- Басты
- Жаңалықтар
- Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті «Астана – Аймақтық Электржелілдік Компаниясы» АҚ-ның 2016-2020 жылдарға бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша, субъектінің «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 16) тармақшасының, атап айтқанда 2016-2020 жылдарға бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы жөніндегі талаптарын сақтамауын анықтады.
Нәтижесінде, «Астана – Аймақтық Электржелілдік Компаниясы» АҚ-ы 484 137 980 теңге көлемінде негізсіз кіріс алды.
Осыған байланысты, Департамент тұтынушылардың құқықтарын қалпына келтіру мақсатында, табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес уақытша өтемдік тариф енгізу арқылы негізсіз алынған кірісті қайтару бөлігінде шаралар қабылдады.
Осылайша, Департамент 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілумен, «Астана – Аймақтық Электржелілдік Компаниясы» АҚ-ның электр энергиясын беру және бөлу қызметіне уақытша өтемдік тарифтерді енгізді.
"2021 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 31 желтоқсанға дейін электр энергиясын беру және бөлу қызметіне арналған тарифті қолданыстағы тарифтен 0,14 теңгеге немесе 3,42% – ға төмендете отырып, ҚҚС-сыз 1 кВтч үшін 4,09 теңге құрады (бұрын қолданыстағы тарифі- ҚҚС-сыз 1 кВтч үшін 4,23 теңге). 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 қарашаға дейін электр энергиясын беру және бөлу қызметіне арналған тарифті қолданыстағы тарифтен 0,14 теңгеге немесе 3,1% – ға төмендете отырып, ҚҚС-сыз 1 кВтч үшін 4,49 теңге құрады (бұрын қолданыстағы тарифі- ҚҚС-сыз 1 кВтч үшін 4,63 теңге)", делінген хабарламада.
Департамент табиғи монополиялар субъектілерінің табиғи монополиялар туралы заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыс жүргізеді.
Сонымен қатар, «Астана – Аймақтық Электржелілдік Компаниясы» АҚ-на «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша 2 333 600 теңге айыппұл салына отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оны субъект қысқартылған өндірісте 7 тәулік ішінде 50% мөлшерінде төледі.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда