- Басты
- Елорда әкімдігіндегі қабылдауда 700-ге жуық адам болды
Елорда әкімдігіндегі қабылдауда 700-ге жуық адам болды
2019 жылғы 21 қарашада Президенттің "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына көшудегі міндеттерді жүзеге асыру аясында республика бойынша "азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні" іс-шарасы өтті. Іс-шара аясында "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығында елорда әкімі Алтай Көлгінов, елорда әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудан әкімдері азаматтарды қабылдады, деп хабарлады астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қабылдауға келген азаматтардың бір бөлігі жалға берілетін тұрғын үйге қатысты сұрақтар қойды. Қала әкімі Алтай Көлгінов тұрғындар сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді 5 жылдан кейін қайтарып беруге міндетті емес екендерін, пәтер шартын әр 5 жыл сайын ұзартып сол пәтерде тұра бере алатындарын айтты. (Бұл қатарға жұмыс істейтін жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй жатпайды).
"Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйде тұрғындар 5 жыл сайын жалдау шартын ұзарта отырып, өмір бойы тұра алады. Сіз құжатта көрсеткен балаларыңыз тұрғын үй шартын өз атына қайта ресімдеуге құқылы. Сонымен қатар пәтер шартын ұзартып қана пәтерде тұруға құқылысыз", - деді А. Көлгінов.
Сондай-ақ, қабылдауға жазылған азаматтар арнайы әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасу, балаларды балабақшаға кезекке қою, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, үлестік құрылыс мәселелері бойынша сұрақтар қойды. Әр сауал бойынша жұмыс жүргізіледі.
4 ай ішінде елорда әкімі Алтай Көлгінов 600-ге жуық адамды қабылдады. Сұрақтардың басым бөлігі шешілді. Сондай-ақ, азаматтарды қабылдау жүйелі түрде аудан әкімдіктерінде орналасқан open akimat, қалалық әкімдікте өтеді. Ал iQala бірыңғай қалалық қызмет көрсету орталығының алаңында қала әкімі кәсіпкерлерді қабылдайды.
-
Қазақстанның кеден бекеттерінде 2021 жылы қандай өзгерістер болды
-
Елордалық ХҚО-лардың жұмыс кестесі қайта өзгерді
-
Елордада кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді
-
Сайлау қорытындысы: Мәслихаттардағы мандаттар саны белгілі болды
-
Сайлау қорытындысы: Үш партияның Мәжілістегі мандаты белгілі болды
-
Сайлау-2021: Белгілі өнер адамдары өз таңдауын жасады
-
Мүгедектігі бар адамдар растайтын құжаттарды енді онлайн ала алады
-
Қазақстанда 858 мыңнан астам адам АӘК алды
-
Мереке қарсаңында елордадағы кафе мен мейрамханалардың жұмысы ерекше бақылауда болмақ
-
Адам құқықтары – жаһандық және ұлттық басымдық
-
Елорданы дамыту: Тұрғын үй құрылысы, үш ауысымды мектеп және әлеуметтік мәселелер
-
Елордалық жастарға жалға берілетін үйге қалай өтінім беруге болады
-
Қайырымдылық жобасы 2 млн адамды қамтыды
-
6 мыңға жуық кәсіподақ бақылаушысы сайлау процесін қадағаламақ
-
«Nur Otan» съезі: Сайлауалды бағдарлама қабылданып, кандидаттар тізімі белгілі болды

