- Басты
- Жаңалықтар
- Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды
Елордада «Astana Musical» мемлекеттік театры көрермендерге жаңа форматтағы «COVID-19» хореографиялық қойылымын ұсынды. Аталған спектакльде карантин кезеңінде туындаған әлеуметтік мәселелер қозғалды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

«COVID-19» хореографиялық қойылымында театр әртістері адамдардың карантин кезіндегі ішкі ой-толғанысы, санадағы өзгерістер, халықтың қисынсыз әрекеттері мен сенімдері, жақындарынан айырылған азаматтардың қайғы-қасіреті мен көңіл-күйін бимен жеткізді. Сондай-ақ, карантиндегі отбасылық жанжалды да көрсетті. Туынды толығымен өміріміздің қазіргі болмысын көрсететін шынайы оқиғаларға негізделген.
Қойылымның қоюшы-хореографы Әнел Мұрзағұлова карантин салдарынан адамзат қатаң шектеулерге тап болғанын және ол шығармашыл адамдарға ерекше әсер еткенін атап өтті.
«Қойылымның атауына ұзақ ойландық. «Коронавирус», «Корона» немесе «Пандемия» деп атағымыз келді. Алайда, «COVID-19» әр көрерменге түсінікті болады деген шешімге келдік», - деді Әнел Мұрзағұлова.
Оның айтуынша, спектакльді қоймас бұрын коронавирустық індеттің шығу тарихын зертеуге тура келген. Содан кейін ғана спектакльге эмоционалды түрде жақындағанын жеткізді.
«Мен бұл спектакльді қояр кезде карантин кезінде болған резонансты оқиғалар туралы көптеген мәліметтерді зерттедім. Бұл вирус қайдан пайда болды, коронавирус шынымен бар ма, жоқ па. Өйткені, қоғамда көптеген келіспеушіліктер болды. Бірақ ең алдымен өзім сезінген дүниелерден бастау керек екенін түсіндім», - деді режиссер-хореограф.
Әнел Мырзағұлова спектакльдегі басты идея- жақындарынан айрылу сезімінің өте ауыр екенін жеткізу болғандығын айтты. Сонымен қатар, қойылым еліміздегі тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбын да қозғады.Суретшінің костюмдері үшін сұр және сары түстерді 2021 жылы шабыттандыратын және үміт беретін белгі ретінде таңдалғанын айтып өтті.
Бұл қойылымда коронавирустан қайтыс болған әртістердің бейнелері көрсетілді Солардың бірі- композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кеңес Дүйсекеев.
«Кеңес Дүйсекеевтің «Қарағым-ай» шығармасы мені қатты шабыттандырды.Бұл ән махаббат туралы, сонымен бірге өмірдің өткінші екенін, бүгінгі уақытты бағалай білу керек екенін түсіндіреді. Сондықтан оған арнап тағзым еттік», - деді Әнел Мырзағұлова.
Кеңес Дүйсекеевтің рөлін «Astana Musical» театрының әртісі, COVID-19 спектаклінің композиторы Ақжол Өмірзақов сомдады. Ол алғаш рет толыққанды спектакльге музыка жазғанын атап өтті. Сондай-ақ, ол екі өнерді ұштастырып, бишілер мен актерларды біріктірген ерекше қойылым болғанын айтып өтті.
«Театр әртістері мен хореографтар бірігіп, өзекті тақырыпқа 4 ай көлемінде дайындалдық. Мен өз мансабымда алғаш рет спектакльге музыка жаздым. Біздің туындымыз-қазіргі заманғы әлемнің жаңа спектаклі. Бұл жерде біз карантин кезіндегі халықтың ең өткір мәселелерін қозғадық», - деді Ақжол Өмірзақов.
Әнел Мырзағұлованың айтуынша, "COVID-19" қойылымына дайындық 2020 жылдың күзінен басталған. Оның айтуынша, әртістер барлық нюанстарды ойластырып, сахнаны бірнеше рет өзгерткен.
«Бұл әртістермен бірлескен үлкен жұмыс болды. Біз осы спектакльде әртістікті, хореографияны, вокалды біріктірдік. Мен әртістерден олардың не сезінетіндерін білгім келді. Бәрі өз пікірлерімен бөлісті және олардың әрқайсысы спектакльде не елестететіндерін айтты. Сондықтан бізге көрермендердің "COVID-19" би қойылымын қалай қабылдайтыны өте қызық», - деді режиссер-хореограф.





















-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда
-
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді
-
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді
-
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді
-
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр
-
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті
-
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды
-
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды
-
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі
-
Елордада КВИ жұқтырғандар саны 2,4 есе артқан
-
Елордадағы эпиджағдай: инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-дан асты
-
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды

