• Басты
  • Елордада ауыл әйелдерінің III Республикалық форумы басталды
13 Қараша, 2020 13:01

Елордада ауыл әйелдерінің III Республикалық форумы басталды

Бүгін елордада онлайн форматта «Ауыл әйелдерінің ауылдағы өмір сапасын арттыру бағытындағы игі бастамалары және ТДМ-2030 жетістіктері» атты ауыл әйелдерінің III Республикалық форумы бастау алды. Форум аясында ауылды дамытуға, сонымен қоса ауыл тұрғындарының әлеуметтік-эконмикалық жағдайын жақсартуға арналған сессиялар өткізілді. Бұдан бөлек жетістікке жеткен нәзік жандылар өз сторилерімен бөлісті. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Елордада ауыл әйелдерінің III Республикалық форумы басталды

Жиында алғаш болып сөз алған Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясының атқарушы директоры Асхат Сүлейменов ауыл әйелдері форумының маңызына тоқталды. Оның сөзінше, форум мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі», Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы және Қазақстанда ТДМ – 2030-ға қол жеткізу және «Ауыл-ел бесігі» арнайы жобасы аясында ауылды реформалау, агросекторды экономика өсуінің жаңа драйвері ретінде арттыру жөніндегі үкіметтік бағдарламаларды қолдауға бағытталған. Сонымен қоса ауылды аумақтардың инклюзивті, инновациялық және «жасыл» экономиканы дамытуға жәрдемдесуге көңіл бөлу, жаңа өңірлік саясат пен жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайтуға баса назар аударылмақ.

«Ауылдың ел экомикасын дамытып, алға жылжытуда маңызы зор. Осы форумды жүзеге асырғалы бері еліміздегі ауылдарды аралай жүріп, әйелдердің көпке үлгі бола алатын түрлі сторилермен, тағдырымен таныстық. Мемлекетімізді ауыл шаруышылығы өнімдерімен қамтып отырған ауыл еліміздің тірегі болса, әйелдерді ауылдың жүрегі деп айтсақ қателеспейміз. Біздің байқағанымыз, ауылдағы 4 млн-ға жуық әйелдің потенциалы өте жоғары. Ауйыл шаруышылығы мен ауылды дамытудағы үлесі айтпаса да түсінікті», - деді Асхат Сүлейменов.

Сонымен қоса ол форумның басты мақсаты - ауылдағы өзекті мәселелерді шешу, оны талқылау, кедейлік деңгейін төмендету, ауыл адамдарының өмір сүру жағдайының сапасын арттыру екенін атап өтті. Оның айтуынша, Жасыл экономика коалициясы мемлекеттеік органдардың, азаматтық қоғамның, бизнес серіктестердің және белсенді азаматтардың күшін біріктіріп, жасыл технологияларды пайдалану арылы Бірікке ұлттар ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына, халықаралық бағдарламаларды басшылыққа алып, климаттың өзгеруіне, сондай-ақ ауылдағы негізгі проблемаларды шешуге ат салысып келеді.

image-13-11-20-02-44-3.jpeg

«Жалпы әйелдерді қолдау арқылы жоғарыда аталған маңызды проблемаларды шешуді қолға алып отырмыз. Біз мақсатымызға жеттік деп ойлаймын. Өйткені биыл жетістікке жеткен ауыл әйелдерінің строиі жинақталған екінші кітап жарыққа шығарып отырмыз. Түстен кейін бұл кітаптың тұсаукесері өтеді. Сонымен қоса біз 10 мыңнан астам ауыл әйелдеріне тренингтер ұйымдастырдық. Онлайн-мектеп жұмыс істеп жатыр. Ауыл әйелдерін қолдау, оқыту мақсатында түрлі әлеуметтік желілерде де топтар ашылды», - деді компанияның атқарушы директоры.

Сонымен қоса, Асхат Сүлейменов Қазақстанда іске асырылып жатқанына 8 жыл болған «Coca-Cola белестері» әлеуметтік жобасының қорытындысы шығарылатынын атап өтті. Оның айтуынша, «Coca-Cola Белестері-2020» байқауының 20 жеңімпазын марапатталмақ. Биыл бұл грантты иеленген саны екі есеге артып отыр. Сондай-ақ оларға «жасыл» бизнес-жобасы үшін Салтанат Рахымбекова атындағы грантты, бизнесті алғаш бастағандарға гранттар тапсыру рәсімі болатынын атап өтті.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы 

Форумның алғашқы күнінің бағдарламасына бірқатар сессиялар енгізілген. Соның қатарында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде ауылды дамыту, «Мал шаруашылығы фермерлік шаруашылықтарының тұрақтылығын арттыру», «Өсімдік шаруашылығы мен жеміс-көкөніс шаруашылығында өнімділікті арттыру бағытында инновациялық технологияларды қолдану», «Ауылдағы әйелдер бизнесі мен стартаптардың келешегі» тақырыптарына негізделген отырыспен жалғасты.

Осы орайда «Ауыл – ел бісігі» сессиясына қатысқан Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова өңірдегі қолға алынған шаралармен бөлісті. Оның айтуынша, қазіргі таңда аудан, аудан маңындағы ауылды елдімекендерді дамыту үшін бағдарлама кешені дайындалып жатыр. Келесі жылдан бастап жүзеге асырылмақ.

«Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербететін, өз ісін жақсы білетін, іскер әйелдердің ортасынан табылғаныма өте қуаныштымын. Ауыл түгел мемлекетті ауыл шаруышылығ өнімдерімен қамтамасыз ететіні айтпаса белгілі. Ауылды дамыту, тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту өте маңызды. Осы орайда ауылды жерлерде шешілуі керек проблемалық мәселелерде жоқ емес екенін айтқым келеді», - деді аудан басшысы.

Оның айтуынша, көптеген ауылды елдімекендерде жол, көшелерді жарықтандыру, білім және денсаулық сақтау мекемелерін жөндеу секілді бірқатар мәселе бар.

«Біз «ауыл-ел бесігі» бағдарламасы негізінде 20212022 жылдлары екі ауылда, атап айтсам, Ақшат және Ащысай елдімекендерінде ғимараттарды жөндеуден өткізу, көшелерге жарық қою, жолдарды жөндеуді қолға алмақпыз. Ақшат ауылында 500 мың тұрғын болса, Ащысай ауылында 600 адам тұрады. Қазіргі кезде құжаттар дайындық кезеңінде. Мектеп пен мәдениет үйін жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қоса басты көшедегі жолға тас төсеу, көшелерді жарықтандыруға 1 млрд 200 мың теңге жұмсалады деп күтілуде. Кейбір жобалар тексерістен өтті, енді кейібірі тексерістен өткеннен кейін, біз келер жылы осы бағдарламаға кіреміз деп ойлаймын. Сонымен қоса, Ақшат ауылында да мәдениет үйі, көшелерді жарықтандыру жұмыстары қолға алынады. Оған 600 млн теңге жұмсалмақ. Бұдан бөлек спорт кешенін салу да жоспар да бар», - деді аудан әкімі.

image-13-11-20-02-44-5.jpeg

Аудан басшысы Әли Мұханбетжанованың айтуынша, әкімдікке қызмет келгеніне 8 айдан асқан. Дегенмек, бірқатар жұмысты аяқтауға, аймақты дамытудың кешенді жоспар жасауға мүмкіндік болған.

«Жақында Алмаз ауылында су өткізіліп, ресми түрде ашылуы өтті. Оған облыс әкімі келіп қатықан болатын. Тасмолада мәдиниет үйі жөндеуден өтті. Сонымен қоса, ауданда мектеп жөндеуден өтіп, футбол алаңы, химия, биология, физика кабинеттері қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталды. Сонымен бірге еңбек кабинеті де керекті құралдармен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ болашақта аудандағы көшелерге тас төселеді», - деді аудан әкімі.

Бұдан бөлек ол Самар-Ақтөбе тас жолының жай-күйіне тоқталып өтті. Оның айтуынша, 104 км жолдың 60 км-і жөндеуден өткізу қажет.

«Бізде 104 км Самара-Ақтөбе тас жолы бар. Оның 60 шақырыммен қыста жүру қиын. Оны бір уақытта жөндеу бірқатар қиындық туғысып отыр, сондықтан екіге бөліп жөндеуді қолға алмақпыз. Бірінші 30 км жөнделеді», - деді ол.

Аудан басшысының сөзінше, аймақтағы ауылды елдімекен тұрғындары мал шаруашылығымен айналысады. Биыл 30-ға жуық қожалық ашылған.

Бұдан бөлек сессеияға Алматы облысы Көксу ауданы Көксу ауылды округіні әкімі Әлия Бақтиярова қатысып, аудан жетістіктерімен таныстырды. Оның айтуынша, қызметке келгеніне үш жылдан асқан, сол уақытта бірқатар мәселені шешуге атсалысқан.

«Ауыл - қазақтың алтын бесігі. Мемлекет басшысы өз жолдауында «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасының жалғаса беретінін айтып өтті. Бұл да ауылды дамыту үшін жасалған жұмыстардың бірі болмақ. Біздің ауданда жол мәселесі, мектеп, су мәселесі шешімін тауып отыр. Жалпы, Көксуда 4 елдімекен бар. Мысалы, биыл 80 орындық мектеп Қосағаш ауылында пайдануға берілді. Ал Бектас ауылында1,6 шақырым көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қоса, Көксуда 7 шақырымға дейін жолдарға шамдар қойылды, әкімшілік ғимараты жөндеуден өтті», - деді ол.
image-13-11-20-02-44-29.jpeg

Оның сөзінше, бүгінде ауыл тұрғындары кей мәселелерді өздері шешуге тырысады.

«Бізде интернетпен проблема бар. Мысала, Көктал, Көксу ауылдарында билайн 4G интернет желісі ұстайды, алайда Бектас деген ауылда интернет жоқ, кейде желі де ұстамай қалады. Картел, Ксел компанияларына хат жаздым, олар «күте тұрыңыз болашақта мүмкін» дегендей жауап жазды. Бірақ ауыл тұрғындары оны күтіп отырмай, өздері қаржы жинап, 25 метрлік бағана сатып алды. Оны тұрғызғаннан көрі, құжатын реттеу қиындық тудырды. Қазіргі кезде заңдастырдық. Картел деген компаниямен келісім шарт жасастық», - деді ол.

Айта кетейік, түстен кейiн бағдарламаға сәйкес форумның ресми бөлiгi Парламент депутаттарының, ҚР Президентi жанындағы Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi Ұлттық комиссиясы басшылығының, ҚР Ауыл шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiктерiнiң басшылығының, халықаралық ұйымдар өкiлдерiнiң қатысуымен өтедi.

Ұйымдастырушылар осымен екiншi жыл қатарынан БАҚ арасында Қазақстанда 2030-тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) iске асыруды насихаттау бойынша республикалық конкурс өткiзiп келедi. Форумда бұқаралық ақпарат құралдары арасында жеңiмпаз журналистердi салтанатты марапаттау рәсiмi өтедi. Байқауға эфирде, радиода және баспа БАҚ-та 1 қаңтар мен 20 қазан аралығында жарияланған жұмыстар қабылданды. Конкурсқа 170 жұмыс келiп түссе оның iшiнде конкурстық комиссия 15 өтiнiмдi iрiктеп алды. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

Еске салайық, форум «Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы»ЗТБ ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының қолдауымен, Coca-Cola халықаралық қоры, Еуропа Қайта құру және даму Банкі, ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисі ұйымдастыруда.

Барлық жаңалықтар
66.249.66.76, 192.168.88.100