• Басты
  • Еліміздегі ӨКЖ жүйесі қаншалықты тиімді жұмыс істейді
3 Наурыз, 2020 15:55

Еліміздегі ӨКЖ жүйесі қаншалықты тиімді жұмыс істейді

Елімізде өндірушілердің кеңейтілген жауапкершілігі (ӨКЖ) тұжырымдамасының енгізілгеніне көп болған жоқ. Осыдан төрт жыл бұрын елбасының бастамасымен қолға алынған  ӨКЖ жүйесі тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату, сонымен қатар қоршаған ортаны жақсарту саласындағы тиімділігін байқатты. ӨКЖ жүйесі қаншалықты тиімді жұмыс істейді, қоршаған ортаны қорғаудағы рөлі қандай және енгізілгелі бері қандай өзгеріс әкелді деген сауалдарға жауап іздеп көрейік.

Еліміздегі ӨКЖ жүйесі қаншалықты тиімді жұмыс істейді

Біріншіден, ӨКЖ  дегеміз не деген сауалға тоқталайық. ӨКЖ - өнімді жинау, өңдеу және пайдалану кезінде өнімнің қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендетуге арналған стратегия.  

Қазіргі таңда әлемде 400-ге жуық ӨКЖ-нің жүйесі бар. Оның көпшілігін ӨКЖ  операторы - арнайы құрылған уәкілетті ұйымдар іске асырады.

ЭЫДҰ 2016 жылғы өзінің әлемде ӨКЖ-ні енгізу тәжірибесін жалпылау және талдау нәтижелері негізінде қалыптастырған өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері туралы тұжырымдамасында қазіргі қолданыстағы ӨКЖ операторлары негізінен үкіметтік емес ұйымдар деген қорытындыға келген.

Ал Қазақстанда ӨКМ принципі 2016   жылғы   1  қаңтардан бастап іске асырылуда. 2018 жылы ЭЫДҰ Қазақстанда ӨКМ қағидатын енгізу бойынша зерттеу жүргізген болатын. Нәтижесінде ұлттық ерекшеліктер ескеріліп, елімізде ӨКМ жүйесінің ЭЫДҰ-ның негізгі ұсыныстарына сәйкес келетіні жөнінде қорытынды жасалды.

ӨКЖ операторының міндеті - қатарына Қазақстанда тұрмыстық қатты қалдықтарды басқарудың бiрыңғай жүйесiн құру, отандық автомобиль паркін жаңарту, елімізде кәдеге жарату саласын жүйелi дамытуға көмектесіп, қайталама шикізат ассортиментін ұлғайту, жұмыс iстеп тұрған қайта өңдеу кәсiпорындарын қатыстыру және өнімнің өзіндік құнын төмендету, ТҚҚ бөлек жинау инфрақұрылымын қалыптастыруға жәрдемдесу, ел арасында экологиялық сана мен экологиялық мәдениеттiң қазiргi деңгейiн арттыру және  экологиялық мәселелердi шешу және қоршаған ортаның жағдайын жақсарту. 

Жалпы, ӨКЖ - құрал ретінде қалдықтарды жинау және өңдеу көлемін арттыруға ғана емес, сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдауға мүкіндік береді. Нақтырақ айтқанда, өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігін іске асыру кезеңінде сату көлемі мен ішкі нарықтағы отандық автомобильдерді, аккумуляторларды, жанар-жағармай материалдарын өндіру көлемі айтарлықтай артты. Бұл шараларды жүзеге асыру біріншіден қалдықтарды басқару секторының инвестициялық тартымдылығын арттырып, экологиялық мәселелерді шешуге ықпал етеді.


Көрсеткіштер: ӨКЖ жүйесі қаншалықты тиімді жұмыс істейді

Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасына сәйкес 2030 жылға қарай қалдықтарды өңдеу деңгейін кем дегенде 40 пайызға жеткізу керек. ӨКМ-ді енгізу кезінде қалдықтарды өңдеу деңгейі 2,7 пайызды құрады. Ал ӨКМ-ді енгізгеннен кейін 14 пайызды құрады. 2018 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауында шағын және орта бизнес субъектілерін тарту арқылы тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу және жаңа өңдеу технологияларын пайдалану туралы шаралар қабылдауды тапсырды. ӨКМ енгізілгенге дейін қалдықтарды өңдеу саласында 115 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істеді, ал бүгінгі күні олардың саны 17-ге жетті.

ӨКМ операторы экологияны қорғау моделі бойынша әлемнің дамыған елдерінде қолданылады.

ӨКМ тәжірибесі мен моделі әлемнің дамыған елдерінде сәтті қолданылуда. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кіретін елдерде алғаш рет енгізілген ӨКМ қағидаты қазір бүкіл әлемде қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылатын мемлекеттерде сәтті қолданылып келеді. Сондай-ақ өндірушілер мен импорттаушыларды нарыққа шығарған өнімі үшін жауап беруге міндеттейді. 

Министрлік тарапынан берілген тапсырмаға сәйкес, оператор энергия қалдықтарын пайдалануды ұйымдастыру үшін инвесторларды іздеумен және тарту жұмыстарымен айналысады.

Энергия қалдықтарын пайдалануды енгізу кезінде республиканың 6 аймағында, атап айсақ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Тараз, Ақтөбе, Қарағандыда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін 2025 жылға қарай 30 пайызға жеткізу көзделген.


ӨКМ операторы қалдықтарды өңдеу және пайдалану саласында жұмыс істейтін кәсіпорындарға қолдау көрсетіп келеді. 

Қазақстанда қатты қалдықтарды жинау ақырындап енгізілуде. 2018-2019 жылы оператордың қаржылық қолдауымен еліміздің 10 облысында және Нұр-Сұлтан қаласында бөлек жинауға арналған 12 196 контейнер орнатылды. Ал 8 аймақта 147 қабылдау пункті, 28 дана арнайы автокөлік сатып алынған. Сонымен қатар республиканың 11 өңірінде құрамында сынабы бар лампалар мен химиялық қуат көздеріне арналған 2321 контейнер орнатылды.

Қатты қалдықтарды бөлек жинауды тағы төрт қалада енгізу мәселесі қарастырылуда. Нақтырақ айтқанда, Ақтөбе, Семей, Түркістан және Өскеменде.

Айта кету керек, бұған дейін Қазақстанда ӨКЖ енгізілмей тұрып, инвесторлар Қазақстандағы осы саланың болашағы бар деп ойламаған, сол себепті жүйені жетілдіруге қаржы құймаған. Осылайша, ӨКЖ операторына еліміздегі қалдықтарды пайдалану үшін инфрақұрылым құру міндеті, сонымен бірге қалдықтарды жинау, тасымалдау, өңдеу, жою, пайдалануды ұйымдастыру жауапкершілігі жүктелген. Сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттерде де қалдықтарды өңдеуге арналған жүйе бар. Мысалы, Ресейде қалдықтарды өңдеуді жинау 2012 жылы, ал Беларуссияда 2014 жылы іске қосылған. 


Пайдалануға жарамайтын автомобильдерді өңдеу қалай жүріп жатыр?

Қоршаған ортаны көлік саласының қалдықтарынан қорғау кенеттен қабылданған шешім емес. 2013 жылы мамыр айында сол кездегі ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев  "жасыл экономикаға" көшу жөнінде тұжырымдама қабылдады. Оның негізгі бағыттары - қалдықтарды басқару және экологиялық таза көлікті дамыту.

Шаралардың дәл уақытында қабылданғанын ескі көліктерді жинағанда шыққан нәтижелерден көруге болады. Елімізде бұл бастаманың енгізілуі бірден бірнеше мәселені шешуге мүмкіндік бермек. Біріншіден, қоршаған ортаға, адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне зиян келтіретін ескірген автомобильдерді автопарктен шығару, екіншіден, автоөңдеу саласын дамыту үшін қажетті ынталандыруды қалыптастыру, үшіншіден, отандық автомобиль индустриясының дамуына қосымша серпін жасау және алынған шикізатты екінші реттік пайдалануға мүмкіндік береді. 

Оператор көлік құралдарын өңдеу саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Автоматты қайта өңдеу саласы нөлден бастап құрылды. Қарағанды ​​облысында Орталық Азияда баламасы жоқ жоғары технологиялық зауыт салынды. Соңғы технологияларды қолдану автокөліктен алынған компоненттердің 90 пайызын пайдалануға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ӨКЖ операторы қазақстандықтардың экологиялық мәдениетін дамытуда. ӨКЖ операторы халықтың экологиялық білімі мен экологиялық мәдениетін арттыруға көп көңіл бөледі. Нұр-Сұлтан, Петропавл, Теміртау, Семей қалаларында білім беру жобалары іске қосылды, сондай-ақ қатты қалдықтарды бөлек жинау қолға алынды. Жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл күшейтілді. Қалдықтарды басқару мәселелері бойынша әр түрлі жастағы азаматтардың хабардарлығын арттыруға бағытталған кешенді жұмыс жүргізілуде.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды