- Басты
- Жаңалықтар
- Елордада кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді
Елордада кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді
Ел астанасындағы шектеу және карантин шаралары туралы қаулы 18 қаңтардан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың қаулысына сәйкес, елорда тұрғындары арасында коронавирус инфекциясы ауруларының көбеюіне байланысты СОО мен қоғамдық тамақтану объектілері шектеу шараларын қатаң сақтаған жағдайда ғана жұмыс істейтін болады.
Сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жобалық қуаттың 30%-нан аспайтын толымдылығын сақтаған кезде, рекреация аймақтарында және демалыс аралдарында сатып алушылардың болуын қоспағанда, осы Қаулыда белгіленген жұмыс уақыты өткеннен кейін сатып алушылардың сауда залында болуына тыйым салумен жұмыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып және демалыс күндері (оларда орналасқан дәріханалар және тамақ өнімдері мен бірінші қажеттіліктегі заттарды сататыншағын маркеттерді, супермаркеттерді және гипермаркеттерді қоспағанда) жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру.
Фудкорттардың жұмысы тек өздігінен алып кетуді қоспағанда, курьерлік жеткізуге ғана рұқсат етіледі.
"Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) орналасқан жеріне қарамастан, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін залда келушілердің болуына тыйым сала отырып, жұмыс күндері және демалыс күндері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, оның ішіндегі 30 отыратын орыннан аспайтын толтыру шарттары сақталған кезде жол беріледі. Бұл ретте ұжымдық, салтанатты, отбасылық, еске алу (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады. Карантиндік және шектеу шараларын бұзу фактісі орын алған кезде жұмыстарына тыйым салуды қамтамасыз етіледі", делінген хабарламада.
Сонымен қатар, бильярд, караоке, боулинг-орталықтар, батуттар, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтары, оның ішінде лотереялар ұтысы, жабық ғимараттардағы ойын алаңдары мен аттракциондарының жұмысына тыйым салынбақ.
Айта кетейік, елорда коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа енді. Бұған дейін хабарланғандай, эпидемиологиялық жағдайға байланысты және Нұр-Сұлтан қаласы бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, биыл крещение мерекесіне арналған ойықтарда дәстүрлі жаппай шомылу өткізілмейді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды