• Басты
  • Елорда мен Алматыға ұшақ арқылы қатынау үшін қандай талаптарды ұстану керек
29 Сәуір, 2020 17:40

Елорда мен Алматыға ұшақ арқылы қатынау үшін қандай талаптарды ұстану керек

Тауар және қызмет көрсету сапасын бақылау департаментінің жетекшісі Сәдуақас Байғабұлов елорда мен Алматы қалалары арасында ішкі әуе рейстерін іске қосқан кезде сақталатын карантиндік талаптар туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында  айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Елорда мен Алматыға ұшақ арқылы қатынау үшін қандай талаптарды ұстану керек
«Әуежолаушыларға қойылатын негізгі талап - COVID расталмаған анықтаманы көрсету. Жолаушыларды бір орындықтан кейін отырғызу тәртібі жасалады. Жолаушылар маскамен жүруі керек. Ұшып келу кезінде ұшақты дезинфекциялау қатаң жүзеге асырылады. Ұшу кезінде байланыссыз термометрия шарасы жүргізіледі. Ұшып келген соң жолаушылар карантинге жатқызылмайды. Еркін қозғала алады. Ұшу кезінде экипаж мүшелері жолаушыларды анкеталау жүргізіледі. Ол әуежайдағы сантиралық карантиндік қызметкерге беріледі. Жолаушылар туралы барлық ақпарат жүйеге енгізіледі», - деді ол.

Оның айтуынша, бұл әрекет жолаушылардың арасында уақыт өте келе өзін қолайсыз сезінген азаматтар стационарларға хабарласса, байланыс жасаған адамдарды анықтап, қажетті шараларды қабылдауға қажет болады.

«Жолаушылар ұшар алдында екі тәулік бұрын тест тапсырулары керек. Анықтама жарамдығының мерзімі 7 күнді құрайды. Егер бір қаладан екінші қалаға өту мерзімі 7 күнге жетпесе, тест тапсырудың қажеті күн. Анықтама қағазы мемлекеттік және жеке меншік лабораторияларда беріледі. Егер, жеке меншік ұйымда ол 20 мың теңгеге жақын болса, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығында   11 500 теңгені құрайды. Кез келген облыста ондай орталықтар бар», - деді ол.

Сонымен қатар, С.Байғабұлов жолаушылар арасында індет табылмаса, карантиндік талаптар жеңілдетіліп, өзге қалаларға рейстер ашылатынын айтты.

«Ұшуды бақылау үрдісі бойынша жолаушылар арасында коронавирус жұқтырғандар табылмаса, елдің басқа қалаларына да рейстерді ашуды қарастырамыз. Сондай-ақ, жағдай жеңілдесе, санитарлық талаптарды да жеңілдетеміз», - деді ол.

   Аягөз Құрмаш 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды