• Басты
  • Елордаға газ қашан келеді
20 Қараша, 2019 15:45

Елордаға газ қашан келеді

Тұтынушылар үшін түпкі баға астанада үш негізгі факторға байланысты түзіледі. Біріншісі – жер қойнауын пайдаланушылардан сатып алу бағасы, ол бойынша батыс кен орындарынан, Теңіз газдан газ алу жоспарланған, сондай-ақ Ақтөбе кен орны топтамасы. Бағасын Энергетика министрлігі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетімен бірлесіп реттейтін болады. ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында ҚР энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Елордаға газ қашан келеді
Ол атап өткендей, екінші бөлігі – газ тасымалдау. Газ “Бейнеу – Бозой – Шымкент” газ құбыры арқыл тасымалданатын болады.

«Онда біздің тариф анықталған және одан жоғары жаңа газ құбыры бойынша жоғары көтеріледі. Бағаға әсер ететін үшінші фактор, газ тарату желілерін жұмсалатын шығындар. Олар бюджеттен қаржыландырылады. Сондықтан ықпалы аз болады. Тек, желілерге қызмет көрсету тарифі болады. Бағаға ықпал ететін негізгі фактор – 267 млрд теңге қаржы жұмсалған жаңа газ құбырының тарифі. Пайдалануға берген соң құрылыс ұйымы газ құбырын әрі қарай пайдалану үшін «Интергаз Орталық Азия»-ның басқаруына тапсырады, бұл компания «ҚазТрансГаз» ұлттық операторының еншілес құрылымы», — деді ол.

Сонымен қатар, вице-министр атап өткендей, одан кейін компания Ұлттық экономика министрлігінде тарифін қорғайтын болады.

« Тариф бекітілген соң елордадағы көтерме бағасы анықталады, соны ескерумен тұтынушы үшін бөлшек бағасы есептеледі. Біздің газ құбыры пайдалануға берілетін күнді күтпейтінімізді айтқым келеді. 13 қараша күні ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен кеңес өтті. Жұмыс тобы құрылды, ай соңына дейін газ бағасы бойынша нұсқалар ұсынылатын болады», — деді М,Жүребеков.

Оның айтуынша, құны көмірден арзан болмайды, дегенмен, газ елорда мен басқа облыстарда энергияның дизель, мазут деген сияқты басқа баламалы көздеріне қарағанда, арзан болады.  

«Бізде делдал жоқ, бағаны жер қойнауын пайдаланушылардан “ҚазТрансГаз” АҚ ұлттық операторы сатып алып, халыққа жеткізеді. Біз қазірдің өзінде тұтынушыға осы бағаны анықтау үшін шаралар қабылдап жатырмыз. Бүгін бізде бағаның көптеген нұсқалары бар. Айта кетерлігі, ең төменгі баға нұсқасы таңдалады, бұл біздің мақсатымыз – бағаны халық үшін қолжетімді және арзанырақ ету», — деді энергетика вице-министрі.

Сонымен қатар, вице-министр ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың Бес әлеуметтік бастамалары аясында «Қызылорда – Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша «Сарыарқа» магистралды газ құбырын салу жобасын іске асыру барысы туралы айтып берді.  

«Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында Энергетика министрлігінің алдына қойылған міндеттерінің бірі — елорданы, еліміздің солтүстік және орталық өңірлерін газдандыру мақсатында «Сарыарқа» магистралды газ құбырын салудың бірінші кезеңін уақытылы аяқтау болды. Газ құбырының аталған учаскесі Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларына, сондай-ақ, газ құбыры трассасына жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарына табиғи газ жеткізуге мүмкіндік береді», - деді ол.  

Оған қоса, жобаны іске асыру үшін «АстанаГаз ҚМГ» компаниясы құрылды. Оның акционерлері – «Самұрық-Қазына» қоры және «Бәйтерек» холдингі. 

«Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия өткен жылғы тамыз айында қаржыландыру схемасы мен шарттарын мақұлдады. Осылайша, 80,3 млрд теңге «АстанаГаз ҚМГ» АҚ жобалық компаниясының жарғылық капиталын қалыптастыру жолымен, 85 млрд теңге – «БЖЗҚ» АҚ облигациялық займы және 102 млрд теңге – Еуразия даму банкі мен «Қазақстанның даму банкі» АҚ облигациялық займы есебінен беріледі. Құрылыстың бас мердігері – «ҚазҚұрылысСервис» компаниясы», - деді ол.  

Сонымен қатар, вице-министр бүгінде «Сарыарқа» магистралды газ құбырын Нұр-Сұлтан қаласына дейін салу аяқталу сатысында тұрғанын айтты.

«Газ құбырын салуға 1 700-ге жуық маман және 1000 бірлік арнайы техника тартылған. Бүгінде газ құбырының желілік бөлігінің 100%-ы немесе 1061,3 км дәнекерленіп, салынған. Газ құбырының 963 км немесе 91% сыналды. Бұған қоса, газ құбыры-бұрмалары мен бес автоматтандырылған газ тарату станциясын, газ өлшеу станциясын және басқару пунктін салу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді ол.  

Сонымен қатар, ол атап өткендей, жұмыс кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр, биылғы желтоқсанда магистралды газ құбыры, бес бірлік автоматтандырылған газ тарату станциясы, газ өлшеу станциясы және басқару пунктін қоса алғанда, барлық нысанның құрылысы аяқталады.

« Газ құбырын пайдалануға беруге қабылдау биылғы 31 желтоқсанға жоспарланған. Магистралды газ құбырын Нұр-Сұлтан қаласына дейін салу газ құбыры бойындағы 171 елді мекенді газбен біртіндеп қамтамасыз етуге жол ашады, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы мен газ құбыры трассасының бойындағы басқа да елді мекендердің экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.«Сарыарқа» газ құбыры жобасын іске асыру шағын және орта бизнесті дамытуға, сонымен қатар, магистралды газ құбыры бойындағы өңірлердің инфрақұрылымын дамытуға мультипликативті әсерін береді. Бұдан өзге, отын ретінде табиғи газды қолдану атмосфераға шығарылатын лас қалдықтарды азайтып, халықтың қолайлы өмір сүруіне әрі қоршаған орта жағдайын жалпы жақсартуға ықпал етеді», — деді вице-министр.   

ҚР энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласын магистралды газ құбырына қосу кезең-кезеңмен жүргізілетінін айтты. Нұр-Сұлтан қаласында газ тарату желілерінің құрылысы 2025 жылға дейін салу мерзімімен үш кезекке бөлінген.  

«Біріншісі — 2019-2021 жылдары. Алғашқы тұтынушылар келесі жылыту маусымында газға қосылатын болады. Олар: Көктал-1, Көктал-2 , Оңтүстік-Шығыс тұрғын үй алаптары, сондай-ақ, ЖЭО-1 және ЖЭО-3. Бірінші кезегі 2020 жылы беріледі. Екінші кезек мерзімі — 2021-2023 жылдары. Шығыс және Оңтүстік-Шығыс газ тарату пункттері қосылады. Интернациональный, Мичурино, Котельная аудандары газбен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, Пригородный, Family Village, Garden Village  шағын аудандары және халықаралық әуежай қазандығы қосылады. Үшінші кезекте — 2023-2025 жылдары. Ильинка, Өндіріс, Кірпіш зауыты, ЖЭО-2 газға қосылады», - деді вице-министр.

Сондай-ақ, ол алғашқы газ тұтынушылар келесі жылы қосылады, бірақ бұл жұмыс жылдам бітпейді, ол ұзаққа созылатын кезеңмен жүргізілетін процесс екенін алға тартты.

Сонымен қатар, вице-министр Қарағанды облысының әкімдігі автоматтандырылған газ тарату станцияларынан желілерді Қарағанды, Теміртау және Жезқазаған қалаларына тартуды және тарату желілерін салуды қарастырылғанын алға тартты. 

«Қарағанды облысында газ тарату желілерін салу үшін республикалық бюджеттен бұл жылға 2,4 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 1 млрд теңге — Қарағанды және Жезқазған қалаларына, 400 млн теңге — Теміртау қаласына.  Қарағанды қаласы бойынша — құбырлардың 38,9 шақырымы немесе 90% қойылды, оның 28,9 шақырымы немесе 66,5% дәнекерленді (2019 жылға қарастырылған 43,4 шақырымнан);Жезқазған қаласы бойынша құбыр 29,6 шақырым немесе 100% қойылды, оның 19,7 шақырымы немесе 66,5% дәнекерленді;Теміртау қаласы бойынша құбырлардың 30,1 шақырымы немесе 100% қойылды, оның 16,8 шақырымы немесе 56% дәнекерленді», - деді ол.

Сонымен қоса, М.Жүргебеков Ақмола облысында бірінші кезекте Аршалы және Целиноград аудандарындағы 20 елді мекенде газ тарату жүйелерінің құрылысы жоспарланғанын айтты.

«Бүгінде әкімдік 13 жобаның жобалық-сметалық құжаттамасының 8-іне мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды, олар бойынша мердігерлік ұйымдарды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалған бес жобаның жобалық-құжаттамалық құжаттамаларына мемлекеттік сараптама қорытындысын алу мерзімі – 2019 жылғы қараша.Елбасының бес әлеуметтік бастама аясында берген тапсырмасы – бұл Бесінші бастаманы – Энергетика министрлігі орындады деп айтуға болады. Өткен айда біз “алтын дәнекерлеу” рәсіміне қатыстық», - деді ол.

Осылайша, вице-министр айтқандай, Нұр-Сұлтан қаласына  тартуда магистралды газ құбырында соңғы жік дәнекерленді.

Өз кезегінде  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ернат Бәзіл елорданы газдандыру кезінде есептеуіш құралдарын орнату және газ құбырын әр үйге дейін жеткізу астаналық әкімдіктің есебінен жүргізілетінін айтты. 

Нұр-Сұлтан қаласында газ жүргізілетін алғашқы шағын аудандардың бірі Көтал-1 және Көктал-2, сондай-ақ ЖЭО-1 және ЖЭО-2. Олар магистралды газ құбырына келесі жылу маусымында - 2020 жылдың күзіне қосылады. 

Е. Бәзіл атап өткендей, тұрғындарға тек өз үйлеріне пеш орнату жұмысы қалады - әрбір үйге газ құбырын жеткізу және есептеуіш құралдарын орнату елорда әкімдігінің есебінен жүргізіледі. 

«Мысалы, бізде бірінші кезек бойынша - Оңтүстік-Шығыс, Көктал шағын аудандары бойынша жобада толық газдандыру, яғни жеке тұрғын үйдің әрбірінің шарбағына дейін жеткізу қарастырылған. Сонымен қатар жобада есептеуіш құралдар да ескерілген», — деді басқарма басшысы.  

Бұл ретте ол әкімдіктің “ақылды” есептеуіш құралдарын орнататынын атап өтті, яғни, газбен жабдықтау компаниялары бұл приборлардың көрсеткіштерін дистанциялық алады. 

«Бізде нарықтағы бағасы 15 мың теңгеге жуықтайтын ерекше есептеуіш құралдарымен қамту ескерілген. Сонымен қатар көрсеткіштерді дистанциялық бере алатын есептеуіш құралдары бар. Бұл біріншіден, тұрғындарды қажетсіз бақылаушылармен ығыр қылмайды. Осы есептеуіш құралдарының көрсеткіштері дистанциялық беріледі», — деп түсіндірді Е. Бәзіл.

Приборлар әрбір тұтынушыға тегін беріледі. Тек, тұтынушы оның бүлінбеуін қадағалауы тиіс. Әкімдікте есептеуіш құралдарды жылы жерде, тікелей пештердің жанына орналастыру керек деген шешімге келді. 

«Бізде бастапқы жобада есептеуіш құралын орнатқан соң әрбір жеке тұрғын үйдің алдында оны бұзуға қарсы жәшік орнату қарастырылған болатын. Бірақ соңғы кеңесте климаттық жағдайларға байланысты есептеуіш құралдарын үйдің ішіне орнату туралы шешім қабылданды. Біз бірнеше жеткізушілермен - итальяндық, ресейлік, германиялық жеткізушілермен кездестік. 25 градустан төмен суық болған жағдайда ешқандай жеткізуші мұндай есептеуіш құралдарының көрсеткіштерінің дәлдігіне кепілдік бермейді», — деді Е. Бәзіл.

Жобада әкімдіктің газ құбырын пайдалануға беру актісі бар және заң органдарында тіркелген әрбір жеке тұрғын үйдің шарбағына дейін жүргізуі қарастырылған. Газ құбырын үйге дейін тарту, пломбалау және үйді газ құбырына қосу бойынша қалған жұмыстарды тұтынушының өзі атқарады. Ол бұл жұмыстардың неліктен бюджет қаражаты есебінен жүргізіле алмайтынын түсіндірді. 

«Біз бюджет қаражатын жеке секторда пайдалана алмаймыз. Біз газды жекеменшік иелік аумағына дейін жеткіземіз - біздің дәлізге жататын аумақ бойынша ғана. Ал жекеменшік сектор аумағына біз бюджет қаражатын жұмсай алмаймыз. Ол жерлерге үй иесінің шығындары жұмсалады», — деді Е. Бәзіл.

Бұдан өзге, елордалық әкімдіктің өкілі тұтынушылардың мұндай жұмыстарға жұмсайтын шығындары орта есеппен 30 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейінгі аралықта болатынын жеткізді. 

«Одан соң құбырдың ұзындығына байланысты. Әрбір үйдің жеке ерекшеліктері бар - мүмкін, қоршаудан үйге дейін небәрі бір метір шығар, үш метр, бес метр боулы мүмкін - осы аралықты тұтынушылар өздері монтаждайды, аттестаты бар арнайы ұйымды жалдайды. Бұл шаралардың барлығы жұмыс құнына байланысты. Мысалы, Алматыда орта есеппен 30-35 мың теңге аралығында, 60 мыңға дейін жетуі мүмкін. Егер пеш құрамдастырылған болса, сұйық және сұйытылған газбен жұмыс істейтін болса, онда проблема жоқ, ештеңе өзгертілмейді, тек газға қосылды. Егер көмір жағылған пеш болса, онда ауыстыру керек. Бұл енді тек тұтынушының өзінің шығындары», — деді Е. Бәзіл. 


Аягөз Құрмаш 

Барлық жаңалықтар
34.237.138.69, 192.168.88.100