- Басты
- Елордада "Abai tv" телеарнасының таныстырылымы өтті
Елордада "Abai tv" телеарнасының таныстырылымы өтті
Еліміздің бас қаласында "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының құрамындағы "Abai tv" мәдени-ағарту телеарнасының таныстырылымы өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Шараға ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев қатысып, баршаны жаңа телеарнаның ашылуымен құттықтады.
"2020 жыл еліміздегі ерекше маңызды оқиғаларға толы. Соның бірі - Абайдың 175 жылдығы. Был ұлы ақынның мұрасын дәріптеуге арналған ауқмды жұмыстар атқарылды, іс-шаралар әлі де жалғасуда. Бұл барымызды бағалайтын, болашағымызды бағдарлайтын нақты қадам болды. Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасында көрсетілген қоғамдық сананы қайта түлету ісінің мән-маңызы осында. Мемлекет басшысы Тоқаев "Абай және 21 ғасырдағы Қазақстан" мақаласында "Ақынның мұрасы - бүкіл адамзат баласының рухани азығы" деп лайықты баға берген еді", - деді ол.

Сонымен қатар Дәурен Абаев бүгін тұсауы кесілетін жаңа телеарна мәдени-ағартушылық салаға үлес қосуды, ұлт қазынасын толтыруды көздейтінін айтып өтті.
"Жаңа арнаның "Абай" деп аталуы тегін емес. Біріншіден, мәдени-ағарту бағытындағы жалғыз телеарнаға ұлт руханиятының темірқазығы ұлы Абайдың атын беру өте орынды. Өйткені ұлы ақынның өнегелі жолы әлі талай ғасырға жалғасатын болады. Екіншіден, жаңа телеарна төл мәдениетіміз мен дәстүрімізді насихаттауды мақсат етіп отыр. Ұлт қажетіне жарайтын дүниеге айналсын", - деді Дәурен Абаев.

Сонымен қатар айта кетейік, жиынға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаева, ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова, ҚР Парламенті Сенатынының депутаты, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұртөре Жүсіп, журналист, академик Намазалы Омашев, Қазақ Ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева және еліміздің зиялы қауым өкілдері мен мәдениет саласының майталмандары қатысты.
-
Елордада кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді
-
Парламент мәжілісі мен мәслихат сайлауы қалай өтті
-
Шымкентте «Сайлау-2021: Саяси жаңғырудың жаңа кезеңі» атты дөңгелек үстел өтті
-
Балаларға арналған демалыс және бейімдеу орталықтарын ұйымдастыру бойынша жобалар акселерациядан өтті
-
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары: өңірлердегі тұрғындармен кездесулер өтті
-
Мереке қарсаңында елордадағы кафе мен мейрамханалардың жұмысы ерекше бақылауда болмақ
-
Елордада «Ұлы дала құндылықтарының» концепциясы таныстырылды
-
“Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогі-2020” жастар жобасы халықаралық деңгейде өтті
-
Елордада ауыл әйелдерінің III Республикалық форумы басталды
-
Елордада «Astanа Media Week» IV медиаапталығы өтеді
-
Елордада санитарлық талапты сақтамаған 150 нысанға 41 млн теңге айыппұл салынды
-
Елордада белгілі суретші Қазақбай Әжібекұлының жеке көрмесі ашылды
-
«Хабар» телеарнасының эфирге шыққанына 25 жыл толды
-
Құтқарушылар күні: Елордада жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
-
Елордадағы "ерекше" балалар "Ailand" орталығына тегін саяхаттады

