- Басты
- Жаңалықтар
- Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды
Елордадағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) алаңында Al-Farabi Knowledge Centre білім орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған орталықтың басты міндеті - Қазақстанның және жалпы өңірдің тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу үшін жергілікті және халықаралық мүдделі зерттеуші ғалымдар әзірлеген зерттеулерді таратуға қолдау көрсету. Толығырақ Strategy2050.kz порталында.

Al-Farabi Knowledge Centre — бұл ғылымды қажетсінетін жобаларды тарту орталығы және АХҚО қызметінің негізгі бағыттары бойынша қолданбалы зерттеулерге арналған алаң.
Білім орталығы кітапханасының кітап қоры Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті кітапханасының қазақ халқының тарихы мен мәдениеті тақырыбындағы кітаптарының топтамасымен толықтырылды. Орталықта қазақтың мыңдаған дәстүрлі күйлері бар «Батырлар жыры» жинағы ұсынылған. Сонымен қатар, білім орталығының кітапхана қорында өңірлердің тұрақты дамуы мен елдердің экономикасына арналған конференция материалдары бар.
Сонымен қоса, Бреттон-Вудс комитетінің негізін қалаушы және атқарушы директоры Марк Узанның жеке кітапханасынан үш мыңнан астам құнды және сирек кездесетін басылым мен ғылыми еңбекті Al-Farabi Knowledge Centre білім орталығының кітапхана қорына сыйға берілді. Оның ішінде экономика, салыстырмалы саясат, халықаралық қатынастар, білім, лингвистика, философия, мәдениет, өнер, бизнес, сондай-ақ жеке даму әдебиеті сияқты салалардағы кітаптар мен жұмыстар бар.
Жиынға қатысқан білім орталығының жетекшісі Ақбөпе Сикинбаева орталықта бірқатар іс-шара өтетінін атап өтті.
«Al-Farabi Knowledge Centre білім орталығында біз тұрақты түрде түрлі семинарлар мен зерттеу мастер-кластарын, сондай-ақ кітап авторларының тұсаукесерлерін ұйымдастыратын боламыз. Мұндай іс — шаралардың басты идеясы - пайдаланушыларды расталған ақпарттарды іздеп, олармен дұрыс жұмыс істеуді үйрету, көрермен қауым арасында академиялық зерттеу қабілеттерін дамыту және ақпараттық сауаттылықтың соңғы трендтерімен таныстыру», - деді ол.
Сонымен қоса, Бреттон-Вудс комитетінің негізін қалаушы және атқарушы директоры Марк Узанның жеке кітапханасынан үш мыңнан астам құнды және сирек кездесетін басылым мен ғылыми еңбекті Al-Farabi Knowledge Centre білім орталығының кітапхана қорына сыйға берілді. Оның ішінде экономика, салыстырмалы саясат, халықаралық қатынастар, білім, лингвистика, философия, мәдениет, өнер, бизнес, сондай-ақ жеке даму әдебиеті сияқты салалардағы кітаптар мен жұмыстар бар.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды
-
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ»
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда
-
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері
-
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды
-
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы
-
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері
-
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді
-
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді

