- Басты
- Жаңалықтар
- Елордада ауыл шаруашылығы көрмесі өтіп жатыр (ФОТО)
Елордада ауыл шаруашылығы көрмесі өтіп жатыр (ФОТО)

Олардың арасында жыл сайын көрмеге қатысып жүрген техника тракторға тиейтін бөлшектерін өндіретін «Алмаз» Анитим Алтай машина құрастыру ғылыми-зерттеу институты бар.
Тракторға тиейтін тағашылар 400 жылқының күшіне тең.
Компания өкілі аталған көрме ең үлкен жарнама алаңы екенін айтып өтті.
Өз кезегінде "Еврохим" ЖШС өкілі Қанат Канафин ауыл шаруашылығы нарығында 3 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келетінін айтты.
« Ресейдің алдынғы қатардағы зауыттарынан тыңайтқыш әкеліп сатамыз. Сульфа амафос күрделі кешенді тыңайтқыштар әкелеміз. Карбомит, селитра т.б. бар. Қазақстанда сұраныс өте жоғары. Солтүстік Қазақстанда фосфор тобы, оңтүстікте нейтро амафос алады. Біз өнімді әкеліп сатып қоймаймыз. Оның бар қызметін, әсерін толық түсіндіреміз. Қандай дақылға қандай тыңайтқыш керек, қандай тыңайтқыштардың кешенін қолдануды үйретеміз, - деді Қанат Қанафин.
Спикердің айтуынша, Жамбыл облысында тыңайтқыш шығаратын зауыт салынып жатыр.
«Біздің компания Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан нарығында жұмыс iстейдi. Қазір жылына 70-80 мың тонна өнiм сатамыз. Осында "Еврохим Қаратау" филиалымыз бар. Қазiр Жаңатас қаласында зауыт салынып жатыр. Үлкен жоба. 2025 жылы пайдалануға берілуі керек. Сонда бiз Ресейден әкеліп жүрген кешенді тыңайтқыштарды өзімізде шығаратын боламыз, - деді Қанафин.
Ол атап өткендецй, аталған көрмелер бұрындары сияқты тиімділігін жойған.
«Бұрын мұндай көрмелер клиент табуға көмектесетiн. Қазiр интернет бар. Ашық ақпарат көп. Керек ақпаратты сайтымыздан көріп, біліп алады. Бізге көрме келгеннен гөрі сатып алатын потенциал клиенттермен тiкелей сөйлескен тиімді. Егістікке барып көрме ұйымдастырған әлдеқайда тиімдi», - деді ол.
AgriTek/ Astana «UFI Approved Event» мәртбесiн алды. Бұл белгі оқиғалардың жоғары дәрежеде ұйымдастырылуы мен статистиканың дұрыстығына кепілдiк береді.
Көрме аясында ауыл шаруашылығының әртүрлі саласын дамыту бойынша конференциялар мен семинарлар өтеді.
Аягөз Құрмаш
Фото: Артем Чурсинов
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр
-
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда
-
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді
-
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр
-
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр
-
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды
-
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр
-
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді
-
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады
-
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді

