• Басты
  • Елордада «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» дөңгелек үстелі өтті
16 Қаңтар, 2020 18:12

Елордада «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» дөңгелек үстелі өтті

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің Ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқының ұлы ақыны әрі ағартушысы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орайластырып отырған алдағы іс-шаралардың қажеттілігін белгіп берген «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтеді.
 Елордада «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» дөңгелек үстелі өтті

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – келер ұрпаққа және қонақтарға қазақ халқының көрнекті перзенті, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының қазақ әдебиетінеқосқан үлесі мен әлем аренасына насихатталу жолдарын талқылау.

2020 жылдың 9 қаңтарында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және Қазақстан ХХІ ғасырда» атты мақала жариялады. Өз мақаласында Президент Абайдың сөздерінің маңыздылығы туралы көпшілікпен ой бөлісіп, сонымен қатар «Абай сияқты ұлтты сүюге» шақырады. Абайдың «Келелі кеңес жоғалды, Ел сыбырды қолға алды» сөзін келтіре отырып, Тоқаев халықтың үкіметке деген сенімі төмендеді, сондықтан ол мәселелерді талқылау және шешу үшін «қоғамдық сенім кеңесін» құру шешімін қабылдады.

Сонымен қатар Ұлттық музей қорындағы Абайдың құтысы, Абай Құнанбаевтың 150 жылдығына арналып жасалған опера әншісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі, Абай шығармаларын насихаттаушы Мыржықбай Кенжеғали Тұрсынбекұлына сыйға берілген сағат және  арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылады.

Дөңгелек үстелді ұйымдастырушы ҚР Ұлттық музейі «Жазба ескерткіштер зерттеу» секторы БАҚ өкілдерін қазақ халқының ұлы ақыны және ағартушысының туғанына 175 жыл толуына арналған  шараға ақпараттық қолдау көрсету үшін осы өзекті тақырыпты талқылауға және түсіндіруге қатысуға шақырады.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды