- Басты
- Жаңалықтар
- Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді
Бүгін елордада «Ататүрік» саябағы аумағында ағаш егілді. Іс-шара барысында 350 бадам көшеті отырғызылды. Науқан ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Орнықты даму» жер қорының қолдауымен жыл сайынғы «Ұлттық ағаш егу күні» экологиялық шарасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Көшет егуге ERG-дің астаналық кеңселерінің 50-ден астам қызметкері, түрлі қоғамдық ұйым, экология министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің өкілдері де атсалысты. Жиында Еуразиялық Топтың қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Талғат Төребеков біраз жылдан кейін ERG-дің бадам аллеясы бас қаланы жасыл желекпен көмкеріп, қоршаған ортаға пайдасын тигізеріне сенім білдірді. Оның айтуынша, компанияның экологиялық стратегиясы аясында топ кәсіпорындары орналасқан өңірлердегі көгалдандыру ісіне сүбелі үлес қосу көзделген.
«Осылайша біз мемлекет басшысының алдағы 5 жыл ішінде Қазақстанда 2 млрд түп ағаш егу тапсырмасын орындауға септесеміз. Мәселен, тек 2025 жылға дейін 420 мың түп көшет егуді жоспарладық. Жобаға құйылатын инвестиция көлемі 1,5 млрд. теңге көлемінде», - деді Талғат Төребеков.

Департамент басшысының айтуынша, ERG-дің «Орнықты даму» жер қорымен бірлесе қолға алған екінші акциясы болып табылады. Биыл мамыр айында компания қызметкерлері Ұлттық кордиология орталығы аумағына да көшеттер еккен. «Орнықты даму» жер қорының көгалдандыру жөніндегі сарапшыларының айтуынша күз - ағаш егуге ең қолайлы мезгіл.
«Орнықты даму» жер қорының бастамасымен 2014 жылдың сәуір айында алғашқы «Ұлттық ағаш егу күні» өткен болатын. Шараның мақсаты - ормандарды қалпына келтіріп, сақтап қалу, қалаларда жасыл аймақтарды абаттандыру, жұрттың экологиялық сауатын арттырып, Қазақстанның жасыл қорын нығайту жобаларына бизнестің ресурстарын жұмылдыру. «Орнықты даму» жер қоры - Қазақстан Республикасының барша аумағында экологиялық, әлеуметтік және экономикалық проблемаларды шешуге бағытталған іс- шаралар мен нақты жобаларды жүзеге асыру арқылы жергілікті қоғамдастықтар мен аумақтардың орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін құрылған жастардың коммерциялық емес қоғамдық бірлестігі.
«Бұл тарихи сәт деп айтуға болады. Бүгінгі ағаш отырғызуға біздің Нұр-Сұлтан қаласындағы кеңсенің мамандары келді. Бұл жер қорының тұрақты даму қоры арқылы бізге ұсыныспен шықты. Біз олардың ұсынысын қабыл алып, биыл екінші рет сәуір айында суыққа төзімді бадам ағаштарын отырғызғанбыз.Бүгінде сол 350 түп ағаш отырғызып жатырмыз», - деді Талғат Төребеков.

Сондай-ақ, бұл көшеттер келешекте қаланың көркеюіне, қоршаған ортаға келірілетін зиянды төмендетінін жеткізді. Еуразиялық топтың басты мақсатының бірі қоршаған ортаға әсерді азайту. Сол іс-шаралардың аясында тек Нұр-сұтан қаласында ғана емес, Павлодар, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Түркістан қалаларында елбасының берген тапсырмасы шеңберінде 5 жыл ішінде 420 мың түп ағаш отырғызуды міндетке алынған. Нақытрақ айтқанда, Ақтөбе облысы бойынша 100 мың, Қостанай облысы бойынша 50 мың, Қарағанды және Түркістан облысы бойынша 10 мың түп ағашын отырғызылады.
«Павлодар облысында біздің үлкен мекемелер орналасқан. Сол себепті 5 жылдың ішінде Павлодар облысына 250 мың түп ағаш отырғызамыз. Бұдан басқа біз тау-кен кәсіпорындар арасында 10 жылға арналған стратегиямызды жазып, онда қоршаған ортаға келетін қатты түрдегі шығарындыларды 56%-ға, суды табиғаттан алып қолдану 30%-ға төмендетуге, қалдықтарды азайтуға бірнеше іс-шараларды жоспарлап, қазір сол стратегиямызды жүзеге асырудамыз», - деді Талғат Төребеков.

Оның айтуынша, бұл стратегияны жүзеге асыру үшін қомақты қаражат қажет. Қазіргі таңда акционерлерге нақты қаржы бөлінген.
«Бадам ағашы суыққа төзімді ағаш және биіктігі 4-5 метр болып өседі. Ең басты мәселе бұл ағашты отырғызу ғана емес, оның күтімінде. Бүгінгі науқанда бұл ағаштарды отырғызамыз. Бұдан кейінгі бұл ағаштардың әрі қарай өсуіне тұрақты даму жер қоры өз міндетіне алды. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі қарайласады. Ағаштар өсіп кетпесе, ауыстырып отырады», - деді ол.

Іс-шараға қатысқан Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мүшесі, Ақерке Ақынтаева халықаралық ағаш отырғызу күні екенін еске салып, ерікті түрде ағаш отырғызуға келгенін жеткізді. Оның сөзінше, ағаштар Новосибирск қаласынан әкелінген.
«Ұзындығы 6 метрге дейін созылатын ағаштар болып табылады. Бұл өз қаламыздың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында ұйымдастырылған. Алдағы уақытта осындай іс-шаралар жүзеге асқанын қалаймын», - деді Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мүшесі.

-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда
-
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді
-
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды
-
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді
-
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр
-
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті
-
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды
-
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды
-
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі
-
Елордада КВИ жұқтырғандар саны 2,4 есе артқан
-
Елордадағы эпиджағдай: инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-дан асты
-
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды

