- Басты
- Елордада қандай халықаралық іс-шаралар өтеді
Елордада қандай халықаралық іс-шаралар өтеді
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 19 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Германия Федералдық Сыртқы істер министрлігінің Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық мәселелері бойынша уәкілетті өкілі Михаел Зибертпен кездесуі өтетінін айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz.

«Келіссөздердің күн тәртібінде Мемлекет басшысының ГФР-ға алдағы ресми сапары, Орталық Азия бойынша ЕО Стратегиясын іс жүзінде іске асыру, сондай-ақ өңірлік құрылымдар мен халықаралық ұйымдар шеңберіндегі екі елдің өзара іс-қимылы кіреді», - деді ол.
Сонымен қатар, 20 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Қазақстандағы Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларымен кеңейтілген кездесуі өтеді.
«Оның барысында екіжақты және көпжақты ықпалдастық, соның ішінде 2020 жылғы жоспарланған іс-шаралар мен сапарларға қатысты кең ауқымды мәселелер талқыланады деп күтілуде», - деді А.Смадияров.
Сондай-ақ, 21 қарашада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Азаматтарды бірыңғай (ұлттық) қабылдау күні аясында азаматтарды қабылдайды.
«Қабылдауға жазылу үшін алдын ала Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне хабарласу қажет», - деді ол.
Сонымен қатар, ресми өкіл Гонконгта наразылықтардың ушығуына, соның ішінде университеттер аумағында, сондай-ақ оларға іргелес аудандарда ахуалдың шиеленісуіне байланысты Гонконгтың бірқатар жоғары оқу орындары, соның ішінде қазақстандық студенттер оқып жатқан оқу орындары екінші семестрге дейін сабақтарды тоқтату немесе қашықтықтан оқытуғ көшу туралы шешім қабылдады.
«Осыған байланысты, ҚР Сыртқы істер министрлігі Гонконгта оқып жатқан барлық студенттерге Қазақстанға оралуды ұсынады. Сонымен қатар, министрлік ҚР азаматтарын қауіпсіздік жағдайы тұрақтанғанша Гонконгқа аса қажеттіліксіз бармауға шақырады. Гонконгта болуға мәжбүр болған азаматтарды барлық қажетті сақтық шараларын қабылдауды сұраймыз. БАҚ-та және Гонконгтағы Қазақстанның Бас консулдығының ресми сайтында ақпаратты бақылап отыруға болады», - деді ол.
Сонымен қатар, ол біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елге уақытылы қайтып келу мақсатында «Air Astana» әуекомпаниясымен айыппұл төлеу және баға айырмашылығын төлеместен бұрын сатып алынған билеттерге ұшу күнін өзгерту мүмкіндігі туралы келісімге қол жеткізілді.
Сондай-ақ, Қазақстанның Гонконгтағы Бас консулдығы Қазақстандық студенттер ассоциациясымен бірлесіп студенттерді жинау мен әуежайға дейін тасымалдау шаралар ұйымдастырып жатқанын атап өтті.
« Бүгінгі таңда Қазақстанға 118 студент қайтып келді. Алдағы күндері тағы 40-қа жуық студентті қайтару жоспарланып отыр», - деді ол.
Аягөз Құрмаш
-
МӘМС: Кімдер тіркелді, халыққа қандай көмек көрсетілді және қордың пандемия кезіндегі жұмысы
-
Мәжілістің жаңа сессиясы аясында қандай заң жобалары қаралмақ
-
Қазақстанның кеден бекеттерінде 2021 жылы қандай өзгерістер болды
-
Елордада кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді
-
Қазақстанға келген шетел азаматтарына пандемияға байланысты қандай жеңілдік қарастырылды
-
Халықты ауыз сумен қамту: Заң жобасына қандай өзгерістер мен түзетулер енгізілді
-
Transparency Kazakhstan 2020: Қандай мемлекеттiк мекемелерде жемқорлық фактiсi жиi кездеседi
-
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
«Қоғамдық кеңестер туралы» заңға қандай өзгерістер енгізілді
-
Мәслихаттардағы жастардың үлесі қандай
-
Covid-19 әлемде: Англияда рождество мерекесі локдаунда өтеді, Италияда бүкілхалықтық локдаун
-
Мереке қарсаңында елордадағы кафе мен мейрамханалардың жұмысы ерекше бақылауда болмақ
-
ЖОО-лардағы емтихандар қашан, қалай өтеді
-
Кәсіптер атласы: Болашақтың мамандықтары қандай
-
Қазақстанда Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылады

