• Басты
  • Елордада 24 елдің 300 компаниясы өз өнімдерін таныстырды
23 Қазан, 2019 12:49

Елордада 24 елдің 300 компаниясы өз өнімдерін таныстырды

Елордада «KazAgro-2019» және «KazFarm-2019» атты халықаралық көрмелер өз жұмысын бастады. Он жыл ішінде аталған көрмелер өздерін еліміздегі ең ірі халықаралық,агроөнеркәсіптік форум ретінде көрсетіп үлгерді. Көрме туралы толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Елордада  24 елдің  300 компаниясы өз өнімдерін таныстырды

Аталған көрмелерді өткізудегі басты мақсат-ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерді көрсету,агроөнеркәсіп кешеніне енгізілген инновациялық әзірлемелер мен технологияларды ілгерілендіру,желілік және іскери келіссөздер үшін тиімді коммуникациялық кеңістік құру. 

cfb52b35-bbbc-46e1-a522-9151be9a125d.jpg

14 мың шаршы метрді құрайтын көрмеде 24 елдің  300-ден астам компаниясы өз өнімдерін паш етті.  

dd579752-a04a-4cae-9d1b-c1b0cb1ea65e.jpg

Қазақстанның ет одағы қауымдастығының  төрағасы Иван Саур көрменің маңыздылығы мен тиімділігі туралы айтып өтті.

9f14b307-84d9-47dc-a299-54b535b4b38c.jpg

«Көрме қатысушыларға өздерінің жетістіктерімен бөлісіп, қорытынды  шығаруға  үлкен мүмкіндік береді. Бұл көрмеде   келісімшарттардың рекордтық саны жүзеге асырылғанын тілмеймін. Қазір біз әңгімелесу  шекараны бұзып,  ара-қашықтықты жақындатанынын түсінеміз. Жаңа ғана Иран елшісімен әңгімелесе келе, ынтымақтатықтың бірнеше бағыты бар екенін айқындадық. Барлық тауарөндірушілерді  бүгінде арпа нарығы қатты қызықтырып отыр екен. Бұл мәселені екіжақты болып шешуге болады. Себебі, Иран арпаны шығару бойынша  басты серіктестігіміз болып табылады», - деді И.Саур.

Өз кезегінде Қаржы вице-министрі Руслан Еңсегенов аталған көрмені ұйымдастырушы халықаралық ұйым «Expo Group-қа» алғыс білдірді.

a4bef3cf-45e3-49c6-aa67-f515038b2f9c.jpg

«Көрме - жыл сайын саланың барлық өкілдерінің басын қосып, агроөндірістік кешен саласында ілгерілеу үшін тамаша мүмкіндік. Бұл еліміздегі басты салалардың бірі болып табылады», - деді Р.Еңсегенов.

Ал, Сыртқы істер министрлігінде ерекше тапсырмалар  жөніндегі елші Қайрат Лама Шариф аталған көрмеге өзге елдердің елшілері де қатысып отырғанын атап, қазақстандық тауарларды  шет елдерге шығару мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

a6000d75-f8d7-40cc-8aef-600aacc55aa5.jpg

«Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымына  34 ел мүше. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясында алдағы уақытта да ИЫҰ  56 мүшесі барлығы да қосылады деген үміт білдірген болатын. Қазір Сыртқы  істер министрлігі осы бағытта басқа елдермен тығыз жұмыс істеп жатыр.Қазақстандық  компанияларды шетелде болатын шараларға қатысып тұруларын сұраймыз. Мәселен, 2020 жылы БАӘ-де Gulfood 2020 көрмесі өтеді. Соған тіркеліп,  қазақстандық өнімдерді мұсылман әлеміне шығаруға мүмкіндік бар. Бұл орайда, СІМ, АШМ, ИЫҰ штаб пәтері де бұл іске қолдау көрсетеді деген сенімдемін», - деді Қ.Лама Шариф.
Сондай-ақ, Германияның федералды  ауыл шаруашылығы және өндірістік министрлігінің үйлестірушісі Александр Хаус Қазақстан Германияның маңызды стратегиялық серіктесі екенін атап өтті.

c78a2a96-6ca6-441f-8971-8ee9fa40b083.jpg

«Ауыл шаруашылығы саласындағы әлеует өте жоғары екенін білеміз. Біз дұрыс жолдамыз. Себебі, соңғы жылдары Қазақстан посткеңестік кеңістікте қарқынды  көрсеткіштерге ие болды. Біздің қауымдастық ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші ретінде нарық осы сынды ашық, либералды болғанын қалаймыз. Аграрийлер өздерінің шаруашылығына   қажетті техниканы ала білулері керек деп ойлаймын», - деді ол.  

Айта кетейік, көрмеде Австрия, Беларусь,Венгрия, Германия, Дания,Үндістан, Иран,Испания,Италия, Канада,Қазақстан,Қытай,Латвия, Литва,Нидерланды, Ресей, Словпкия, Түркия, Украина, Ұлыбритания, Финляндия, Швейцария, Швеция және Эстония елдері көрмеде бой көрсетті. 

1e2eb960-eafb-4fe1-9339-aee5fd45eebf.jpg

Жыл сайын көрмелер өзінің қонақтарын іскерлік шаралардың бай бағдарламасымен қуантады. АҚШ,Германия,Канада,Ресей, Украина және Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше болып кіретін елдердің делегациялары брифингтер мен семинарларға қатысты. 

5e75fb89-4211-436a-b2b1-966842b4c66f.jpg

Онда олар өздерінің білімдері мен тәжірибелерін қазақстандық серіктестерімен бөлісіп,талқылайды.

Аягөз Құрмаш


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды