• Басты
  • Елордада Азаматтық қоғамды дамыту тетіктері талқыланды
30 Қыркүйек, 2019 18:00

Елордада Азаматтық қоғамды дамыту тетіктері талқыланды

Елордада үкіметтік емес ұйым, сарапшылар қоғамдастығы және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен «2025 жылға дейінгі Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының жобасын талқылау» бойынша республикалық конференциясы өтті. Қатысушылар 2025 жылға дейінгі Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының жобасын талқылады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Елордада Азаматтық қоғамды дамыту тетіктері талқыланды | Strategy2050.kz

2025 жылға дейінгі азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы Азаматтық қоғамды қолдау және нығайту, оларды шешу, көппартиялылықты, саяси бәсекелестікті және елдегі пікір плюрализмін дамыту мақсатында оны неғұрлым өзекті жалпымемлекеттік міндеттерді талқылауға тарту жөніндегі шараларды көздейді.

«Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ вице-президенті Мұсағали Дуамбеков мыңдаған қоғамдық емес ұйымдарды біріктіріп отырған альянс үшін бүгінгі тұжырымдаманың бекітілуі өте қажет екенін айтты.

 «Былтыр Азаматтық форумда бұл мәселе көтерілген. Алайда, әлі де мұратына жеткен жоқ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та өз Жолдауында осы мәселе туралы айтып кетті. Сондықтан да, қоғамдық емес ұйымдармен бірігіп осы мәселені талқылау дұрыс деп шештік. Азаматтық қоғам болған соң, оңай құжат емес. Себебі, бұл құжат белгілі бір бағыт пен саланың емес, жалпы қоғамға жайлы болуы керек», - деді М.Дуамбеков.

Сондай-ақ, ол азаматтық қоғамды дамыту үшін алдымен осы тұжырымдаманы бекітіп, кейін қаржы мәселесін шешу қажеттігін айтты. 

«Мемлекеттің, биліктің азаматтық қоғамға деген көзқарасы өзгеруі керек. Себебі, мемлекеттегі өте көп қызметтерді азаматтық қоғамға беруіміз керек. Ол «100 нақты қадамның» 97-қадамында айтылды. «Нұр Отан» съезінде де айтылды. Мемлекеттік қызметтерді қоғамдық ұйымдарға беру туралы комиссия да құрылған болатын. 3-4 жыл болды әлі де нәтижеге жете алмай жатыр. Комиссия шаруаны бітірген жоқ. Үкіметтің бұйрығы шыққан жоқ. 136 қызметті берудің өзі проблема болып отыр. Оның ішінде, бізге қатысты әлеуметтік сала, мүгедектердің мәселесі, экология, форум, конференцияларды қоғамдық ұйымдар өздері-ақ өткізе алады. Бағдарлама мен тұжырымдаманы дайындауды бізге беру керек. Мемлекеттік ұйымдарға береді де, олар бізге бірнеше адамнан өтіп келеді. Тікелей біз айналысатындай болу керек», - деді М.Дуамбеков.

 Өз кезегінде «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ төрағасы Вера Ким коммерциялық емес ұйымдар кейпіндегі азаматтық қоғам бүгінде белсенді рөл атқарып отырғанын айтты.

 «Бүгінде коммерциялық емес ұйымдар әртүрлі саладағы мәселелерді талқылауға белсенді қатысып жүргені қуантады. Бұл тұжырымдамалар коммерциялық емес және азаматтық қоғам үшін жұмыс құжаты болып табылады. Бүгінде бұл екеуі бір-бірінсіз жұмыс істей алмайды. Мемлекеттің коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимылы серіктестік ретінде жүзеге асырылуда. Әртүрлі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды талқылауда кері байланыс халықтан да, азаматтық қоғамнан да бар. Ұзақмерзімді маңызды құжаттарды талқылауға бүгінде мақсатты топпен жұмыс істейтін ұйымдар қатысуы керек», - деді Вера Ким. 

Сондай-ақ, ол коммерциялық емес ұйым өкілдері осы сынды құжаттарды талқылауға өздері қатысуы керек.

«Біз коммерциялық емес ұйым ретінде нақты ұсыныстар енгізуіміз керек. Ертең «осы құжаттың қалыптасуына біз үлес қостық» деп айта алатындай. Бүгінде халық пен мемлекет арасындағы қарым-қатынас әлеуметтік волонтерлік көмек көрсету, волонтерлік қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылуы керек. Азаматтық қоғамдық волонтерлік қызметті дамыту арқылы арттыру керек. Келер жылы «Волонтер жылы» болып бекітілді. Сондықтан да бұл құжатта волонтерлік қызметті қолдау, дамыту мәселелері біз үшін аса маңызды. Бүгінде волонтерлік қызмет кешендік жүйеде қолдауға ие болу үшін ұсыныстар енгізуге дайынбыз», - деді В.Ким.

2025 жылғы тұжырымдама жобасында азаматтық қоғам ұғымы және негізгі құндылықтары көрсетілген.

«Демократиялық үрдістер әлемдік тәжірибеде негізгі рөлі азаматтық қоғамға тиесілі мемлекеттік құрылыстың орнықты үлгілерінің сипатына ие болады. Азаматтық қоғамдық адамгершілік, діни, әлеуметтік-экономикалық, отбасылық қатынастар мен институттардың жиынтығы ретінде анықтауға болады. Олардың көмегімен еркін және ерікті түрде қажеттіліктер мен мүдделерді қанағаттандыру үшін бірлестіктер, қауымдастықтар, одақтар құратын жеке тұлғалар мен олардың топтарының мүдделері қанағаттандырылады», - делінген тұжырымдама жобасында 

Осыған дейін, Нұр-Сұлтан және 27 қыркүйекте Алматы қаласында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен диалогтық алаңдар өткізілді.Диалог алаңдарында азаматтық қоғамның одан әрі дамуы туралы жергілікті үкіметтік емес ұйымдармен пікір алмасып, олардың ұсыныстары бойынша Тұжырымдамаға өзгерістер енгізілді.

Айта кетейік, 2025 жылға дейін азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын әзірлеу ҚР Президентінің «Баршаның игілігі»! Сабақтастық. Әділдік. «Бірлескен «жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстар негізінде жүзеге асырылуда.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды