• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

24 Мамыр, 2021 11:19

Елордада Елбасы кітапханасының музейінде «Адамға табын, Жер, енді!» халықараралық көрмесінің көпшілік бағдарламасы аясында «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» дөңгелек үстелі өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Iс-шара қатысушыларына Күмбез залында «Жер. Алғашқылардың уақыты» көрмесiнiң экскурсиясы жүргiзiлдi. Елбасы кiтапханасының дөңгелек үстелiне елiмiздiң ғалымдары, ғарыш және биотехнология саласының мамандары, «Жер, адамға тағзым!» көрмесiнiң серiктестерi, жоғарғы оқу орындарының студенттерi қатысты.

Жиын Елбасы кiтапханасының директоры Бақытжан Темiрболаттың сөзiмен ашылды. Ол өз сөзiнде ғарыштың маңыздылығына тоқталып өттi.

«Ғарыш – жаһандық орта. Ол – адамзаттың ортақ мұрасы. Демек, ғарыш пен ғарыш технологияларын дамыту – өркениет пен жүйенi дамытатын, жер бетiнегi әр мемлекеттiң мүддесi үшiн маңызды iс. Ұлттар мен елдердiң техникалық, экономикалық, интеллектуалдық күшiн жұмылдырғанды талап ететiн жұмыс адамзатқа серiктестiктiң iрi мүмкiндiктерiн бiрқатар онжылдық түгiлi бiрнеше ғасырға кепiл етедi», - дедi Елбасы кiтапханасының директоры Бақытжан Темiрболат.

Сондай-ақ, жиынға қатысқан Қазақстандағы Ресей Федерациясы елшiлiгiнiң кеңесшiсi Алексей Короченконың айтуынша, өмiрдiң барлық саласына әбден сiңген ғарыш технологиялары күнделiктi өмiрiмiздiң бөлiгiне айналып отырғанын атап өттi.

«Ғарыш технологияларынсыз басқа өмiрдi елестету бiзге қиын. 60 жыл өтсе де. Дәл 60 жыл бұрын қазақ жерiнен адам ғарышқа алғаш ұшқан. Адамзаттың басқа әлемдерге қол жеткiзетiнi анық, бiрақ алдымен бiз өз бесiгiмiздi, жерiмiздi жабдықтауымыз керек. Бүгiнгiдей iс-шараларды да осы мақсатта өткiземiз», - дедi Қазақстандағы Ресей ынтымақтастығы өкiлдiгiнiң басшысы, Қазақстандағы Ресей Федерациясы елшiлiгiнiң кеңесшiсi Алексей Короченко.

Iс-шарада «Ұлттық ғарыш зерттеулерi мен технологиялар орталығы» АҚ басқарма төрағасы, Халықаралық ақпараттандыру академиясы мен ҚР инженерлiк академиясының академигi Марат Нұрғожин өз сөзiнде отандық ғарыш ғылымының ахуалы мен жоспарына тоқталды:

«Алдағы уақытта Қазақстан халықаралық деңгейдегi ақпараттық ресурстар мен сервистердi құрып, қазiргi заманғы ғарыш қызметтерiнiң әлемдiк нарығына лайықты үлестi иеленуi қажет», - дедi Марат Нұрғожин.

Ол өз сөзiнде, қазiргi заманғы ғарыш саласының драйверлерi болып табылатын бес негiзгi бағытты анықтауға болатынын атап өттi.

«Бес негiзгi бағыт- ғарыш қызметi құнын төмендетуге мүмкiндiк туғызатын технологиялық жетiстiктер; ғарыш саласына жеке инвестициялар үлесiн арттыру; жаһандық экономиканың дамуы; ғарыш қызметiн экономикалық өсудiң көзi ретiнде қарастыру; ғарыш саласындағы елдердiң әскери-стратегиялық дамуы», - дедi ол.

Сондай- ақ ғарыштық жүйелердiң көмегiмен толықтырылатын ғылыми бiлiм ауқымына тоқталып өттi.

• ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, орман шаруашылығы, су шаруашылығы, геология және пайдалы қазбалар кен орындарын игерудi қоса алғанда, экономика салаларында экономикалық қызметтi ақпараттық қамтамасыз ету;

• жалпы географиялық және тақырыптық картографиялық материалдардың кең ауқымын (топографиялық карталар, сандық карталар, әртүрлi мақсаттағы ГАЖ, сейсмикалық және геологиялық қауiптiлiк карталары, ормандардың, ауылшаруашылық жерлерiнiң карталары және басқа да тақырыптық мақсаттар) құру және жаңарту;

• барлық үш негiзгi табиғи аумақтарда (атмосфера, жер бетi, су ортасы) ластанудың таралуы үшiн ғаламдық, аймақтық және жергiлiктi деңгейлердегi экологиялық мониторинг;

• төтенше жағдайлардың мониторингi, оның iшiнде төтенше жағдайлар фактiсiн анықтау, масштабы мен қиратылу сипатын бағалау, жер сiлкiнiсi мен басқа да жойқын табиғат құбылыстарын болжау, цунами, су тасқыны, сел, аумақтың химиялық және басқа ластануы, орман өрттерi туралы ескерту , мұнайдың үлкен төгiлуi және т.б.;

• гидрометеорология, оның нақты мәселелерiн шешу үшiн аймақ бойынша ғарыштық деректердiң әлемдiк масштабында жоғары мерзiмдiлiктi алу қажет

Жиында «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК бас директоры, Nazarbayev University профессоры, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесi Ерлан Раманқұлов ғарыш саласындағы заманауи технологияларды тiлге тиек еттi.

«Шешiлмеген басты мәселе - ғарыш экспедицияларын отынмен, сумен және тамақпен қамтамасыз ету болып отыр. Америкалық ғалымдар пайымдауынша, бұл мәселенi шешуде синтетикалық биология көмектесуi тиiс. Ғарыш агенттiктерi мен жеке компаниялар мұндай жобаларды жүзеге асыруды ойлап жатыр. Мысалы, голланд ғалымдары Марстың бетiнде шалғам, бұршақ, қара бидай және қызанақ өсiруге болатындығын дәлелдедi», - дедi ол.

Жиын онлайн және офлайн форматта өттi.Дөңгелек үстелге «Республикалық ғарыш байланысы орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Шоқан Свогузов, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ Жердi қашықтықтан барлау департаментiнiң директоры Бауыржан Бекмұхамедов, В.Г. Фесенков атындағы «Астрофизика институты» ЕЖШС директорының орынбасары Рашит Валиуллин, «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС зертханасының меңгерушiсi Нұрлан Богуспаев, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ Жердi қашықтықтан барлау департаментi директорының орынбасары Раушан Ақназарова, «Республикалық ғарыш байланысы орталығы» АҚ стратегиялық жобалар департаментiнiң директоры Әдiлқайыр Қадiр қатысты.

Барлық жаңалықтар