- Басты
- Жаңалықтар
- Елордада карантин талаптары жеңілдетілді
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді
Елорданың мемлекеттік бас санитар дәрігері карантин талаптары жеңілдетілген жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлады Coronavirus.kz.
Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Сарқыт Бейсенова жаңа қаулыға сәйкес елордада Ashyq жүйесінің жұмысын жетілдіре түсіруді талап етті. Яғни «сары» аймақ критериіне сәйкес кәсіпкерлік нысандарда Ashyq жобасының қызметін қайта жандандырылады.
"Сондай-ақ, Ashyq жобасына қатыспайтын нысандарға «сары» аймақ критериіне сәйкес жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Ендігі уақытта елорданың барлық нысандары ҚР мемлекеттік бас санитар дәрігері бекіткен қаулы ережесін қатаң сақтай отырып жұмысын жалғастырады", делінген хабарламада.Еске сала кетсек, елорда 26 қазан күні «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті.
Айта өтейік, Қазақстанда өткен тәулікте 1312 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 140, Алматы қаласы - 166, Шымкент қаласы - 35, Ақмола облысы - 105, Ақтөбе облысы - 18, Алматы облысы - 91, Атырау облысы - 20, Шығыс Қазақстан облысы - 75, Жамбыл облысы - 11, Батыс Қазақстан облысы - 49, Қарағанды облысы - 145, Қостанай облысы - 114, Қызылорда облысы - 24, Маңғыстау облысы - 5, Павлодар облысы - 156, Солтүстік Қазақстан облысы - 145, Түркістан облысы - 13. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 943105.
Ал, 3 қарашадағы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентімен 8 338 340 адам егілді, II компонентті 7 559 996 адам салдырды.
Коронавирусқа қарсы толық егілгендер бойынша алдыңғы қатарда тұрған өңірлер: Алматы қаласы – 944 680 (2 қарашадағы жағдай – 942 308, 1 қарашада – 940 372); Түркістан облысы – 895 859 (2 қарашада – 887 854, 1 қарашада – 882 551); Шығыс Қазақстан облысы – 796 879 (2 қарашада – 791 709, 1 қарашада – 786 646); Алматы облысы – 738 574 (2 қарашада – 735 907, 1 қарашада – 733 491); Шымкент қаласы – 518 929 (2 қарашада – 517 253, 1 қарашада – 515 772); Қарағанды облысы – 506 847 (2 қарашада – 505 069, 1 қарашада – 503 664).
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді