• Басты
  • Елордада COVID-пен күреске медициналық университет пен колледж түлектері тартылады
3 Шілде, 2020 10:47

Елордада COVID-пен күреске медициналық университет пен колледж түлектері тартылады

Медициналық университет пен колледждің 536 түлегі COVID-19 инфекциясымен күреске тартылып жатыр. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлады Strategy2050.kz.

Елордада COVID-пен күреске медициналық университет пен колледж түлектері тартылады

Студенттерді жұмысқа орналастыру мен індетке қарсы күреске тарту бүгін қаланың медициналық мекемелерінің ректорларымен талқыланды. Түлектерді емханалар, ауруханалар, стационарлар және жедел жәрдем станциялары бойынша бөлеміз. Олардың бір бөлігі 3 шілдеден бастап жұмысқа кіріседі.

Сонымен бірге төсек-орындар санын арттыру, медициналық жабдықтар сатып алу және т. б. бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Жақында Рамада Плаза ғимаратында 500 төсек-орын, ал өткен аптада медициналық мекемелер базасында 800 төсек-орын ашылды.

Барлық жаңалықтар