• Басты
  • Елордада Адам құқықтары диалогы басқосулары өтті
20 Қараша, 2019 12:10

Елордада Адам құқықтары диалогы басқосулары өтті


Нұр-Сұлтан қаласында Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы Әділсот және ішкі істер мәселелері бойынша кіші комитетінің 17-ші отырысын және Адам құқықтары бойынша 11-ші диалог басқосуын өткізді. Биыл қос кездесу Қазақстандағы саяси өзгерістер мезеті мен Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің (КӘЫК) ЕО-ға мүше мемлекеттермен толық бекітілуі аясында ЕО-Қазақстан арасындағы өзара ынтымақтастықтың маңызды кезеңімен тұспа-тұс келді. Талқылаулар сындарлы және ашық диалог жағдайында өтті.
Елордада Адам құқықтары диалогы басқосулары өтті

 Әділсот және ішкі істер мәселелері бойынша кіші комитеттің отырысы барысында Қазақстан сот билігінің тәуелсіздігі мен ашықтығын арттыру мақсатында құқықтық қорғау мен көмек көрсету салаларындағы жүргізілген реформалар бойынша толық шолу жасады. ЕО заң үстемдігін нығайтудағы қолдауын растап, бюджеті 8 миллион еуроға ұлғайтылған өзінің жаңа аймақтық заң үстемдігі бойынша бағдарламасын ұсынды.

Сонымен қатар, ЕО мен Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі бейілділігін растап, Қазақстанның Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобына (GRECO) қосылуын талқылады.

ЕО мен Қазақстан терроризмге қарсы күрес және зорлық-зомбылық экстремизмді алдын алу бойынша халықаралық және аймақтық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап, Қазақстанның шетел террорист-жауынгерлерімен күресу бойынша тәжірибесін талқылады. Қарастырылған мәселелер қатарында – көші-қон, баспана және шекараны басқару, заңсыз есірткі және адам саудасына қарсы күрес мәселелері болды.

19 қараша күні Адам құқықтары бойынша диалог барысында ЕО мен Қазақстан адам құқықтары бойынша мәселелердің кең ауқымын талқыға салды. ЕО Қазақстанның Әмбебап жан-жақты мерзімді шолуының 34-ші сессиясындағы ұсынылған шолуын  құптады, соның ішінде мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясы мен білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес туралы конвенцияны бекіту және әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен азаптауды тоқтату бойынша іс-қимылдар сияқты оң үрдістер.

Азаматтық қоғаммен өткізілген кеңестер мен Еуропарламенттің Қазақстандағы адам құқықтары ахуалы жөнінде резолюциясын (наурыз 2019 ж.) ескере отырып, сөз бостандығы мен ақпарат еркіндігі құқықтарын жүзеге асырудағы кедергілер, атап айтқанда, Қылмыстық кодекстің 174-ші бабы қарастырылды. ЕО бейбіт шерушілердің тұтқындалуы бойынша алаңдаушылығын білдіріп, Қазақстанды заңгерлер, журналистер және үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы үшін қолайлы ортаны қалыптастыру бойынша іс-қимылдарды жалғастыруға шақырды. ЕО кәсіподақтар туралы заңның жүзеге асырылуы, атап айтқанда, Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) № 87 конвенциясының орындалуы туралы сұрастырды. 

Сондай-ақ, қамау орындарына тәуелсіз бақылау мақсатында кедергісіз кіру мүмкіндігін қамтамасыз ету, азаптау бойынша істерге тергеу жүргізу және құрбандарды оңалтудың маңыздылығы мәселелері күн тәртібінде болды.

ЕО Қазақстанды Еуропалық Одақ және БҰҰ-ның әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін жоюға бағытталған «Жарық сәулесі» бірлескен бастамасына қосылуға тағы бір мәрте шақырды. Сонымен қатар, қатысушылар діни сенім бостандығы мәселесін және көпжақты форум шеңберіндегі ынтымақтастықты қарастырды, оның ішінде БҰҰ-ның қарауына және БҰҰ Арнайы баяндамашыларының сапарларына ашық болу, ЕҚЫҰ-мен тығыз жұмыс істеу маңыздылығы атап өтілді.

Сонымен қатар, кездесуде бірқатар жеке істер көтеріліп, Еуропалық Одақ бұл істер бойынша тізімді Қазақстан тарапына ұсынды.

ЕО делегациясын  Еуропалық сыртқы істер қызметінің Орталық Азия бөлімшесі басшысы Борис Ярошевич мырза, ал Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының орынбасары Болат Дембаев мырза басқарды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды