• Басты
  • Елордада инклюзивті білім беруді ақпараттандыру бойынша үздік жұмыстардың авторлары марапатталды
18 Қараша, 2019 15:17

Елордада инклюзивті білім беруді ақпараттандыру бойынша үздік жұмыстардың авторлары марапатталды

Нұр-Сұлтан қаласында БАҚ өкілдері, медиа-мамандар және әуесқойлар арасында инклюзивті білім беруді ақпараттандыру бойынша үздік материалдарға "Әр бала мектепке лайықты" атты байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

 


 Елордада инклюзивті білім беруді ақпараттандыру бойынша үздік жұмыстардың авторлары марапатталды

Іс-шараға әділқазылар алқасының мүшелері, байқау жеңімпаздары, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы мектептерінің инклюзивті қолдау кабинеттерінің жетекшілері мен мұғалімдері қатысты. 

"Болашақ" корпоративтік қоры Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Шайжүнісова мен "Өзгерістер кітабы" блок-кітабының авторы Бота Байтұқбаева құттықтау сөз сөйледі.

 "Бұл байқауды біз төртінші жыл қатарынан өткізіп жатырмыз. Жыл сайын біз бірнеше ондаған жұмыс қабылдаймыз. Материалдардың рекордтық санының арқасында көптеген адамдар аутизм туралы, ерекше қажеттіліктері бар адамдарда пайда болатын қиындықтар туралы біледі. Мұндай алаңдар, журналистер, блогерлер, әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланушылар арасындағы байқаулар, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың мәселелері мен жетістіктері туралы кең жұртшылықты хабардар етуге көмектеседі" - деп атап өтті Динара Шайжүнісова.  

Байқауға бес номинация бойынша барлығы 135 материал келіп түсті: "Үздік телевизиялық жұмыс", "Үздік баспа басылымы", "Үздік фото жұмыс", "Үздік Интернет-жарияланым", "Үздік әлеуметтік бейнебаян".  

Байқау географиясы дерлік бүкіл Қазақстанды қамтыды: Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Балқаш, Өскемен, Талдықорған, Семей, Көкшетау, Екібастұз, Ақтау, Қызылорда, Қостанай, Жітіқара, Шымкент, Орал және Шу. Бір жұмыс Ұлыбританиядан келіп түсті. 

"Үздік телевизиялық жұмыс" номинациясы бойынша "Хабар" телеарнасының тілшісі Меруерт Шүкуева (Нұр-Сұлтан қ.), "Үздік баспа басылымы" номинациясы бойынша - "Egemen Qazaqstan" газетінің тілшісі Айдана Шотбайқызы (Нұр-Сұлтан қ.), "Үздік фото жұмыс" номинациясы бойынша -Н. Тілендиев атындағы Кіші Өнер академиясының журналисті Арайлым Нұғманова (Атырау қ.), "Үздік Интернет-жарияланым" номинациясы бойынша - "The Steppe" ақпараттық порталының журналист-редакторы Ырысты Ерден (Нұр-Сұлтан қ.), "Үздік әлеуметтік бейнебаян" номинациясында – Дана Мейірманова (Нұр-Сұлтан қ.) жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. 

Байқауға қатысушылардың жұмыстарын атақты журналистер, медиалық тұлғалар - танымал тележүргізуші, "7 канал" Директорлар кеңесінің мүшесі Ләйлә Сұлтанқызы, "Өзгерістер кітабы" блок-кітабының авторы Бота Байтұқбаева, "Nur Otan" партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко, тележүргізуші Ирина Тен, тележүргізуші, журналист Ғалымжан Кеншілік бағалады. 

Жеңімпаздардан басқа, ұйымдастырушылар Шұбарши жалпы білім беретін орта мектебінің 11 – сынып оқушысы Саят Ерсұлтановты (Ақтөбе облысы), Павлодар қаласының №41 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Мадина Ахмульдинованы; Инклюзивті білім беру бойынша директордың орынбасары, Балқаш қ. №1 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кристина Шафикованы; Ақтөбе қаласының № 60 орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әсемгүл Сағындықованы байқауға қатысқаны үшін дипломдармен марапаттауды жөн көрді.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды