• Басты
  • Еліміздегі спорт клубтарын мемлекет бюджетінен қаржыландыру қашан тоқтайды
3 Қыркүйек, 2020 13:02

Еліміздегі спорт клубтарын мемлекет бюджетінен қаржыландыру қашан тоқтайды

Пандемия салдарынан пайда болған экономикалық дағдарыс пен қаржы тапшылығы кезінде кәсіби спорт клубтарын толығымен мемлекет есебінен қаржыландыру маңызын жойды. Бұл туралы Президент «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Жолдауында айтқан болатын. Осы орайда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов спорт командаларын мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлады Strategу2050.kz тілшісі.


Еліміздегі спорт клубтарын мемлекет бюджетінен қаржыландыру қашан тоқтайды

Вице-министрдің мәлімдеуінше, жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен  ересек командалар арасында Қазақстанда 95 кәсіби клубтық команда бар. Нақтыласақ, гандболдан - 9, су добынан - 2, көгалдағы хоккей - 1, регби - 2, баскетбол - 9, классикалық және жағажай волейболы - 23, футболдан 49 команда мемлекеттік бюджетке тәуелді.  2019-2020 жылдары еліміздің он жеті өңірінде жергілікті бюджеттерден 252,6 млрд. теңге бөлінген. Ең көп қаржы жұмсалатын футбол және хоккей клубтары. Осы клубтарға 2019 жылы 121,3 млрд теңге бөлінді, оның ішінде хоккей клубына – 34,1 млрд теңге, 2020 жылы – 131,3 млрд теңге, ал футболға – 37 млрд теңге.

Елбасының бастамасы бойынша 2012 жылғы желтоқсан айынан бері «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубы» жұмыс істейді. Бұл клубтың құрамына «Астана Про Тим» велокомандасы, «Астана» футбол клубы, «Барыс» хоккей клубы, «Астана» баскетбол клубы кіреді. Өңірлерде спорт секцияларын ашуға және балалардың спорттық және шығармашылық әлеуетін дамытуға басымдық беріліп отыр, - деді ол.
2020 - 2025 жылдарға арналған дене шынықтыруды және бұқаралық спортты дамытудың кешенді жоспары құрылды. Осы жоспар бойынша мектептерде тегін спорт секцияларын ашу, клубтар құры, спорт лигаларын да құрып, мектептерге спорттық инфентарь алу қарастырылған. 

Вице-министрдің айтуынша, елімізде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде бес млн астам адам айналысады, бұл ел халқының небәрі 30,6%-ын құрайды.

Кешенді жоспарға сай бұл көрсеткішті 2025 жылға дейін 7,5 млн астам адамға жеткізу көзделген, бұл шамамен 45 %. Дені сау ұрпақ өсіру мақсатында балалар мен жасөспірімдерді спортқа қызықтыру .шін шаралар жасалп жатыр. Мысалы, 2019 жылы он бір жаңа балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылды. Елімізде төрт жүз жетпіс жеті балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде үш жүз елу мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер спортпен айналысады. Спорт мектептерінде балалар секциялары тегін ұйымдастырылған, - деп нақтылады спикер.
Қазақстан Президенті балалардың күшін дұрыс арнаға жұмсау туралы жиі айтады. Балалар мен жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру үшін аймақтарда қолөнер орталықтары ашылады. Бұл орталықтарда балалар мен жасөспірімдер ұлттық қолөнер бұйымдарын жасайды. 

 Жамбыл облысындағы «Шахрестан» орталығы - сол орталықтардың жүзеге асқанының көрінісі.  Түркістан қаласындағы Халықаралық Туризм және қонақжайлылық университетінің жанынан қолөнер орталығы ашылады. Осы орталықтардың жұмыс істеу тәжірибесін қолдана отырып, басқа облыстарда осы қолөнер оталықтарының филиалдары немесе желісі ашылады. 

Балаларды шығармашылыққа жаппай тарту мақсатында Республикалық және жергілікті мәдениет үйлерінің жанынан қолөнер үйірмелері ашылады. Бұл үйірмелер балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға көмектеседі, сонымен қатар ерте жастан бастап бойында қолөнерлік таланты бар балаларды анықтап, оларға жастайынан шеберлікті үйретуге көмектеседі. Өнер және мәдениет ұйымдарында ересектердің де қолөнермен шұғылдануына жағдай жасалатын болды. 

Осы мақсаттар үшін ең алдымен Министрлік мәдениет ұйымдарына осындай құқық беру жөніндегі қолданыстағы Заңнамаға түзетулер енгізуді қолға алды.

Спикер Жолдауда мұғалімдердің әл-ауқатын арттыруға және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың жалақысын 25% - ға өсіру туралы айтты.

 2020 жылғы 1 қаңтарынан  бастап білім беру мекемелеріндегі қызметкелерлер сияқты, мәдениет және спорт мектептер мен колледждер қызметкерлерінің жалақысы 2023 жылға дейін жыл сайын 25% - ға ұлғаятын болады, - деді ол.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап республикалық мәдениет және архив ұйымдары қызметкерлерiнiң жaлaқыcы 50% көлемiнде, ал өңiрлiк ұйымдар қызметкерлерінің жалақысы 35% -ға өсті. Жалпы, жалақыны көтеру 34 мың адамға, оның iшінде 3 мыңға жуығы республикалық деңгейде, ал 31 мыңнан астамы өңiрлерде қамтылды.

Бүгінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде бұқаралық спортты дамытуға бағытталған заң жобасы қарастырылып жатыр.

Айтуынша, құжаттың аясында мемлекеттік бiлiм бepy ұйымдарының педагогтарына сабақтан тыс спорт сабақтарын жүргiзгенi үшiн бaзaлық лayaзымдық жaлaқыдан 100% мөлшерiндe қocымшa aқы eнгiзy мәсeлесi қарастырылып жатыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаев өз Жолдауында айтқан ел дамуы үшін дайындалған Стратегиялық жоспарларды дер кезінде және сапалы орындау үшін Министрлік нақты жұмыс атқарып жатыр, - деп қорытты Нұрғиса Дәуешов.
Фото: mail.kz

Барлық жаңалықтар