• Басты
  • Елорда барлық өңірге үлгі болуы тиіс — А. Мамин
21 Мамыр, 2020 13:34

Елорда барлық өңірге үлгі болуы тиіс — А. Мамин

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Нұр-Сұлтан қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Елорда барлық өңірге үлгі болуы тиіс — А. Мамин

Нұр-Сұлтан қаласының 2019-2023 жылдарға арналған жинақы құрылысы жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру туралы қала әкімі А. Көлгінов, тұрғын үй құрылысы, инженерлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, елорданы газдандыру туралы энергетика министрі Н. Ноғаев, мектептер құрылысы туралы білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов, халықты сумен қамтамасыз ету жағдайы туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев, сондай-ақ жұмыстың бейінді бағыттары бойынша орталық мемлекеттік органдардың басшылары баяндама жасады.

Нұр-Сұлтан қаласында жинақы құрылыс салу жөніндегі 2019-2023 жылдарға арналған кешенді жоспар 23 іс-шарадан және 543 жобадан тұрады. Биыл қаланы газдандырудың І кезегін іске асыру жұмыстары жалғасады, атап айтсақ, «Көктал», «Железнодорожный», «Промышленный» және «Оңтүстік-Шығыс»  тұрғын үй алаптары, ЖЭО-1, 2 реконструкциялау және ЖЭО-3 құрылысы. Ұзындығы 15,1 шақырым болатын автожолдарды, ұзындығы 84 шақырым инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды – электрмен, жылумен, сумен жабдықтау, су тарту және нөсерлік кәріз жүйесі желілерін салу және реконструкциялау жұмыстары аяқталады. Тұрғын үй алаптарын дамыту бағдарламасы бойынша – абаттандыру, мектептер, емханалар салу және т. б. жобалар іске асырылады.

Бүгінде қалада 3 млн-нан астам м2 тұрғын үй салынып жатыр. Жыл басынан бері 637 мың м2 пайдалануға берілді. Биыл 10 мың орынға шақталған 13 мемлекеттік мектептің құрылысын аяқтау, сондай-ақ 2021-2022 жылдары пайдалануға беруді көздеумен 20 мың орынға шақталған 19 мектептің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жоспарланған. Қосымша 20 мың орынға шақталған 10 мектеп МЖӘ тетігі бойынша салынады. Құрылыстарды биыл тамыз айында бастау жоспарланған, мектептер 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін пайдалануға беріледі. 

Отырысқа қатысушылар тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру, әлеуметтік нысандар құрылысы, көлік инфрақұрылымын дамыту, магистральды, орамішілік және аулаішілік жолдардың жағдайын жақсарту, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көшелерді, скверлерді және басқа да жалпы қолданыстағы орындарды жарықтандыру, коммуналдық қызметтер ұсынатын қызметтердің сапасын арттыру, сондай-ақ төңіректі дамыту секілді жүйелі мәселелерді қарастырды.

Премьер-Министр құрылыстардың жоспарланған көлемін қамтамасыз етуге, тұрғын үй, мектеп және басқа да әлеуметтік нысандарды пайдалануға беруге, сондай-ақ қаланың сумен қамту және абаттандыру проблемаларын шешу қажеттігіне баса назар аудартты. 

«Елорда құрылысы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүзеге асырған тарихи жоба. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев алдымызға елорданы дамыту жөнінде бірқатар нақты міндеттер қойды. Енді біздің басты міндетіміз – қаланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, оның инфрақұрылымын, сыртқы келбетін жақсарту. Елорда өмір сүру сапасының деңгейі бойынша барлық өңірге үлгі болуы тиіс», — деді А. Мамин.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды