• Басты
  • Елордада қатаң режимдегі карантин енгізілуі мүмкін бе
29 Қыркүйек, 2020 12:43

Елордада қатаң режимдегі карантин енгізілуі мүмкін бе

Бүгін елордада қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық ахуал және елордадағы кезекші сыныптардағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы тақырыбында» онлайн баспасөз мәжілісі өтті. Конференцияға қатысқан Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері халық беқамдық танытуын тоқтатпаса, қайтадан карантин енгізілетінін атап өтті, ал қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Сматаева білім ұйымдарындағы оқу процесі жөнінде баяндады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілішсі.

Елордада қатаң режимдегі карантин енгізілуі мүмкін бе

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пралиеваның сөзінше, бүгінде есепті кезеңде фармацевтикалық компаниялардың қызметіне жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша тіркелмеген дәрі-дәрмектерді сатқаны үшін және дәрі-дәрмектердің белгіленген шекті рұқсат етілген бағасынан асқаны үшін жалпы сомасы 13 864 998 теңгені құрайтын 120 субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Осы орайда ол дәрігерлер мен қала билігі тұрғындары бетперде киюге, әлеуметтік қашықтықты сақтауға және ықтимал адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеуге қатысты қарапайым талаптарды сақтауға бірнеше рет шақырғанын баса айтты. Алайда халық тарапынан бұл талаптар еленбей отыр.

«Біз қанша ескертіп айтқанымызбен, тқрғындар тиісті деңгейде талаптарды орындамай келеді. Егер халық осылай жалғастыра берсе, сондай-ақ жақын байланыстағы адамдар туралы толық ақпарат бермесе, бұл байланыстар арасында жағдайлардың тіркелуінің қайта-қайта көбеюіне және жалпы қалада коронавирустық инфекцияның өсуіне әкелуі мүмкін», - деді ол.

Оның сөзінше, ондай жағдайда белгілі бір қызмет түрлері тоқтатылып, қатаң шектеу және карантиндік шаралары қайта енгізілуі мүмкін.

Елордалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Сматаева қаладғы білім беру ұйымдарының жұмысына тоқталып өтті.

Мектеп дейінгі ұйымдар

Елордалық мектепке дейінгі ұйымдар кезекші топ режимінде жұмыс істеуді жалғастрады. Бүгінде мемлекеттік және жекеменшік балабақшаларда 1532 кезекші топ ашылды. Ондағы балалар саны 22687. Барлық балабақшаның жұмысы санитарлық талаптарға сай жүргізілуде. Баланың мектепке дейінгі ұйымға баруына ата-аналар өтініші негізінде жүзеге асады. Балабақшаға келмеген жағдайда орны сақталады.

Мектептегі оқу процесі

Ол мектептердегі сабақ биыл қашықтан оқу форматында басталғанын тілге тиек етті. Сонымен қатар ата-аналардың қалауы бойынша, білім беру ұйымдарына қойылатын санитарлық ережелерді сақтай отырып, бірінші сынып үшін кезекші сыныптар жасақталған.

Барлығы 3011 кезекші сынып жұмыс істейді. Онда 40 400 бала білім алып жатыр. Кезекші сыныптардың жұмысы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады», - деді ол.

Оның сөзінше, ата-аналар балаларын мектептің есік алдына дейін алып келіп, сабақ аяқталғаннан кейін сыртқы есік алдынан алып кетеді, яғни ата-аналар мектепке кірмейді. Әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін мектептерде арнайы белгілер қойылған. Кабинеттер әр сабақтан соң желдетіліп, кварц қосылады. Қашықтық режимдегі оқыту процесі синхронды және асинхронды форматта жүруі мүмкін. Қалада қашықтан оқытуды жүзеге асыру үшін отандық интернет платформалар, атап айтқанда «Дарын» және «Білімлэнд» онлайн платформаларында синхронды және асинхронды форматта жүргізіледі. Сонымен қатар барлық мұғалім мен оқушылардың Microsoft Teams бағдарламасын тегін пайдалануға мүмкіндігі бар. Қашықтан оқыту барысында компьютерлік технологиялармен қамтамасыз етілуі маңызды. Сол себепті биыл оқу жылы қарсаңында мектеп қорынан мұғалімдер мен оқушылар 9 700 компьютермен және 22 600 роутермен қамтамасыз етілген.

Толықтырылады

Барлық жаңалықтар