• Басты
  • Елорда әуежайында Тұңғыш Президент күніне орай өтпелі галерея ашылды
29 Қараша, 2019 11:42

Елорда әуежайында Тұңғыш Президент күніне орай өтпелі галерея ашылды

Ел астанасындағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында Тұңғыш Президент күніне орай өтпелі галереяның ашылуы болды, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.
Елорда әуежайында Тұңғыш Президент күніне орай өтпелі галерея ашылды

Бұл өтпе жол Т1 және Т2, яғни халықаралық және ішкі ұшулар терминалдарын қосады. Галереяның жалпы алаңы 1000 шаршы метр, ал ұзындығы  -  90 метрді құрайды. Әуежайдың басқарма төрағасы Әдимолда Радильбектің айтуынша, жаңа өтпелі галерея әуежай жолаушыларына далаға шықпай-ақ бір терминалдан екінші терминалға өтуіне мүмкіндік береді.

"Біз 2017 жылы ЭКСПО-ға байланысты жаңа терминал салған болатынбыз. Аумағы 47 мың квадрат метрді құрайды. Бүгін екі терминалды қосып,  үлкейтіп жатқан жайымыз бар. Бұл жоба бойынша жүзеге асып отыр. Министрлік тарапынан осындай тапсырма кеп түсті. Галереяны салуға бір жыл уақыт кетті. Бүгінгі ашылуы Тұңғыш Президент күніне орай болып отыр",- деді ол.

Сонымен қатар басқарма басшысының сөзіне сүйенсек, мұндай шешім ел астанасының ауа райының суықтығына байланысты қабылданған. Сонымен бірге оның айтуынша,  аталған өтпе жол барлық керекті инфрақұрылыммен жабдықталған әрі орталық ағындық және инженерлік жүйелерге қосылған.

"Әуежайдың әуе қақпасы – тәулігіне 200 –ге дейінгі рейсті қабылдап, шығарып салады, әрі 14 000 жолаушыға қызмет көрсетеді, оның ішінде рейстері сәйкес келген транизитті жолаушылар да бүгінге дейін бір терминалдан екінші терминалға өту үшін далаға шығуларына тура келген еді. Қысты күні аяз бен боран соғатын, жазды күні жаңбыр жауып, жел соғатын елорданың суық табиғатын ескере отырып, жабық өтпе жоларқылы екі терминалды қосу жөнінде шешім қабылданды. Құрлыс жұмыстары кезінде келушілердің жайлылығына қажет барлық талаптар ескерілді. Өтпе жол барлық керекті инфрақұрылыммен жабдықталған әрі орталық ағындық және инженерлік жүйелерге қосылды. Ол дегеніміз, қысқы маусымда – жылы, жазғы маусымда – салқын болып тұрады", - деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ одан басқа еден астынан жылу берілген және желдету жүйесі іске қосылған. Сонымен бірге Әдимолда Радильбектің айтуынша, галереяда әуежайдың және технологиялық процестерге қатысатын ұйым қызметкерлеріне арналған бөлек қызметтік дәліз бар.

Бұдан басқа басқарма төрағасы 2019 жылғы 10 айдың қортындысы бойынша, жолаушылар саны 4,2 миллионды құраған. Ал рейстер саны 2018 жылмен салыстырғанда 3 пайызға артқан.

"Ағымдағы жылдың он айының қортындысы бойынша, жолаушылар саны 4,2 миллионға жетті. Бұл көрсеткіш 2018 жылғы осы кезеңдегі қортындымен салыстырғанда 7 пайызға артық. Ал рейстер саны 26 мыңнан асып, өткен жылғы осыкезеңмен салыстырғанда 3 пайызға көбейді. Қазіргі уақытта бұл халықаралық 20 әуе компаниясымен, атап айтсам,  15 шетелдік және 5 отандық әуе компаниямен бірге жұмыс істейді. Сонымен қатар айта кету керек,  өткен жылы астана әуежайы 30 мың рейске қызмет көрсетіп, жолаушылар саны 4,5 миллионнан асты. Ағымдағы жылдың соңына дейін әуежай жолаушылар санын 5 миллионға дейін жеткізуді жоспарлап отыр",  -  басқарма төрағасы.

Сондай-ақ айта кетейік, биыл Прага, Ұлан-Батор, Токиоға жаңа халықаралық әуе бағыттары ашылды. Осыған орай халықаралық бағыттармен ұшқан жолаушылар саны 1.5 миллионнан асты. Ал Ішкі бағыттар бойынша 2,7 миллион жолаушыға қызмет көрсетілді. Бұл көрсеткіш Шымкент, Тараз, Семей, Павлодар, Қостанай бағыттарын ашқан "FlyArystan" әуе компаниясының арқасында жүзеге асып отыр. Сонымен қатар аталмыш отандық лоукостер желтоқсанда "Нұр-Сұлтан-Мәскеу" бағытын ашуды жоспарлап отыр.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды