• Басты
  • Елордада белгілі суретші Қазақбай Әжібекұлының жеке көрмесі ашылды

Елордада белгілі суретші Қазақбай Әжібекұлының жеке көрмесі ашылды

26 Қазан, 2020 15:37

Ел астанасындағы елбасы кітапханасының музейінде белгілі кескіндемеші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Қазақбай Әжібекұлының «Өнер шыңына ұмтылыс» атты жеке көрмесінің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Аталмыш көрмеге Қазақбай Әжібекұлының 1997-2020 жылдар аралығында салынған 30-ға тарта суреті қойылды. Автор шығармашылығының бастапқы кезеңі ХХ ғасырдың аяғы, яғни тоқсаныншы жылдардың соңындағы жайттарға арналған.

Қазақбай Әжібекұлының туындылары қазақ халқының дәстүрлі бастаулары мен рухани мұрасының жандануын бейнелейді. Бұл колористикада, суретші қылқаламының ұшқырлығында айқын сезіледі. Сонымен қоса ерте кезеңдегі суреттерімен салысмтырғанда айтарлықтай ерекшелік бар.

Жиында Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов алғаш болып сөз алып, Қазақбай Әжібекұлының бүгінгі Қазақстанның бейнелеу өнерінің көш басында келе жатқан суретшілердің бірегейі екенін атап өтті. Оның сөзінше, ел астанысының суретін Назарбаевпен байланыстыра білген Қазақбайдың шығармашылығы қашан да алыстан ерекше сөйлеп тұрады. 


«Суретші өзіндік қолтaңбасы бар өнерлі жaн, ол өз жұмыстaрында халықтың мәдениетін, еліміздің мәдени құндылықтaрын оның ұлттық идеясын уақыт пен қaзіргі өмірдің өзарa астасып жатқанын шынайы суреттейді. Көрмеге қылқaлaм шеберінің Елбасы кітапханaсының қорындa сақталған бұрынғы жұмыстaры мен әлемдік қaуымдастықты толғандырған көзқaрaстар тұрғысынaн алғандa адамзaтты ойлaндырaтын жaңа дүниелері, туғaн хaлқының ұлттық бейнесін сомдағaн тың туындылaры да қойылды», -деді ол.   

Шара барысында Камиль Муллашев суретішінің елорданың алғашқы қалыптасу жылдарындағы жұмыстарына тоқталып өтті.

«Қазақбай Әжібекұлы тек елімізде ғана емес, шетелде де танымал суретші. Басқа елдердегі кескіндеменің жанкүйерлері қазақ халқының мәдениеті мен тарихын Қазақбай Әжібeкұлының суреттерінен бiлетіні өтe мaңызды. Автoр жұмыстaрының бір ерекшелігі – хaлыққа жақын, оның туындылaрында бiр жылылық бар, бояулaры қанық. Оның шығaрмалары сұлулыққа құштaр әр адaмның жүрегінен oрын aлады», - деді ол.


Жиын соңында суретші Қазақбай Әжібекұлы Елбасы кітапханасының басшылығына және арнайы келген қонақтарға алғысын білдірді.

Бұдан бөлек, айта кету керек, көрменің ашылу салтанатына суретшілер Камиль Муллашев, Өмірәлі Исмаилов, композитор Төлеген Мұхамеджанов, музыкант Бекболат Байсағатов, ақын Дәулеткерей Кәпұлы секілді тұлғалар қатысты.

Барлық жаңалықтар