. 3 корпусы апаттық жағдайда, оларды пайдалану тоқтатылды. Басқа 3 корпуста жөндеу жұмыстары аяқталуда,одан кейін емхана мен стационардың клиникалық бөлімшелері оған ауыстырылады", - деді қала әкімі.
Оның сөзіне сүйенсек, екінші ірі жоба - 800 орындық көпсалалы аурухана құрылысы. Бұл түркиялық инвестормен МЖС механизмі бойынша жүзеге асырылмақ.
Назерке Сүйіндік
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді